Бердиханова Амангул Закиевна

Маңғыстау обл,Жаңаөзен қаласы, Теңге кенті

«Теңге» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Бердиханова Амангул Закиевна

Тақырыбы: «Алтын күз әсем айналам» Ертеңгілік.

Зал іші мерекеге сай безендірілген.

Жүргізуші:Сәлеметсіздерме қадірлі де құрметті қонақтар,ата-аналар.Бүгінгі біздің«Еркетай» ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің дайындаған «Алтын күз-жарқын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойды жүп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

Қараңдаршы,бүгін біздің залымыз қандай әдемі, әсем болып кеткен.

Қолымызға не ұстап келдік? (жапырақ)

Осы жапырақтардың түсі қандай? (сары)

Қазір жылдың қай мезгілі? (күз)

Күз мезгілінде неше ай бар? (үш ай бар)

Қәнеки ай аттарын атайықшы! (қыркүйек,қазан,қараша)

Иә дұрыс айтасыңдар қандай тапқырсыңдар!

Жүргізуші:Жарайсыңдар! Балалар!Күз мезгілінде суық түсіп,адамдар еңбек жемісіне кенеліп,қойма астыққа толып той тойлайды.Олай болса ән айтып ертеңгілігімізді жалғастырайық.

Хорән: «Жау жау жаңбыр»

Жүргізуші:

Ал балалар, балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші,

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды шақырам.

«Көк майсалы көрікті,алкаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,сары жибек көйлегін» -Бұл не балақайлар?

Балалар:Күз мезгілі

Жүргізуші:

Қарсы алайық бәріміз,

Жасымызбен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Күз ханшайымы:

Сәлем менің достарым,өмірге көп қосқаным.

Күз сыйлығын алыңдар,сыйлығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,шаттық әнге салыңдар.

Армысыздар,құрметті қонақтар, кішкентай бұлдіршіндер! Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,Күз ханшайымы!Төрлет!Біздің балалар сізді асыға қүтті.

Күз ханшайымы:Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі,

Шықса-жасыл,

Түссе сары.Бұл не?

Балалар:Жапырақ

Күз ханшайымы:Дұрыс таптыңдар,жарайсыңдар!Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім.Әр жапырағымда тапсырмалар бар.Егерде тапсырмамды орындасаңдар,менің де сендерге деген сыйлығым бар.

Жүргізуші:Әрине қымбатты Күз ханшайымы!Біздің балалар күз туралы мақал мәтел,би билей, өлең,тақпақ та айта алады.Сіз жайланып отырыңыз.Балалар барлығымыз бірлесіп тапсырманы орындап көремізбе!

Балалар:ИЯ

Күз ханшайымы тапсырмаға толы жапырақтарын жүргізушіге береді.

Жүргізуші: Канеки олай болса бірінші тапсырма- күз туралы тақпақтар айту.

Аяжан:

Қарашы күз келді,күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Алихан:

Алтын сары қызыл көк,

Алуан- алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Жасмин:

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Рамазан:

Күздің сыйын алайық,

Қызығына қарайық.

Күзге арнап бәріміз,

Әнімізді салайық.

Марлен:

Жапырақ ұшты,

Суықта түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.

Арайлым:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар.Олай болса екінші тапсырма әдемі би.

Би: «Мухоморчики»

Ғажайып сәт:Қолында себетімен әже келеді.Балалар әжемен амандасады.Әже сәлеметсіңбе балаларым ,Күз мезгілін тойлап жатырсыңдарма?Күз мезгілі берекелі мезгіл,күз мезгілінде барлық көкөніс,жемістер жинап алынады.Менде өзімнің бақшамдағы жемістерімді жинап жатыр едім,кішкене белімді ауыртып алдым.Енді қалған жемістерді сендер жинап көмектесіңдерші.

Ойын: «алмаларды себетке жинап ал»

Шарты:Екі алма ағашында көптеген алмалар тұрады.Балалар 5 баладан екі командаға бөлініп бір бірден барып өз ағашындағы алмаларды жинайды.Қай команда бірінші болып аяқтайды сол команда жеңіске жетеді.

Жүргізуші:Кезекті балалардың күз тақпақтарына берсек.

Б.Олжас:

Күздің Қазан айында

Алма алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр сыбдыр түседі.

Фарида:

Думан толы асқарлы,

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.

С.Олжас:

Әуенге еріп сиқырлы,

Айтылды ән боп сыр қилы.

Күзгі әуен жастардың,

Жүрегіне нұр құйды.

Айзере:

Қуандырып біздерді,

Кел жемісті алтын күз.

Өлкемізге күз келді,

Кемелденсін халқымыз.

Алимансұр:

Көрініп еліме

Күндері мереке

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке.

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар.Келесі тапсырма әдемі би:«Жапырақтар»

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар.Келесі тапсырма әдемі ән:Олай болса Бердібек Дидардың орындауында «Күзгі вальс»әнімен ертеңгілігімізді жалғастырайық.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар.Соңғы тапсырманы балаларға өзім берсем.Менің әртүрлі жапырақтарымнан гүл жасап берсеңдер.

Ойын: «Жапырақтарды жинау»

Жүргізуші: Күз ханшайымы,саған біздің балалардың өнері ұнадыма.

Күз ханшайымы біздің балаларды бір нәрсе қызықтырып тұр екен.

Күз ханшайымы: Ол не екен?

Жүргізуші:Сізді қай жақтан келді екен деп сұрап жатыр.

Күз ханшайымы:Ой балалар, сұрағандарың жақсы болды.Мен ертегілер әлемінен келдім.Балалар сендердің әндеріңнен, тақпақтарыңнан кейін маған шабыт келіп тұр.Мен ертегі әлемінен кішкентай достарымды шақырғым келіп тұр.

Жүргізуші:Ендеше достарыңызды шақырайық.Бізге ертегі сахналап береме екен?Ендеше тамашалайық.

Көрініс: «Көкөністер дауы»

Барлық көкөністер:Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсысымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға,

Тиеді көп пайдамыз?

(Бұршақ) Е.Інжу:Кішкене түймедеймін мен

Ұнаймын мен бәріне

Дәмді тағамдармен

Сый жасаймын бәріне.

(Қызылша)Жаннұр:Менде бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге

Менсіз борщ болмайды

Винегрете үстелде.

(Қырққабат)Дидар:Мақтанғаннан не пайда

Менсіз дәмді щи қайда

Мені қосса самсаға

Жейді бәрі тамсана.

(Қияр)Іңкәр:Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған қүйімде

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

(Сәбіз)Нафиса:Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшке де.

(Қызанақ)Мөлдір:Піскен кезде қызанақ

Көз тардады қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбей

Томат шырынын ішпеген

(Пияз)Дильназ:Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық барлық тағамға

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға

(Картоп)Бауыржан:Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.

Бос айтысты қояйық,

Дауласуды тоқтатайық.

Барлық көкөністер:Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсысымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға,

Тиеді көп пайдамыз?

Жүргізуші:Көкөністердің бәріде,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды ,жақсы көріңдер.Өте тамаша жарайсыңдар балалар!

Күз ханшайымы:Рахмет сендерге балалар.Көңіл күйімді көтердіңдер.Өнершіл -өрендерім олай болса мен мақал мәтелді бастаймын ал сендер жалғастыңдар.

1.Екпей егін шықпас-үйренбей білім жұқпас.

2.Не ексең-соны орасың.

3.Жері байдың-елі бай.

4.Көктемгі әрекет-күзгі берекет.

Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар өте тапқыр екенсіңдер.Енді менің кететін уақытым болды.Дастарханға береке,Елге дәулет –мереке берсін деп жеміс толы себетін беріп кетеді.

Жүргізуші:Олай болса ойын ойнайық.

Ойын: «Жемістер мен көкөністер»

Шарты:Залға бір шеңбер қойылады көкөністермен жемістерді ажыратып машинаға салып мәреге бірінші болып жеткізу керек.

Жүргізуші: Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар қонақтар,

Келгенше жыл айналып -дей келе бүгінгі «Алтын күз- жарқын күз» атты ертеңгілігімізді балалардың «Күз бояу»әнімен аяқтаймыз.Қош сау болың.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше