Жаңа сабақтар

Лесова Айнур Шарипбаевна

Сабақ жоспары

Мұғалімнің аты-жөні: Лесова Айнур Шарипбаевна

Пән: қазақ тілі Мектеп №127 жалпы орта білім беретін мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым.

Сынып: 2 «Б» Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны: —

Сабақ тақырыбы: Дауыссыз б мен п. Нағашы әпке.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1.1.1 — тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.

2.2.3.1 — мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

2.3.4.1 – мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру.

2.4.1.3* — дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және емлесін сақтап жазу

Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін мазмұнын анықтайды; тірек сөздерді қолданып сөйлемдер құрайды;

-дауыссыз п пен б дыбыстарының ерекшеліктерін ажыратады;

Көптеген оқушылар: тірек сөздерді қолданып сөйлемдер құрайды;

п дыбысының б-ға айналу себебін ажыратады;

— Суретке қарап әңгіме құрастыра алады.

Кейбір оқушылар: Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтарға жауап береді; қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін мазмұнын анықтайды;

Бағалау критерийлері
  1. Тыңдалған материал бойынша түсінбеген сөздерді белгілеп, қойылған сұрақтарға жауап береді;
  2. Мәтін мазмұнын анықтауға мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суретке қарап сұрақ пайдаланады;
  3. Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
  4. Дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратады және емлесін сақтап жазады;
Тілдік мақсаттар: Оқушылардың тәжірбиелік сөйлеуіне «Нағашы әпке» және «нағашы» тірек сөздерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері.

Нағашы әпке – шешесінің әпкесі немесе сіңілісі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Нағашы әже деген кім?
  • Нағашы әпке деген кім?
  • Нағашы қандай туыс?
Құндылықтарды дарыту: Отбасы құндылықтарын дәріптеу. Отбасындағы адамдар мен достарына деген сенім, жанашырлық, сүйіспеншілік, бауырмалдық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал жасау.
Пәнаралық байланыстар Әдебиеттік оқу. 2.1.1.1 — шығарманың мазмұнын түсіну және қарапайым сұрақтарға жауап беру.
АКТ қолдану дағдылары Сын тұрғысынан ойлау, тыңдалым, көру, бір-бірін бағалау, өзін-өзі бағалау.
Бастапқы білім. Дауыссыз б мен п.П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, б-ға айналатынын біледі.

Нағашы әпке туыстық қатынасы туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері. Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5минут

Психологиялық ахуал : (Іс-қимыл арқылы көрсету)

Пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру:
Қазақ тілі – бал тілім,
Өзің барда шалқимын,
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін

Топқа біріктіру

«Мозайка» әдісі арқылы топқа біріктіру.

Оқушылар өздеріне берілген сурет қиындыларынан жыл мезгілдерінің суреттерін құрастырып шығарады.

1-топ «Көктем» 2- «Жаз»

3- «Күз» 4- «Қыс»

«Ойлан, топтас» әдісі

1- топ: ребус шешеді. Ребустың шешуі: нағашы сөзі.

2 — топ: Нағашы ата мен нағашы әженің кім екенін әңгімелейді.

3-топ: «Отбасы» тақырыбында берілген суретке әңгіме құрайды.

4-топ: туыстық атауларды жазады.

Сабақтың оқу мақсатын хабарлау

Бүгін сендер нағашы әпке туралы білетін боласыңдар.

Жыл мезгіл-дерінің суреттері

Суреттер,

сөздер жазылған қима қағаздары,

ребус.

Сабақтың ортасы

7 минут

6 минут

2 минут

7 минут

8 минут

(М.К. Ұ.Ж) 1 – тапсырма

«Ой қозғау» әдісі

Оқулықтағы мәтінді оқи отырып, нағашы әпкенің туыстығын айтып, мәтінде берілген сөздерден

п дыбысының б дыбысына өзгеру себебін анықтау.

Дескриптор:

— Мәтінді түсініп оқиды;

— Нағашы әпкенің туыстық байланысын анықтайды;

П дыбысының б-ға өзгеру себебін айтады.

Қ.Б«Смайликтер»арқылы кері байланыс

2 – тапсырма: Жұптық жұмыс

«Кластер» әдісі арқылы тұжырымды ойларын қарталарға түсіру. Берілген сөздерді оқып,

1-ші бағандағы сөздерді 2-ші бағанымен жұптастырып дәптерге жазу.

Дескриптор:

-ойларын картаға түсіреді

-сөздерді оқиды

-сөздерді жұптастырып жазады

Қ.Б «Жұлдызшалар»әдісі арқылы жүргізіледі.

Сергіту сәті «Жалғастыр ойыны»

Сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөз айту. Ол дыбыс дауысты ма, әлде дауыссыз ба себебін айту.

Алма, ағаш, шар, радио, орамал, … , … , …

3-тапсырма Жеке жұмыс «Сөзден сөйлем» әдісі

Берілген тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құра.

Дескриптор:

тірек сөздерді қолданады

-сөйлемдер құрайды.

Қ.Б«Смайликтер»арқылы кері байланыс

4-тапсырма

(Ж.Ж) «Сәйкестендіру» әдісі

Екі бағандағы сөздердің мағыналық байланысына қарай сәйкестендіріп жазу.

Дескриптор:

-сөздерді оқиды

-сөздерді сәйкестендіріп жазады.

ҚБ «Жарайсың!», «Жақсы», «Ойлан» сөздері арқылы ауызша бағалау.

5-тапсырма Ұ.Ж «Микрофон» әдісі

Сурет бойынша досының туған күніне тілек тілейді.

Дескриптор:

Өз ойын ауызша айтады;

-Өз ойын жүйелі жеткізеді;

ҚБ «Жарайсың!» смайлик арқылы бағалау

Қазақ тілі оқулығы

50 – бет

Жұлдыз-шалар

Жұмыс дәптері

37-бет

Смайликтер

Дәптермен жұмыс.

«Жарайсың!»

«Талпын»

«Ойлан»

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс (Ұ.Ж)

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

-Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?

-Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдың?

Үйге тапсырма: 24-жаттығу, 50-бетте.
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
1-тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлану үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар қойылады.

2-тапсырмада

«Қарқын» тәсілі арқылы кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді; көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі

3-тапсырмада

«Бағалау» тәсілі арқылы оқушылар үнемі бағалап отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып және оқушылардың қажеттіліктерін үнемі қадағалап отырылуы мүмкіндігін пайдаланамын.

4-тапсырмада

«Қорытынды» тәсілі

арқылы барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

Ауызша мадақтау, смайлик, әдісі, жұлдызша арқылы бағалау. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып,

жүйелі дұрыс бағалауға, бағыт- бағдар беруге ынталандырады.

Оқу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын ескертемін.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысынада сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Пән мұғалімі: Лесова А.Ш.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.