Алтын күз

МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай-бала бақшасы

Күз мерекесіне орай ұйымдастырылған Ортаңғы «ә» «Көбелек» тобының «Күз жомарт» атты ертеңгілігі

Дайындағандар: Ж.Напихова

Алтын күз

Жүргізуші.

Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар, баршаңызды күзгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзге нұр төгіп.
Мерекесі халықтың

Алтын күзді бастайық

Алтын күзге арналған

Ертеңгілігімізді бастайық

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

(Музыка әуенімен күз келеді көңілсіз.)

Күз: Сәлеметсіңдер ме балалар! Қандай әсем әндерің, қандай әсем жырларың.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе күз! Неге көңіл-күйің жоқ?

Күз: Балалар менің ғажайып таяқшам жоғалып кетті. Ол таяқшаны таба алмасам күз мезгілі болмайды ғой.

Жүргізуші: Балалар күздің көңіл-күйі болмай тұр. Күздің көңіл-күйін көтерейік. Біз әр түрлі ән мен би білеміз ғой, кәнекей, күзді бізбен бірге көңілді ән айтуға шақырайық.

Ән: «Күз келді»

(Ән айтып болған соң балалар орындарына отырады.

(Қолайсыз ауа-райы кіреді)

Қолайсыз ауа-райы:

АПЧХИ!К күн күркіреп жаңбыр жаусын, жердің бәрі балшық болсын. Алтын күз келмесе менің уақытым келеді. Өз жұмысымды қолға алайын.

(балаларға су бүркіп, жел соқтырады)

Күз: Тоқтай тұр сен не істеп түрсың? Әлі далада алтын күзде келген жоқ.

Қолайсыз ауа-райы:

Сенің уақытың өтіп кетті, енді менің уақытым келді. Сондықтанда менің жолымнан былай тұр.

Күз:

Непогодушка тоқтай тұр. Менің алтын тақшам жоғалып кетті. Мен ол таяқшасыз ағаштарды, ормандарды сары түске бояй алмаймын ғой.

Қолайсыз ауа-райы:

Таяқшам жоғалып кетті деймісің? Енді не істейміз? Жарайды мен сендерге көмектесейін. Жапырақтардың жасыл түсін кетіру керек пе? Қане жаңбыр тамшылары бұлттардан түсіп, жапырақтарды дұрыстап жуыңдар.

Ән: «Жаңбыр»

Күз:

Жоқ бұлай болмайды. Жапырақтар сол күйі қалды.

Қолайсыз ауа-райы:

Уайымдама алтын күз. Анау келе жатқан кім екен?

(Қолайсыз ауа райы кетіп қалады)

(саңырауқұлақ киімін киген бала және көп саңырауқұлақтар келеді)

Саңырауқұлақ:

Сәлем Алтын күз!. Сені қылқаламын іздеп жүр деп естідім. Алтын күз сен ғажайып қылқаламыңды жоғалтып алған соң ормандағы ағаштар әлі сары түске боялмай жатыр.

Саңырауқұлақ:

Тұра тұр алтын күз, сен жалғызсың ал біз мұнда өте көппіз. Сендер алтын күздің ғажайып қылқаламын көрген жоқсыңдар ма?

Саңырауқұлақтар:

Жоооқ көрмедік.

Саңырауқұлақ:

Қане саңырақұлақтар, ендеше, ортаға шығып билеріңді көрсетіңдер.

Би: «Саңырауқұлақтар»

Жүргізуші:

Балалар енді неістейміз? Алтын күз болса мұңайып жүр. Қылқаламды қайдан іздесек болады.

(жалмауыз кемпір өлең айтып үйшігін қылқаламмен бояп жатады.)
Жалмауыз кемпір:

Үйшігімді әдемілеп бір бояп қоймасам, ескіріп кетті. Өңі кіріп қалсын.

Жүргізуші:

Балалар алтын күздің қылқаламы жалмауыз кемпірде екен. Қане жалмауыз кемпір алтын күздің қылқаламын қайтар.
Жалмауыз кемпір:

Жооқ мен бұлтқаламды тауып алғанмын. Тапқан тапқандыкі, ешкі баққандыкі.

Жүргізуші:

Бірақ бұл қылқаламды алтын күз жоғалтып алған. Қылқаламсыз алтын күз жапырақтарды сары түске бояй алмайды ғой.

Жалмауыз кемпір:

Қуларын қарашы мыналардың. Немене маған мына түсі кеткен үйде тұр деп тұрсыңдар ма? Олай болмайды.

Жүргізуші:

Енді не істейміз? Жалмауыз кемпірден қылқаламды қалай алсақ болады? Таптым, біз оған қонаққа барайық.

