Изтурганова Гулмира Ордабаевна

Маңғыстау обл,Жаңаөзен қаласы, Теңге кенті

«Теңге» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Изтурганова Гулмира Ордабаевна

Жүргізуші: Армысыздар ағайын.Сәлеметсіздерме қадірлі де құрметті қонақтар,ата-аналар.Бүгінгі біздің«Балапан» І-кіші тобының бүлдіршіндерінің дайындаған «Алтын күз әсем айналам» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойды жүп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

Қараңдаршы,бүгін біздің залымыз қандай әдемі, әсем болып кеткен.

Қолымызға не ұстап келдік? ______ Жапырақ.

Осы жапырақтардың түсі қандай? _________ Сары.

Қазір жылдың қай мезгілі? __________ Күз.

Күз мезгілінде неше ай бар? ____Үш ай бар.

Қәнеки ай аттарын атайықшы! ___ Қыркүйек,қазан,қараша.

Иә дұрыс айтасыңдар қандай тапқырсыңдар!

Ал ендеше күз туралы ән айтайық.

Ән: «Күз бояу»

Жүргізуші:

Ал балалар, балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші,

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды шақырам.

«Көк майсалы көрікті,алкаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,сары жибек көйлегін» –Бұл не балақайлар?

Балалар:Күз мезгілі

Жүргізуші:

Қарсы алайық бәріміз,

Жасымызбен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Күз ханшайымы:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын күз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам!

Армысыздар,құрметті қонақтар, кішкентай бұлдіршіндер!Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

Жүргізуші:Ал балалар енді біз Күз ханшайымына өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.

Күзде өздері пісетін,

Тамаққа кеп түсетін.

Мақтанбақшы сіздерге,

Жемістермен көкөністер сан түрлі.

Бала: Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Бала: Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

Бала: Картоп біздің атымыз,

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Бала: Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Бала: Мен моншақты шиемін,

Құмарсыңдар білемін.

Кетіп қалып жүрмесін,

Тамағыңа сүйегім.

Жүргізуші:

Көкөністердің бәріде,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды ,жақсы көріңдер.

Күз ханшайымы,саған біздің балалардың тақпақтары ұнадыма.

Балалар қараңдаршы бізге тағыда бір қонақ келе жатқан сияқты.

Қоян:Сәлеметсіздерме балалар! Балалар қыс мезгілі жақындап қалды маған сәбіз жинауға көмектесесіздер ме?

Ойын: «Кім жылдам»

Жарайсыңдар балалар менің қысғы азыгымды жинап бердіңдер.

Ендеше қасқыр келмей тұрғанда үйіме жетіп алайын – деп кетіп қалады.

Жарайсыңдар балалар келесі кезекті тақпақтарға берейік.

Бала: Сап- сары маңай,

Сап- сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Бала: Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Бала: Алып келді мереке,

Астық жеміс береке.

Батырлыққа жараса,

Көбейді той тамаша.

Күз ханшайымы: Рахмет балалар! Тақпақтарың өте тамаша.

Хор: «Жау- жау жаңбыр»

Жүргізуші:Ал балалар енді біз Күз ханшайымына күз мезгіліне арналған тақпақтарымызды айтып берейік.

Бала: Алтын сары қызыл көк,

Алуан алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Бала: Сап сарығып даланы,

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасғандай бізбенен.

Бала: Қарашы күз келді күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен түзеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Күз ханшайымы: Балалар, менде сендермен өнер көрсеткім келіп тұр.

Жүргізуші:Олай болса Күз ханшайымы қыздармен би билеңіз.

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші:Кезекті балалардың әсем тақпақтарына берсек.

Бала: Күздің қазан айында,

Алма алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр сыбдыр түседі.

Бала: Келеді көшіп комбайын,

Алтын дария егінді.

Жинап маржан бидайын,

Күзім неткен көңілді.

Жүргізуші:Күз ханшайымы, балаларға өте көңілді болды.Балаларды бір нәрсе қызықтырып тұр екен.

Күз ханшайымы: Ол не екен?

Жүргізуші:Сізді қай жақтан келді екен деп сұрап жатыр.

Күз ханшайымы:Ой балалар, сұрағандарың жақсы болды.Мен ертегілер әлемінен келдім.Балалар сендердің әндеріңнен, тақпақтарыңнан кейін маған шабыт келіп тұр.Мен ертегі әлемінен кішкентай достарымды шақырғым келіп тұр.

Жүргізуші:Ендеше достарыңызды шақырайық.Бізге ертегі сахналап береме екен?Ендеше тамашалайық.

Көрініс: «Көкөністер достығы»

Жүргізуші:Өте тамаша жарайсыңдар балалар!

Күз ханшайымы:Рахмет сендерге балалар.Көңіл күйімді көтердіңдер.Өнершіл -өрендерім сау болыңдар!

Жүргізуші: Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар қонақтар,

Келгенше жыл айналып -дей келе бүгінгі «Алтын күз әсем айналам» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше