Ержанова Гульмира
Сабақ жоспары
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім:
Визуалды өнер |
Мектеп: №10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектеп КММ | ||||||||
| Күні: 20.09.2019 ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Ержанова Гульмира |
||||||||
| Сынып: 5 «а» | Қатысқандар саны: 13
Қатыспағандар саны: 0 |
||||||||
| Сабақтың тақырыбы | Натюрморт өнері | ||||||||
| Сабақ мақсаттары | 5.1.5.2-Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау. Оқушылар натюрморт өнері туралы толық біледі. Натюрморт өнерін түсіндіру. Оқушыларға натюрморт ұғымын қайталата отырып, толық мағлұмат беру, натюрморт салдыру арқылы оқушылардың шығармашылықтарын дамыту. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. | ||||||||
| Бағалау критерийлері | Оқушы оқыту мақсатында қол жеткізді егер:
|
||||||||
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады:
Визуалды өнер туралы ауызша және жазбаша түрде баяндама жасап ойын түсіндіріп береді. Натюрморт туралы түсіндіру. Пәндік тіл және терминология: Мәдениет, салт, дәстүр, ғұрып, өру, тоқу, ағаш ою, зергерлік, мүсіндеу, бедерлеу, көркем өңдеу,тоқу. |
||||||||
| Құндылықтарды дарыту | Өз сыныптастарының пікірлерімен санасу және құрметтеу.Қолжетімді мақсаттар қою, жаңа идеяларды қабылдай білу. | ||||||||
| Пәнаралық байланыстар | Тарих пәнімен байланыста болады. | ||||||||
| Тілдік терминология | Сурет, бейне –изображение -picture | ||||||||
| Бастапқы білім | Визуалды өнер портрет жанры туралы шолу. | ||||||||
| Сабақ барысы | |||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
| Сабақтың бастапқы кезеңі
8 мин |
1.Сәлемдесу
2.Оқушыларды түгендеу «Көңілді қалпақ» әдісі арқылы «Қобдишадағы сұраққа» жауап беріп, үй тапсырмасын пысықтау; Жаңа тақырып:«Натюрморт өнері» Бейнеролик ұсыну. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. Интерактив тақтасында сабақтың тақырыбы, мақсаты көрсетіледі. Натюрморт салу кезінде суретшілер қозғалыссыз заттарды бақылап, зерттей алады. Нәтижесінде көркем туындылар өмірге келеді. Натюрморттарды тамашалау – аса бір әсерлі сәт. Олардың бірінде суретші заттың пішінін, түсін, материалдың сұлулығын тамашалауға шақырады. Ал екіншісінде заттардың өзі кімге тиесілі екенін айтып тұрғандай. Натюрморттың екі түрі бар. Әдемі, сәнді заттарды бейнелейтін натюрморттар. Мұнда заттар өз сапасын, ерекшелігін көрсетеді. Екіншісі заттарды қолданған адамдар жайында сыр шертетін натюрморттар. Натюрморт салуды суретші оны құрастырудан бастайды. Ол әр түрлі заттарды таңдап салыстырып, солардың ішінде түр және мазмұны жағынан бір – біріне сәйкес заттарды іріктеп алады. Содан кейін суретші натюрморттың композициясын құруға кіріседі. Заттардың орнын қайта – қайта ауыстырып, ең ұтымды нұсқасын іздей отырып, суретші аса тартымды композицияға қол жеткізеді. Натюрморттағы заттардың орнын неше түрлі құбылтуға болады. Натюрморттың түрлері: |
Қол еңбегі құралдары мен жабдықтары. | |||||||
| Сабақтың ортасы
20 мин. |
Жаңа тақырып бойынша жұмыстар жасату.
Жеміс –жидектер топтамасы Геометриялық фигуралардан натюрморт |
||||||||
| Сабақтыңсоңы
6 мин. |
Оқушылар өздерінің салған суреттерін көрсетеді. Жұмыстар талқыланады. Жұмыстар критерийлербойынша бағаланады.
Рефлексия: «Себет» Не білдім? Не үйрендім? Не түсініксіз болды? Нені жақсарту керек? Не сәтті өтті? Осы сұрақтар бойынша оқушылар өздерінің жауаптарын қағазға (стикер) жазып, себетке салады. Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс. Оқушылар өздері қалаған заттарынан натюрморт топтамасының суретін салып келу. |
||||||||
| Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
| Оқушылар жұмыстың қиын немесе барынша жеңіл түрлерін қабілетіне қарай таңдай алады.Берілген ресурс бойынша талдап, сұрақтарға жауап береді. | Өздерінің және басқалардың жұмыстарын талдайды.
Сынып бағалауы. |
Құралдар және материялдарды қолданып жұмыс жасау кезіндеқауіпсіздік техникасының сақталуын міндеттеу қажет. | |||||||
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап
беріңіз. |
||||||||
| Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарданегекөңілбөлуқажет? |
|||||||||