(есікті тоқылдатады)

Жалмауыз кемпір:

Бұл кім?

Жүргізуші:

Бұл қонақтар ғой.

Жалмауыз кемпір:

Қайдағы қонақтар, ешкімді кіргізбеймін.
Жүргізуші:

Қонаққып кіргізгің келмесе, бізді өзіңе қызметші ғып аларсың.

Жалмауыз кемпір:

Қызметші ғып дейсіңдер ме? Қане маған қандай жұмыс істей алатындарыңды айтыңдаршы?

Жүргізуші.

Біз ән айтып, би билей аламыз және бақшаңды да жинап бере аламыз, тамақта пісіре аламыз, ойын ойнаймыз.

Жалмауыз кемпір:

Қане ойындарыңды көрейін.

Ата-аналармен «Кім жылдам» ойыны ойналады.

Ойын шарты: Ортада саңырауқұлақтар жатады.(саңырауқұлақтарды тоқып жасауға немеса қағаздан жасауға болады) Саны ойнайтын адам санынан біреуі кем болу керек. музыка қосылғанда ата-аналар билеп жүреді, музыка тоқтаған кезде ата-ана бір саңырауқұлақ алып үлгеруі керек. кімге саңырауқұлақ жетпейді сол ойыннан шығады.

(жалмауыз кемпір ойын ойнауға көмектесіп жүріп, қылқаламды жерге қояды.Жүргізуші қылқаламды алып алады)
Жалмауыз кемпір:

Қой мен сендермен ойнап жүріп жұмысым жайында қалды, барып жұмысымды аяқтайын.
(сібірткісін алып бояй бастайды)
Жалмауыз кемпір:
Түсінбедім?
Жүргізуші: Бұл сенің сібірткің ғой.
Жалмауыз кемпір: Сібірткісі несі? Ал қылқаламым қайда?
Жүргізуші: Жалқауланбай, іздеп көр!
Жалмауыз кемпір: Қап бәлем! Мыналар мені алдап түсірді.
(жалмауыз кемпір үйіне кіріп кетеді. Алтын күз кіреді)
Жүргізуші:
Міне алтын күзде көңілді келеді. Ал, балалар, енді алтын күзге арнаған тақпақтарымызды айтып берейік.

1,Гаухар:

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

2.Н.Раяна:

Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.

3.Айсұлтан:

Көптен күткен күз келді
Жеміс жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Ағаштардан түседі

4.Әбілмансур:

Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

5.Айсара:

Күздің караша айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр, сыбдыр түседі

6.Нұрсанат:

Күзім-ау күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау

7.Ақбота:

Ой балалар балалар

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты

8.Аймекен:

Кездескен соң күзімен

Бұтағынан үзілген

Әр жапырақ сары алтын

Айналаның бәрі алтын

9.Іңкар:

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

10.М.Раяна:

Мейірлі күз,мырза күз

Сыйлығыңа ырзамыз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз

11.Ибраһим:

Өрік, шие,

Алма ,алша

Жидек, жүзім піседі

12.Жансерік:

Қауын ,қарбыз ,

Қияр, сәбіз

Қоймаларға түседі

13.Балиіс:

Ұшты талдан жапырақ

Сары көйлек секілді

Аспанда жәй шатырлап

Тамшы жерде секірді

14.Бейбарыс:

О, алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунар ма еді жатып –ап

15.Әлихан:

Келші , келші алтын күз

Келші ,келші жарқын күз

Мерекені жалғастырып

Ойнап күлші алтын күз

16.Диас:

Мен алмамын, алмамын

Тамсандырар бал дәмім.

17.Ислам:

Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін

18.Сұңқар:

Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың

19.Медет:

Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін.

20.Аякөз:

Берекелі, мерекелі,

Келді жомарт алтын күз.

Қалада да, далада да,

Жаның бәрі жарқын күз.

21. Кәусар:

Көкөністі көп ектім,

Өссін, піссін деп ектім.

Көктемде еккен көкөніс,

Күзде берді көп өніс.

22.Жебе:

Берекелі, мерекелі,

Келді жомарт алтын күз.

23.Хақназар:

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

24.Әли:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Ән: «Күз тамаша»

Би: «Жапырақтар»

Күз:

Ой, балалар, өнерлі екенсіңдер, сендерге алғысым шексіз.

Балалар сендерге менің ғажайып қылқаламымды тауып бергендерің үшн үлкен рахмет. Сендерге арнап әкелген менің сыйлықтарым бар.

(балаларға бір себет алма таратып береді) Ал енді сау болыңдар.

Жүргізуші:

Осымен күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды, уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше