Пән: математика | Мектеп: № 127 жалпы орта білім беретін мектебі | |||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1В.Сандармен амалдар орындау. Есептер | Мұғалімнің аты жөні: Ускенбаева Мөлдір Кудайбахытовна |
|||
КҮНІ:
Сыныбы: 2 «Ж» |
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы: | Қосудың ауыстырымдылық қасиеті. | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.1.2.3.**қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану | |||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар:бір,екі таңбалы сандар арқылы ауыстырылымдық қасиеттері бойынша есептерді анықтайды
Көптеген оқушылар: қосудың ауыстырымдылық қасиеттерін қолданып, өрнектер құрастырады Кейбір оқушылар: бір, екі таңбалы сандарға қатысты қосудың ауыстырымдылық қасиетін тиімді есептеулермен көрсетеді |
|||
Бағалау критерийлері | Қосудың ауыстырымдылық қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолданады | |||
Тілдік мақсат | Пәнге тән лексика мен терминология:
Ауыстырымдылық қасиет, а+b=b+a Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркес -Аттракционда барлығы қанша бала бар? — Бос торкөздерде қандай сандар тұрады? -Сен нені байқадың? |
|||
Құндылықтарды дарыту | Топтық және жұптық жұмыстарда өзгелерді тыңдау,өзгелердін пікірімен санасу,өзара құрмет,адамгершілік,достық ,жолдастыққа баулу. | |||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану: 2.2.4.1 туризмнің негізгі түрлерін ажырату | |||
АКТ қолдану дағдылары | оқушылардың көру, есту, ойлау, есте сақтау дағдыларын
қалыптастыру. |
|||
Бастапқы білім | Оқушылар бастапқыдан сандарды ондықтан аттап
азайтуды,қосу кестесінен пайдалануды,жақшасыз және жақшамен берілген есептерді шығаруды біледі. |
|||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы
2 минут 4 мин |
Үйымдастыру кезеңі: Психологик дайындық:
«Сиқырлы гүл» әдісімен таныстыру. Тарелкеге су құйып оған мұғалім тарапынан жасалған гүл бүршігі салынады.Гүлдің бүршігі ашыла бастаған кезде оқушылар бір-бірінің қолын ұстап гүлмен бірге әрекет жасайды.Гүлмен бірге ашылады. Мұғалім оқушыларға сабақта сәттілік тілеп, оқушылардың көңіл күйлерін көтереді. Оқушыларды қима қағаздар арқылы топқа біріктіру: 1-топ:Тақ сандар 2-топ:Жұп сандар 3-топ:Екі таңбалы сандар Ө.Ж «Секундомер» әдісі Оқушылардың зейінін шоғырландыру және өткен сабақтағы жақшамен орындалатын есептерді пысықтау мақсатында қима қағазға жазылған өрнектерді шығарады Қ.Б: Мадақтау арқылы |
Жұп ,тақ,екі таңбалы сандар жазылған кима қағаз
Қағаздан жасалған гүл, тарелка және су Қима қағаздар және секундомер |
||
Сабақтың ортасы
5минут 7 мин 6 мин 7 мин 5 мин |
М.К. Ұ.Ж
Жаңа сабақтың оқу мақсатын анықтап алу үшін, сан жазылған үрленген шармен қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсіндіру 3 + 14= 17 Қосылғыштардың орнын ауыстырған мен, қосындының мәні өзгермейді. Бұны қосудың ауыстырымдылық қасиеті деп атайды. a + b = b + a 1-тапсырма Ұ.Ж «Айнамалы дөңгелек» әдісі Аттракционда барлығы қанша бала бар? 1.Әнуар алдымен ұл балаларды, содан кейін қыз балаларды санады. 2.Анар керісінше: алдымен қыз балаларды, содан кейін ұл балаларды санады. 3.Әнуар мен Анарға балаларды санауға көмектес. 12+3=15 3+12=15 Дескриптор: -санауға көмектеседі -барлығы қанша бала барын айтады Қ.Б: «Жарайсың!», «Керемет!» сөздері арқылы ынталандыру М.К 2-тапсырма Т.Ж.«Кім зерек» әдісі әр топқа тапсырмалар беріледі. 1-топ «Бұлттар» Өрнектің мәнін есепте. Қосындылардың мәндерін салыстыр. Сен нені байқадың? 2-топ «Күзгі жапырақтар» Өрнектің мәнін есепте. Жұбын таңда. Бос торкөздерде қандай сандар тұрады? Ойлан. 3-топ «Шарлар» Өрнектің мәнін есепте. Қосындылардың мәндерін салыстыр.Артық шарды тап. Дескриптор: —қосындылардың мәнін салыстырады —өрнектің мәнін тауып, жұбын анықтайды -артық өрнекті табады Қ.Б: топтар бір-бірін қызыл, сары,көк гүлдер арқылы бағалайды Сергіту сәті «Шыбын үстау»ойыны арқылы Шыбынды кім тез жылдам есептесе ұстай алады. 3-тапсырма Жұптық жұмыс «Орындап көр» әдісі а) 2 парақшадан алады және екі таңбалы сандардан қосуға арналған бір өрнек құрастырып, бір-біріне айтады; ә) қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып, өрнекті тиімді тәсілмен шығарады; б) ойыншылар бір-біріне таңдаған әдісін түсіндіреді және шешуін айтады; в) бірін-бірі тексереді. Ойыншы әрбір дұрыс шығарылған өрнек үшін ұпай алады. Кім артық ұпай жинаса,сол жеңеді. Дескриптор: -өрнек құрастырады -ауыстырымдық қасиетін қолданады -тиімді тәсілмен шешуін айтады Қ.Б: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау 4-тапсырма Ж.Ж «Математикалық көпіршіктер» әдісі Мысалдарды шығар. Түсіп қалған сандарды торкөздерге жаз. Бірдей жауаптары бар көпіршіктерді тап. Оларды сызықтармен қос және түспен боя. Дескриптор: —түскен сандарды жазады -бірдей өрнектерді қосады, бояйды Қ.Б: «Смайликтер» арқылы бағалау |
АКТ
Интербелсенді тақтада Косудың ауыстырымдылық қасиетин түсіндіру Оқулық оқулық оқулық Дәптер 26-бет |
||
Сабақтың соңы
2 мин 2 мин |
Кері байланыс
«Блиц сүрақтар» әдісі бүгінгі тақырыпқа байланысты қаншалықты меңгергеніне қарай, сөйлемді жалғастырады -Қосындылардың орны аусқанымен……. -Қосудың мәнін есептеуде……… «Бағдаршам» Жасыл түс-сабақты өте жақсы түсіндім.. Сары түс-сабақты түсіндім,сұрақтарым бар… Қызыл түс-сабаққа түсінбедім |
|||
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру
деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік, техникасының сақталуы | ||
«Секундомер» әдісінде саралаудың «Қорытынды» тәсілі бойынша барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да ,олардың нәтижелері әртүрлі болады
1-тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі бойынша кейбір оқушылар өрнекті орындағанда сыныптастарына қарағанда жылдам орындайды 2-тапсырма«Кім зерек» әдісінде саралаудың «Тапсырма» тәсілі бойынша білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. 3-тапсырма Жұптық жұмыс саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. 4- тапсырмада Жеке жұмыста«Математикалық көпіршіктер» әдісінде саралаудың Бағалау тәсілі бойынша оқушылар үнемі бағаланып отырады, қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін. |
Қ.Б: Мадақтау арқылы, «Жарайсың!», «Керемет!» сөздері арқылы ынталандыру, топтар бір-бірін қызыл, сары,көк гүлдер арқылы бағалайды,
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау, «Смайликтер» арқылы бағалау, «Бағдаршам» Жасыл түс-сабақты өте жақсы түсіндім.. Сары түс-сабақты түсіндім,сұрақтарым бар… Қызыл түс-сабаққа түсінбедім |
Топтық жұмыста,қаламмен жұмыс жасауда,сергіту сәтінде дене қимылдарын жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау |