Рахимова Гульнур Аблезовна

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы «Алтын бала»

шағын орталығының тәрбиешісі Рахимова Гульнур Аблезовна

Білім беру аймағы: Қатынас.

Бөлімдері: Айналамен таныстыру.

Тақырыбы: Көлік түрлері

Мақсаты;Балалардың көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту, бауырмалылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Жүк машинасы,әуе шары, моторлы қайық.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ –жауап.

Көрнекіліктер: Көлік түрлері, мамандық туралы суреттер, ойыншықтар.

Тәрбиеші: -Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр.Алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Балалар келген қонақтармен амандасады.

Тәрбиеші: -Ендеше, біз бірімізге жылы лебізімізді берейік.

Күніміз жарқын болсын,

Аспанымыз ашық болсын.

Күніміз сәтті болсын,

Деніміз сау болсын.

Балалар: Бір-біріне жылы лебіздерін өлең жолдарымен білдіреді.

Тәрбиеші: -Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметінің тақырыбы «Көлік түрлері» деп аталады. Тақтадағы суреттерге назар аударайық. Көліктер әуе, су, жер көліктері болып үшке бөлінеді. Әуе көліктеріне ұшақ, тікұшақ, зымыран, ал су көліктеріне кеме, қайық, жер көліктеріне машина, автобус, велосипед,мотоцикл,поез т.б жатады.

Жер көліктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар жүк тасмалдаушы, жолаушыларды тасымалдаушы, ауыр және жеңіл машиналар. Бұл көліктердің бәрін арнайы маман иелері жүргізеді. Ұшақты ұшқыш, машинаны жүргізуші, кемелерді кеме капитаны басқарады. Ерте заманда мұндай көлік түрлері болмаған. Ол кезде көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйе арба жегіп жүк, адам тасымалдаған. Бертін келе ғылым мен техника дамыған заманда көлік түрлері көптеп шыға бастады. Көліктермен жол жүргізушілерді жолаушылар деп атайды. Жолаушылар жол жүргенде мәдени мінез –құлық ережелерін сақтауға міндетті. Көліктің пайдасы –адамның еңбегін жеңілдетеді, алысты жақындатады. Көліктерден бөлініп шығатын зиянды газдармен түтіндер қоршаған ортаның ауасын ластайды, адам ағзасына кері әсер тигізеді.

-Балалар, айтыңдаршы поезды білемізбе? Ол тегіс жолмен жүреме, әлде арнайы жолы бар ма?

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Тақтадағы суреттермен жұмыс жасайды.

Көліктер түрлерімен танысады.

Көліктер 3 ке бөлінеді;

1.жер көлігі

2.Әуе көлігі

3.су көлігі.

Тәрбиеші: Балалар сендер шаршадыңдарма?

Олай болса серігу жаттығуларын жасап серігіп алайық.

Сергіту сәті:

1,2,3,4,5 –машина жүргізуді бейнелейміз.

1,2,3,4,5- велосипед тебуді бейнелейміз.

1,2,3,4,5-самолет болып ұшуды бейнелейміз,

1,2,3,4,5- қайық болып жүзуді бейнелейміз.

Тәрбиеші: -Кәне, балалар, көлік туралы мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешесіңдер.

  1. Аспанда жүзеді,

Қанатын қақпайды,

Жерде де жүреді.

Бауырлап жатпайды.

  1. Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,

Қара тұлпар жүр әрі- бері көшіп.

Балалар

сергіту сәтін жасайды.

Қолдарымен рульді айдағандай болады.

Жұмбақты шешеді

-Ұшақ

-Поезд

Рефлексивті коррекциялаушы

Сонымен көліктер не үшін керек екен?

-Қандай көлік түрлері болады?

Тәрбиеші көлік туралы балалардың білімдерін пысықтап, балаларды мадақтап, бағалап сабақты қорытады.

-Жолаушыларды және жүкті тасымалдау үшін қажет.

-Құрлық су және әуе көліктері болады.

Нені білу керек: көлік түрлерін ажыратуға арналған тапсырманы;

Нені игеру керек: құрлық, су және әуе көліктерінің маңызын;

Нені біледі: алған ақпараттарын жүйелеп қорытындылай білу дағдыларын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше