Хайдарова Жансая Кенжебайқызы
Атырау қаласы ЖШС «Жас Батыр Атырау» балабақшасының
тәрбиешісі Хайдарова Жансая Кенжебайқызы
Тақырыбы: Сюжетті-рөлдік ойын «Зообақ» Ортаңғы топ «Жұлдыз»
Мақсаты:
1.Білімділік: Зообақ туралы түсінік беру,жабайы аңдармен таныстыру.
Олардың тіршілігі мен ерекшелігі туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық: Балалардың тілін дамыту.Сұраққа толық және өз ойларын еркін
жеткізуге баулу.Сөздік қорларын молайту
3.Тәрбиелік:. Жан-жануарларды қорғауға,қамқор болуға, сүйіспеншілікпен
қарауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Бүгін бізде ерекше күн,тобымызға қонақтар келген екен.Қане ,ендеше, қонақтарға әдемі күлкімізді сыйлайық.
Балалар: -Күлкі деген-кішкентай күн.Ол бізге шуағын шашады,жылуын береді.
Сәлеметсіздер ме,қонақтар!
Здравствуйте,гости!
Hello,guests!
Тәрбиеші:– Балалар,есімізге жабайы жануарларды түсірейікші.Менің қолымдағы допты бір-бірімізге жалғап бере отырып,бір аңды атаймыз: қасқыр,қоян,арыстан…
Балалар,бұл аңдарды біздер қайдан көреміз?
-Бұл аңдарды біздер кітаптардан,суреттерден,теледидардан көреміз.
-Ендеше,назарларымызды экранға аударайық(экраннан жабайы жануарлар топтамасы көрсетіледі)
Зообақ дегеніміз ол аңдардың бір жерге жиналған, топтастырған жері. Зообақта жабайы аңдар,құстарды кездестіруге болады.. Құстар ұшып кетес үшін,ал жабайы аңдар қауіпті болғандықтан оларды торға қамап қояды.Зообақта аңдарды адамдар еркін бақылайды. Бұл аңдарға қарайтын ,тамақтандыратын зообақта жұмысшылар бар.Зообақта қыста аңдарға ерекше көңіл бөледі.Оларға түрлі дәрумендер ,көкеністер,жемістер беріледі.Кейбір аңдар суыққа шыдамсыз
болғандықтан оларға арнайы жылы күртешелер тігіп кигізеді.
Тәрбиеші:Балалар,зообаққа барғыларың келеді ме,
Балалар: -Иә
Тәрбиеші: -Ендеше,біз сіздермен «Зообақ» ойынын сюжетке бөліп,рөлдерді сомдайтын боламыз.Алдымен, билет сатып алудан бастайды. Билеттерін билет тексеруші алып,балаларға сәттілік тілейді.
Тәрбиеші балаларды зообақта қызмет ететін қызметшілермен таныстырып,олардың атқаратын қызметі туралы айтып өтеді.
Балалар рөлдерге бөлініп,әрқайсысы өзіне тиісті рөлді сомдайды.
Телефон қоңырауы директорға шалынады:
-Алло,сәлеметсіз бе?бұл-зообақ пе екен?
-Иә,бұл зообақ.
-Сіз тапсырыс берген аңдарды жібердім,қабылдап алыңыз.
-Рахмет,сау болыңыз!
-Дәрігер!
-Неге шақырдыңыз
-Біздің зообаққа,жаңадан аңдар келді,оларды тексеріп алыңыз.
-Әрине.(Дәрігер денсаулығын тексеріп,оның дені сау екенін айтады)
Жаңадан келген аңдарды зообаққа көмекшілері апарып салады.
Экскурия жетекшісі (Самира) балаларды аңдармен таныстыра бастайды.Әр аңға жеке-жеке тоқталып өтеді.
-Балалар,мынау керік.Ол әлемдегі ең биік жануар.Оның мойны,аяқтары ұзын.Басында кішкене мүйізі бар. Түсі қызғылт сары,үстінде теңбілдері бар. Ол өсімдіктермен қоректенеді.
-Мынау аю.Ол-ақылды,иісті өте жақсы сезетін сезімтал,жыртқыш аң.Көбіне өсімдіктермен қоректенеді. Балалар,аю қалай жүреді? Кім аю туралы тақпақ біледі?
-Мына жануар-қоян.Ол жыртқыш аңға жатпайды.бірақ жабайы аң және қорқақ аң екен. Балалар,қоян қалай секіреді? Қоян туралы кім тақпақ біледі?
Балнұр: Ақ қоян-ау,ақ қоян,
Ұзын құлақ,сақ қоян.
Қаша берсең орманға,
Қорқағым деп ат қоям
-Мынау піл.Ол өте ірі жануар.Ол бізге Африка елінен келген.Оның мұрны ұзын,құлағы үлкен.Пілдер ауыр заттарды мұрнымен іліп алып жүре береді екен. Пілді цирк аренесынан да көруге болады екен.
-Мынау зебра жануары. Ол жылқыға ұқсайды.Ол өте қатты жүгіреді.ол да шөппен,көкөністермен қоректенеді.Зебраның терісі жолақ,жаяу жүргіншілер жолына ұқсайды.
Экскурсия жетекшісі:-Балалар,,аңдардың тамақтанатын уақыты болып қалыпты.
Балалар әр аңның сүйікті асын айтып,көмекші ағайларға ұсыналы.
Көмекшілер аңдардың тағамдарын апарып береді.
-Балалар,сендер шаршаған шығарсыңдар,қалған аңдарды келесі саяхатқа келгенде көресіңдер. Тобымызға қайтатын уақыт болыпты.
-Балалар,біз ойлау қабілетіміз ұшқыр,білімді екенімізді ойын барысында көрсеттік.
Барлықтарың да белсенді қатысып, рөлді жақсы сомдадыңдар. Жарайсыңдар!
