Оразалиева Роза Боранбаевна
Атырау қаласы Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Оразалиева Роза Боранбаевна
Тақырыбы: «Фигуралар»
Мақсаты: Білімалушылардың геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Білімділік: Геомертиялық пішіндерді ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелілік: Сабаққа қызғушылықтарын арттыру.Түрлі математикалық тапсырмаларды орындау кезінде шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойын түріндегі тапсырмаларды беру арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Геометриялық фигуралар,ойыншықтар,сандар,көңілді пойыз.
Жүру барысы:
Шаттық шеңбері:
Біз ақылды баламыз
Өседі ой-санамыз
Бар ынтаны саламыз
Саламыз да ойнаймыз
Ойнаймыз да ойлаймыз
Үйренуге құмармыз
Білім жолын қуамыз.
Топқа бөлу
Жұмбақ:
Ұрсаң қатты зырлайды,
Жерге қарғып тұрмайды.
Тиіп кетсе басыңа,
Ешбір жерің ауырмайды
-Доп
-Дұрыс айтасыңдар!
-Доптың пішіні қандай?
-Дөңгелек шеңбер.
-Тағыда қандай фигураларды білесіңдер?
-Балалар жауаптары.
-Балалар біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде пішіндермен танысып жатырмыз.
Ғажайып сәт
Көңілді пойыз:
-Қараңдар,балалар,бізге көңілді пойыз келді.Біздің пойызымыз жәй пойыз емес, «Ғажайып пойыз» екен.Бізге пойызбен қонақтар да келіп қалыпты.
-Вагондарын санап,түстерін ажыратайық?
-Вагондардың түстері қандай?
-Сары,көк,қызыл,ақ,күлгін.
-Дұрыс айтасыңдар.
-Ал енді,пойызымызды алға сүйреуші «Тепловоз» деп аталады.
-Бәріміз қайталап жіберейік.
-Тепловоз.
-Ендеще тепловоздың ретін санайықшы.
-1,2,3,4,5,6.
1.Жүргізушінің тапсырмасы.
1.Әрбір вагонда неше үшбұрыш,неше төртбұрыш бар?
2.Бір жылда неше мезгіл бар?
3.Бір аптада неше күн болады?
4.Бір жылда не ай болады?
2.Иттің тапсырмасы.
Логикалық ойын:
1.Кемпірқосақта неше түс бар?
2.Бағдаршамда неше көз бар?
3.Қолғапта неше саусақ бар?
4.Адамда қанша көз бар?
5.Жұлдыздың неше бұрышы бар?
6.Аспанда қанша күн бар?
7.Адамда қанша саусақ бар?
3.Араның тапсырмасы.
1-топ Дидактикалық ойын.Қандай пішін шықты? таяқшамен
2-топ Цифрларды сурет санына сәйкес қос.
3-топ Сандарды салыстырыңдар.
Сергіту сәті
4.Мысықтың тапсырмасы.
1.Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма
2.Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма
Бесеуінде жеп қойса
Қалады онда неше алма?
5.Балапанның тапсырмасы.
1.Қимылды ойын:Шапшаң-ықшам.
2.1-ден 10-ға тура және кері сана.
6.Сиқырлы қыздың тапсырмасы.
1.Сиқырлы қоржын.Есеп құрастыру.
Қорытынды.
–Балалар бүгінгі сабақ ұнадыма?
-Балар жауаптары.
-Қандай фигуралармен таныстық?
-Балалар жауаптары.
Мадақтау.
