Тулеуова Зарина Нурлибековна
Қысқа мерзімді жоспар
| Пәні:Математика
Күні:31.05.2019 Сынып: 1 сынып |
Мектеп: Атырау қаласы Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: 24 Қатыспағандар саны:0 |
||
| Сабақтың тақырыбы: | 3.10 Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу | ||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.2.1 Теңдік және теңсіздікті,теңдеуді,тура және тура емес теңдік пен теңсіздікті айыра білу
1.2.2.2 Таңдау әдісімен және қосу,азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу. |
||
| Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады:
Теңдік пен теңсізікті біледі. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тура және тура емес теңдік пен теңсіздікті ажыратады. Кейбір оқушылар орындай алады: Таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді. |
||
| Бағалау критерийлері | Теңдік пен теңсіздікті ажыратады, теңдеуді тура және тура емес теңсіздікті айырады, таңдау әдісімен қосу және азайту амалдарына байланысты теңдеуді шешеді. | ||
| Құндылықтарды дарыту | ынтымақтастық,жауапкершілік,өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау | ||
| Пәнаралық байланыс | Бейнелеу,дүниетану,әдебиеттік оқу | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта,моноблок | ||
| Тілдік құзыреттілік | Теңдеу-уравнение-eguation | ||
| Бастапқы білім | Бастапқы білімнен жаңа білімге «Гүлдер мен аралар» әдісі арқылы түсемін. | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
| Сабақтың басы
7 мин |
Психологиялық ахуал:
Білімменен ашқан мектеп есігін, Тапқан талай қиын теңдеу шешімін. «х», «у», «а», «с» -жұмбақ әріптер Алғырларға артады өз сенімін. Топқа бөлу: 1-топ: «х» әрпі 2-топ: «у» әрпі 3-топ: «а» әрпі 4-топ: «с» әрпі Теңдеуді таңдау әдісі арқылы шешу дағдыларын қалыптастыру. «Гүл мен аралар» ойыны Тақтадағы гүлдің күлтелеріне теңдеулер жазылған.Әр топ гүл күлтесіне жазылған теңдеулердің тұсына сол теңдеудегі белгісіз әріптің мәні болатын сан жапсырылған араларды қадайды. Сұрақтар беремін: -Бұл теңдеулер қандай амалға берілген? -қосындыға -Теңдеулерде не белгісіз болып тұр? -қосылғыш -қосылғыштарды не деп атаймыз? -Бөліктер -Ал бүтін неге тең? -қосындының мәні -Белгісіз бөлікті табу үшін не істедік? -Бүтіннен белгілі бөлікті азайттық -Дұрыс.Қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымызда қандай теңдеулер шешеміз?(белгісіз қосылғышы бар теңдеулер) -Яғни бүгінгі сабағымыздың мақсаты не? Жаңа тақырып:«Белгісіз қосылғышы бар теңдеулерді шешу» Мақсаты: Теңдік пен теңсіздікті ажыратады, теңдеуді ,тура және тура емес теңсіздікті айырады, таңдау әдісінмен қосу және азайту амалдарына байланысты теңдеуді шешеді. |
Интербелсенді тақта | |
| Сабақтың ортасы
Джером Брунердің үш сатыдан тұратын тұжырымдамасы(Спиральділік қағидат «»Білім беру үдерісі» 1960ж) Тыңдалым Бейнелік Айтылым 8 мин Тілдік құзіреттілік 1 мин Сергіту сәті 2 мин Оқылым 10 мин (топтық жұмыс) Белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу) Жазылым 7 мин Таңбалық Сабақтың соңы Рефлексия 5 мин |
Интербелсенді тақтадан тірек сызбасын көрсетемін.
Алгоритм құруарқылы белгісіз қосылғышты табу үшін,қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайту керек екенін біледі. 1.Теңдеуді оқиды. 2.бұл теңдеудегі бірінші қосылғыш-…,белгісіз қосылғыш-..,қосындының мәні-… 3.Белгісіз қосылғышты табу үшін,қосындыдан белгілі қосылғышты азайтамын. 4.х-тің мәнін табамын 5.Теңдеуді белгісіз қосылғыштың мәнін қою арқылы тексеремін Критерий: Теңдік пен теңсіздікті ажыратады,қосу мен азайту амалдарының компоненттерін атайды,белгісіз қосылғышты ажыратады,таңдау әдісімен теңдеуді шешеді. Дескриптор: -Таңдау әдісіне сүйеніп,теңдеуді шешеді. -қосу амалының компоненттерін атайды -белгісіз қосылғышты атайды -ережеге сүйеніп,белгісіз қосылғышты табады Ынталандыру: Жарайсың! Керемет! Теңдеу-уравнение-equation «Көңілді күні» биі Топтарға тапсырма: «Ойлан.Бірік.Бөліс» әдісі арқылы оқушылар өзара ынтымақтастық ортасын құрады,бірігіп жұмыс жасайды,өзара пікір алмасады. 1-топ: «Туннельде қанша вагон бар?» Суретке қарап белгісіз қосылғышы бар теңдеу құру. 2-топ: Теңдеудегі белгісіз қосылғышты тап Топ болып берілген теңдеулерді ережеге сүйеніп шешу. 3-топ: «Шығарып көр» Суреттегі текшелерге қарай отырып Ә фигурасын құрастыру үшін А фигурасына қанша текше қосу керек? Белгісіз қосылғышы бар теңдеу құрастыру. 4-топ: «Орындап көр» Жұптаса отырып «Көршіңмен ойна» ойынын ойнау. Дескриптор -теңдеудің шешімін табады -теңдеуді шешу жолын түсінеді -жұптаса отырып ойын ойнайды -ойын шартын түсінеді -бірігіп отырып сұраққа жауап береді Ынталандыру: Тамаша! Жарайсың! Дәптермен жұмыс Оқулықтағы «Теңдеудегі белгісіз қосылғышты тап» тапсырмасын орындайды. 9+х=19 у+8=20 х=19-9 у=20-8 х=10 у=12 т:9+10=19 т: 12+8=20 19=19 20=20 Дескриптор: -теңдеудегі қосу амалдары компоненттерін атайды -белгісіз қосылғышты табады -теңдеуді шешеді -шешімін тексереді Ынталандыру Қол шапалақтау арқылы «Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы сұрақтарға жауап ала отырып жаңа сабақты қорытындылаймын. -Бүгінгі сабағымызда қандай теңдеулер шешіп үйрендік? -Қосу амалдарының компоненттерін атайық -Егер қосылғыштардың бірі белгісіз болса не істейміз? -Теңдеуді неге сүйеніп шешеміз? Бағдаршамарқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін. жасыл- өте жақсы түсіндім сары-орташа түсіндім қызыл-көп нәрсені түсінбедім |
||
| Дифференциация (саралау) – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалауды – қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
| Саралау:
Қарқын тәсілі 1. 6+Х=15 теңдеуін шешіп,сандық сәуле бойынан белгіле Тапсырма тәсілі 2.Суретке қарап теңдеу құр Диалог және қолдау көрсету тәсілі 3. Теңдеудің дұрыс шешімін сәйкестендір Х+7=13 Х=1 Х=6 Х=4 |
Дескриптор
-теңдеуді шешеді -шешімін сандық сәуле бойынан белгілейді Ынталандыру: Жарайсың! Дескриптор: –суретке қарап теңдеу құрады -теңдеудің шешімін табады Ынталандыру: Тамаша орындадың! Дескриптор: -теңдеуді шешеді -дұрыс шешімімен сәйкестендіреді Ынталандыру: Тамаша! |
Қалам,қарындашсызғыш оқу құралдарымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтау | |
