Ержанова Алима Аладыровна

Маңғыстау обл,Жаңаөзен қаласы, Теңге кенті

«Теңге» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Ержанова Алима Аладыровна

Тақырыбы: «Алтын күз» Ертеңгілік.

Зал іші, мерекеге сай безендірілген.

Жүргізуші: Ержанова Алима Айладыровна

Жиылған қауым армысыздар бәріңіз,

Келіп жетті алтын дәнді сары күз.

Бірге болсын қуанышты мереке,

Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.

Армысыздар құрметті қонақтар,ата-аналар,ұжымдастар.Асыға күткен күз мерекесіде келіп жетті.Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз.

Біздің №13 «Ақбота» ортаңғы тобының « Алтын күз» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Балаларды зал ішіне көңілді әуенмен шақыру.

Бүгін мейрам,бүгін той

Қуаныш күн,біліп қой

Күзгі бақта сыңғырлап

Алақанды ұрып қой.

Қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық.

Қане енді біздің бүлдіршіндеріміздің әдемі де тартымды ән,тақпақтар,би ойындарын тамашалаңыздар.

Хор: «Күз бояуы»

Жүргізуші: Біздің балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін,табиғи құбылыстарын өте жақсы біледі.Сондықтан өлең жолдары арқылы айтып бермекші.

Күз жайлы тақпақтар:

Айару:

Күзім ау Күзім ау

Мінезің қызығау

Жаңбырың себелеп

Келгенің қызығау.

Берекет:

Күздің қазан айында

Алма алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр сыбдыр түседі.

Жаннұр:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жыйнауға

Шақырады біздерді.

Асау:

Күз мезгілі болғанды

Жемістер піседі

Балалар қуанып

Тәп тәтті деседі.

Жүргізуші:Ал,балалар,балалар!

Енді бері қараңдар!

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам

Таба алсаңдар шешімін

Қонақты ортамызға шақырам.

Жұмбақ:

Астық пісіп,орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Айтыңдаршы бөбектерім

Бұл қай кезде болады? / күз мезгілі/

Олай болса ,балалар,берекелі де,мерекелі Күз ханшайымын қарсы алайық.

Залға күз ханшайымы келеді.

Күз ханшайымы:

Беу халайық дарқан далам армысың,

Табиғаты жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр.

Алмақ болып бар халықтың алғысын.

Жүргізуші: Күз ханшайымы қош келдіңіз.Сізді көргенімізге өте қуаныштымыз.Біздің бүлдіршіндер өзіңізді тағатсыздана күткен болатын.

Қандай әдемісіз.Солай емеспе балалар?

-Ал балалар өнерімізді көрсетіп,мерекені тойлайық.

Айтыңызшы неге қолыңызға қолшатыр көтеріп алғансыз?

-Ия дұрыс айтасыңдар,күз мезгілінде жаңбыр көп жауатын болғандықтан,қолшатырымды өзіммен бірге алып шықтым

Күз ханшайымы:-Өйткені , балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Үш айды атайықшы.

Күз айларына арналған тақпақтарға кезек берейік:

Райана:

Мен қырқүйек айымын

Жылы күн райымын

Аспанда құстар шарлай бастайды

Алғашқы қоңырау қуантты жастарды.

Аяжан:

Қазанда қалқымыз

Тойшыл ол салтымыз

Береке байлығын

Беріп тұр алтын күз

Қыркүйекке еремін

Молшылық беремін.

Дәрен.

Күз мезгілі тамаша

Менің атым қараша

Қараша айында

Қыс қамын дайында.

Жүргізуші:Сұлу қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би:Листопад.

Ертеңгілігімізді ары қарай Жау жау жаңбыр әнімен жалғастырайық.

Хор: «Жау жау жаңбыр»

Күз ханшайымы: қолындағы қолшатырын балаларға ұсынынып ойын ойнауға шақырады.

Ойын: «Қолшатыр кімге бұйырады»

Күз ханшайымы:

-Балалар сендер өте ақылды ,алғыр,зерек балалар екенсіңдер.Сендерге таң-тамаша болып тұрмын жарайсыңдар.

Ал араларыңда Қошақаным әнін орындап білетін бала барма?Мен сол әнді өте жақсы көремін.

Ән: «Қошақаным» Орындайды: Мұратбай Аяжан.Худайберген Райана.

Жүргізуші:

Балалар Алтын күзге алғыс ретінде би билеп берейік.

Теңіздей тербетіле көл бетінде

Бишілер билеп кетті тербетіле

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.

Ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би: «Күзгі қырман».

Көгөністерге арналған тақпақтар:

Сұлтан:

Өсіретін бойымды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпын

Сәбіздерміз жазықсыз.

Жігер:

Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендермен балалар.

Зерделі:

Алма алмұрт албырап

Жеміс жидек пісіпті

Қауын қарбыз балбырап

Қауын қарбыз піседі.

Дастан:

Пісіп тұрған алмамын

Тамсандырар бал дәмім

Жерге сілкіп түсірме

Ісіп кетер маңдайың

Ойын:Көкөніспен жемістерді ажырату.»

Шарты:Балаларды екі топқа бөліп ойнату.

Тақпақтар:

Ерке:

Тал шыбығым бұралып

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Тұрған ол мен ұялып.

Жолдас:

Мені ашщы дейді

Мені тәтті емес дейді

Бірақ мен пайдалымын

Салатты мен дәмдеймін.

Ибрахим:

Мақтанғаннан не пайда

Менсіз дәмді щи қайда

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана.

Күз ханшайымы:

Балалар балалар!

Бәрің маған қараңдар.

Жұмбақ шешкен балаға,

Себетімде сыйлық бар!

Жұмбақтар

Іші толы шәрбәт

Дәмі қандай әйбәт.

Үзесің бірден жүзін

Оның аты ……………../жүзім/

Дөп-дөңгелек сары,

Ішінде бар дәні

Қызығасың көріп

Оның аты …………./өрік/

Жапырақты тасалап

Өстін жері бақша бақ

Күрең қызыл шіркін ай

Оның аты ………../құлпынай

Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Оның аты ……../шабдалы/

Күз ханшайымы балаларға риза болып,себет толы жемістерін тарту етеді.

Балалармен қоштасып өз еліне кетеді.

Жүргізуші:Күз ханшайымының сыйы жемістерден дәм тататын кез келген сияқты,тобымызға баруға жиналайық

Құрметті қонақтар ,ата –аналар бүгінгі «Алтын күз ертеңгілігімізді аяқтай отырып күз берекелі,астықты мол болсын демекпіз.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен ертеңгілік аяқталды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше