ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМ ЫТУ

Напихова Жарқын Шайдоллақызы
Атырау облысы Қызылқоға ауданы
МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай-бала бақшасының тәрбиешісі

Кіріспе

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес»-деп, В.А.Сухомлинский айтқандай, ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдардың бірі.

Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс – әрекетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай – ақ заман ағымына да белсене қатысады. [1.5 бет]

Балабақшаларда оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс – әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.
Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Ойын баланы неге үйретеді?
Баланы өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа, байсалдыққа, тапқырлыққа үйретеді. Бала үшін ойын өзін – өзі жетілдіру мен өзін – өзі көрсетудің құралы. Баланы ойынға қызықтыра отырып, оқу қызметін ойын түрінде күрделендіре түсу керек.
Ойын баланың ойлау қабілетін жетілдіре отырып, оның қиялын дамытады. Бала жалғыз ойнағанды ұнатпайды, ол қатар құрбыларымен бірлесіп ойнай отырып бір – бірімен қарым қатынас жасайды.
Оқу қызметінде қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді.
Ойынның түрлері:
• Ұлттық ойындар
• Сюжетті рольді ойындар
• Дидактикалық ойын
• Қимылды ойындар
Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды тәрбиеші мен баланың бірлескен оқу қызметінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. [2.13бет]

Ойын оқу қызметінің басында өткен сабақты еске түсіреді. Оқу қызметінің ортасында- көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, оқу қызметіне ынтасын арттырады. Оқу қызметінің соңында – тақырыпты бекіту, оқу қызметінде алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын-балалардың жігер-күшін, ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан балабақшада балалар ойынды көп қажет етеді. Мысалы, балабақшада қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатқан жөн. Ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін оқу қызметініңтақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. [6.42бет]

Тәрбиеші ойынға тек қана баланы қызықтырып қоймай, бес саланы білім берудің негізгі құндылығы деп түсінсе ғана өз мақсатына жете алады.
Ойын түрлерінің тәрбиелік мәні зор, ол әрбір адам денесінің дамып жетілуіне пайдасы мол. Ойын үстінде балалардың бойындағы барлық дерлік психологиялық процестері, сезімдері мен эмоциялары, ерік – жігер қасиеттері шыңдалады, мінез – құлық айқындала түседі.
Бала өзіне жаңалық болып сезілген әрқилы нәрселерге еліктегіш келеді. Бала осы қасиетімен өз қабілетімен ерекшеліктерін аңғартады. Баланың жағымсыз мінезінің байқалатыны да осы тұста. Тәрбиеші ойын барысында тілдің дыбыстық мәдениетінің барлық жақтарын жетілдіруге, сұраққа толық жауап беруге, баланы үйретіп отыруы керек.
Үлкендер өзіне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, мектеп жасындағы балалар сабақ үстінде, ал мектеп жасына дейінгі балалар өз психологиясын ойын үстінде байқатады. Балалар ойын арқылы күрделі әрекеттерді, білімді үйренеді және үлкендер де үйретуге тиісті. Ойынның өз мақсаты, жоспары болады. Ойын мен еңбектің бір – біріне ұқсас сипаттары көп, кейбір педагогтар, ғалымдар «Жақсы ойын – жақсы жұмыс сияқты да, ал жаман ойын – жаман жұмыс сияқты» деген. Баланың қуанышы мен реніші ойын арқылы байқалады
Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшеліктері: бала ойланады, эмоциялық әрекетке ұшырайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өздігіндей қуаныш, реніш сезімге бөленеді. Ойын арқылы балалардың сөйлемдерді айту, сөйлем құрай білу, сурет бойынша әңгіме құрап айта білу, сондай – ақ әр баланы сөйлете отырып өз ортамен қарым – қатынасқа түсіп ашылуына себеп болады.
Ойындарда күтілетін нәтижелер:
1. Ойын – тәрбие құралы, ақыл – ойды, тілді ұштастырады, сөздік қорды молайтады, өзін қоршаған ортаны танып, мейрімділік сезімге тәрбиелейді.
2. Еркін мінез – қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
3. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
4. Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
5. Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан – жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы танып түсінуге де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып бір – бірімен жақсы қатынаста болады. Ойын үстінде де бала өз денсаулығын қимыл арқылы нығайтады. Ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға яғни ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмір қажеттіліктерінен туады. Психологиялық жақтан денсаулықтынығайтуға негізделген.

Тәрбиеленушілерді заман талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы – сезімі жоғары, ұшқыр ойлы, белсенді, креативті, кез келген ортаға бейімделетін, өзін-өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орны ерекше. .

  1. Ойынның әлеуметтік – мәдени белгілері, ойынның әлеуметтік мәдени байлықты, тәрбие потенциялын игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.
  2. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі.Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді.
  3. Коммуникативтік ойын. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді.
  4. Ойынның диагностикалық функциясы. Жеке тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.
  5. Ойынның емдеу функциясы. Ойын адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады.
  6. Ойынның түзету функциясы. Түзету ойындарының тәртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін балалар үшін көмегі зор.
  7. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді. [4.16 бет]

Білім беру саласы: Коммуникация

Кіріктірілген білім салалары:

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Блок тақырыбы: «Табиғат аясында»

ҰОҚ тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: Үй жануарлары және оның төлдері туралы білімдерін толықтыру. Жануарлардың төлдерін ажырата білуге үйрету.

Білімділігі:

Балаларға үй жануарлары туралы, олардың пайдасы , маңызы туралы түсінік беру.

Дамытушылығы:

Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ақыл-ойларын дамыту.

Тәрбиелілігі:

Үй жануарларына қамқорлық жасау.

Әділ-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету

Көрнекіліктер мен құралдар: Үй жануарларының, төлдерінің суреттері

Шаттық шеңбері:

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Көп танысты көреміз,

Алдымыздан кезіккен

Бәріне де ізетпен,

Иіліп сәлем береміз.

1-сурет

Балалар, мынау не?

Дұрыс айтасыңдар, әдемі үй.

Ал, үй қандай геометриялық пішіндерден тұрады?

Үйдің нелері болады?

Дұрыс айтасыңдар.

Балалар, сендердің де әдемі үйлерің бар, сол үйде кімдер тұрады?

2-сурет 3-сурет

Аналарың сендерді еркелете ме?

Қалай еркелетеді?

Құлыным, ботам, қозым деп еркелетеді ме?

-Иә, сендерді ата-әжелерің, ата-аналарың осылай төлдердің атауымен еркелетеді екен.

-Ендеше, ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның еркелеткенін өлең шумақтарымен айтып көрейікші.

Атам мені құлыным дейді

Әжем мені ботам дейді

Әкем мені шырағым дейді

Анам мені қозым дейді

Ал, шынында мен кіммін?

Мен ақылды баламын.

-Жарайсыңдар, балалар!

Тосын сәт:

4-сурет

Ата:

Амансыңдар ма, балалар! Ғафу етіңдер, бұл қай жер екен?

Тәрбиеші:

Балабақша

Ата:

Қандай балабақша?

Тәрбиеші:

«Нұр-Шуақ бөбекжай-бала бақшасы

Ата:

Естілмейді, қандай балабақша?

Ата:

Мен боранда ығып кеткен төлдерімді іздеп жүрмін, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Көрмедіңдер ме?

Тауып берсеңдер сыйлығым бар.

-Ата, келіп қалған екенсіз, төрлетіңіз. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбыда «Үй жануарларының төлдері» туралы болмақ.

Ата:

Жарайды, балалар, ендеше,мен сендерге таба алмай жүрген төлдерімнің суретін көрсетейін, ал сендер атын атап, дауысын салып беріңдерші.

(атаға көмектесемін,сиыр, жылқы, қой, ешкі, түйе, ит, мысықтың суреттері көрсетіледі)

5-сурет

Жарайсыңдар, балалар! Ата, уайымдамаңыз, төлдеріңіз табылады. Ал, енді бәріміз бойымызды сергітіп алайық

Сергіту сәті:

«Қошақаным» әнім

6-сурет

-Балалар, қошақанның дауысы естілетін сияқты, тыңдаңдаршы.

Ата:

Ой, балалар, менің төлдерімнің дауысына ұқсайды екен.

(Бала жүгіріп кіреді)

7-сурет

Бала:

Сүйінші, сүйінші ата сіздің төлдеріңізді тауып алдым.

Ата:

Рахмет балам, өркенің өссін! Сүйіншіңді ала ғой.

(Төлдер кіреді, төлдердің дауысы үнтаспадан естілу керек)

-Ата, ендігі кезекті төлдеріңізге берсек, өздері туралы айтып өтсін.

Айару: (бұзау)

Тентек болма ақ бұзау

Еріешек болма ақ бұзау

Кең далада сенімен,

Жарысып мен жүгірем

Айназ:(лақ)

Шөре-шөре лағым

Тентек болма шырағым

Секектеме деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Дария:(құлын)

Құлыншағым-құндызым

Құлдырайды шабады

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

Еркебұлан:(мысық)

Мысығым менің мысығым

Аяғыма оралды

Қашып барып жасырын,

Сүттің бәрін қотарды.

Жалғас:(күшік)

Күшігім менің күшігім

Барлығы оны мақтайды

Мақтаса да барлығы,

Менен алыс қашпайды.

8-сурет

Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап»

Ойын шарты: Үй жануарларының төлдерін тауып, қастарына орналастыру

9-сурет

Қорытынды:

Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі не жайында болды?

Үй жануарларына нелер жатады?

Төлдерін атаңдар?

Қонаққа кім келді?

(Видеоролик тамашалау. Үй жануарларының дауысын естірту, төлдерін атату))

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма?

Ұнаса кәне, бәріміз күлейікші, ендеше, мына күлегеш смайликтер сіздер үшін!

Қане,балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен,бақташы атаймен қоштасайық.

Қане балалар тұрайық ,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Аман – есен болайық!

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Үй жануарлары мен төлдерін,олардың тіршілік ету ерекшеліктерін;

Қандай түсініктерді игерді:

Үй жануарлары қолға үйренген жануарлардың түрлері екенін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады:

Үй жануарларын күтіп-баптауды,оларға қамқорлық жасай білуді;

Қорыта келе айтқанда: Ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді дамытады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтуге тәрбиелейді. Ерлік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. Дене күшінің жетілуіне көмек береді. Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

«Білімді ұрпақ-болашақ кепілі» дегенді жиі айтып жүрміз. Біз, тәрбиешілер болашақтың негізін қалаудамыз. Біздің ұрпақтарымыздың елімізді Мәңгілік ел тұғырына көтеретініне сенімім мол. Бұл тұста ерекше ескеруге тиісті мәселе – Президент айтқандай, «Қазақстан-2050» стратегиясы – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Барша педагогтар болып күш біріктіріп, жұмыс жасау – табысқа жетуіміздің нақты кепілі. Елбасының «Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады» деген сөзі ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеді. Біз Мәңгілік ел болуға қарай қадам бастық. Ел Президентінің Мәңгілік ел идеясы –халықтың үміті мен тірегі. Біз Елбасы тілегін қостаймыз. Тілекке тілек, білекке білек қосып, күш біріктіріп, Отанымыз үшін еңбек етуге дайынбыз!

«Ұлт – данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді» деген сөзбен ойымды аяқтағым келеді. Төмендегідей ұсыныс айтамын;

Тәрбиешілер ойынға деген тәрбиеленушілердің саналы көзқарасын қалыптастыру мақсатында ата- аналармен бірігіп жұмыс атқарса;

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бастауыш мектеп №4,2008ж.

  2. Б. Сманов. Қазақ әдебиеті (әдістемелік нұсқау). Алматы., «Мектеп»,2003.

  3. Қазақстан мектебі №5,2003ж.

  4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. №4, 2003ж.

  5. Қазақстан мектебі журналы. №4, 2009ж.

  6. «Мұғалім және заң» журналы. №6, 2009ж.

  7. «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы» журналы. №8, 2009ж.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше