Газизова Айда Сериковна
Атырау қаласы ЖШС «Жас Батыр Атырау» балабақшасының
Бейнелеу маманы Газизова Айда Сериковна
Тақырыбы: “Піскен алмалар” Қорытынды ашық оқу қызметі.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиясының картасы
Күні,айы,жылы: 23.05.2019
Тақырыбы: Піскен алмалар
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет салу
Мақсаты:Балаларды гуашьпен таныстыруды бекіту. Гуашьпен, губкамен бастыра отырып дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды жалғастыру. Түрлі түсті білуді бекіту. Сурет салуға қызығушылықты қалыптастыру. Қолдың ұсақ қимылдарын дамыту.
Ыждағаттылыққа пен ұқыптылыққа тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, орындату, сұрақ-жауап. Д/о: «Жемістердің айырмашылығын ата»
Көрнекілері мен құралдар: Түрлі- түсті гуашь, губка, слайд, жұмыс дәптер, үлгі суреті.
Билингвалды компонент: алма-яблока-apple
| Әрекет
кезеңдері |
Тәрбиеші іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру
(талпындыру) |
Педагог балалармен амандасып, шаттық шеңберге тұрғызады.
Алақанды ашайық Күннің көзін жасайық Таза ауада қол сермеп Жүрек жылуын жасайық Мейірімділік шоғын біз Қонақтарға шашайық Салеметсіздерме Здраствуйте Good moning Балалар мен балабақшаға келе жатқанда жолдан сиқырлы қорапша тауып алдым. Сіздерге қызықпа ендеше мен қорапшаны ашып қарайын. Балалар мында шақыру билеті бар екен, қане қарайын бізді қайда шақырып жатыр екен. Балалар бізді жемістер бағына саяхатқа шақырып жатыр және жемістер бағында тапсырмалар бар екен, егер біздер тапсырмаларды орындасақ бізге сыйлықтар береді екен. Жемістер бағында көптеген жемістер бар, мен жемістерді өте жақсы көрем, сендер менімен бірге жемістер бағына барғыларын келеме? Сендер сурет салғанды ұнатасындарма? Жарайды онда мына менің қолымдағы түрлі түсті қарындаштарды басымызға киіп жемістер бағына аттанайық. (музыка ойналады) |
Балалар педагогпен амандасып, орындарына жайғасты.
Жаттығу арқылы шаттық шеңбер жасады Иә барамыз Балалар бастарына түрлі түсті қарындаштарды киіп жеміс бағына кетеді. |
| Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру | Педагог балалар бәрі жемістер бағына жетіп аралап жеміс ағаштарымен танысады. Тақтада слайдпен жұмыс. Балаларға жемістердің суретін көрсете отырып олардың түсін, пішінін, пайдасын, дәмін сұрақ қою арқылы айтқызу. Қорапшаның ішінде тапсырмалар бар.
1 тапсырма : Алманың суретін салу. 2 тапсырма: Ағаштарға су құю -балалар осы тапсырмаларды орындаймызба? Егерде осы тапсырмаларды орындасақ бізге мадақтау қағазын береді екен. Жарайды ендеше бәріміз орнымызға жайғасайық. Балалар мен бүгін сіздермен өте қызықты құралмен сурет салғым келіп тұр . Мен сіздерге алманын суретін қалай салу керектігін түсіндіріп өтейін. Біз бүгін дәстүрден тыс сурет саламыз яғни гуашьпен, губканы пайдалана отырып, алманың суретін трафарет арқылы бастырып саламыз. Тақтада неше алма көріп тұрмыз? Олардың түстері қандай? Алманың дәмі қандай? Педагог балаларға сурет салудың жолын көрсетеді. Қолымызға дымқыл губканы алып 1ші алмамызды қызыл түспен, сары түспен жасыл түспен бастырамыз және алманың жапырақтарын жасыл түспен бастырып саламыз. Балалар жұмысы. Жеке жұмыс. Сергіту сәті. “Арам зам зам” |
Балалар жемістер бағына келді, ағаштармен танысты, слайдқа қарай отырып жемістердің пішінін, түсін, дәмін айтты.
Иә орындаймыз Балалар педагогтің айтқан сөздерін мұқият тыңдап, сурет салу жолдарына назар аударып өз жұмыстарына кірісті. 3 алма Қызыл, сары, жасыл Тәтті Балалар сергіту жаттығуын музыка арқылы жасады. |
| Рефлексия (орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою) | Педагог балаларды ұдайы мадақтап, қорытындылау.
Балалар қолдарына су құйғышты алып ағаштарды суарып шықты . Дидактикалық ойын”Бұл қандай жеміс?” Балалар көздерін жұмып қораптан бір жемісті алып, онын атауын, пішінін, түсін дәмін атайды. Жарайсындар балалар біздер жемістер бағында көптеген тапсырмаларды орындадық. Балаларды мадақтап мақтау қағазын табыстау. Енді балабақшаға қайтатын уакытта жақындап қалды. Балалар орындарынан тұрып, бастарына қарындаштарын киіп музыка арқылы айналып балабақшаға қайтады. –Міне балалар бізде балабақшамызға жеттік. Балалар біз қайда бардық? Қандай тапсырмалар орындадық? Ненің суретін салдық? Жарайсыздар қане қонақтарға сау болыныз айтып шығарып салайық. |
Балалар педагогпен салған суреттін қортындылап, әдемі салғандарына көз жеткізді.
Балалар дидактикалық ойынға белсене қатысты. Мадақтама қағаздарын қабыл алды. Балалар бастарына қарындаштарын киіп балабақшаға қайтты. Жеміс бағына Алманың суретін салдық, ағаштарға су құйдық Алманың суретін Балалар қоштасып кетеді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: губкамен сурет салуды
Қандай түсініктерді игереді: түстерді ажырата білуді, жемістердің аттарын атауды
Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: мұхтаж жандарға көмектесу керектігін
Картаны толтырған: Ғазизова А.С.
