Беделбаева Куляш Ахметқалиқызы
Алматы облысы Кербұлақ ауданы, Басши ауылы, Райымбек батыр атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Беделбаева Куляш Ахметқалиқызы.
Өзін -өзі тану пәнінің мұғалімі
Әдеп сақтау адамгершіліктің белгісі.
Қазақ халқының ұлттық тәлімі мен өнегесінің бүгінгі таңда тәрбиесінің негізіне айналуы-ел мүддесін заман талабы.
қазақтың ұлттық педогогикасының сарқылмас мол қазынасындағы жетпес байлықтың бірі -әдеп тәрбиесі
Әдеп белгілі бір халықтың әдеп-ғұрыпында тұрақтанып, қалыптасқан етикалық тәртіп екені белгілі.
Әдеп тәрбиесі-жас ұрпақты ізеттілік,сыйластық ,инабаттылыққа тәрбиелеудің бірден -бір жолы.
Әдеп тәрбиесінің басты мақсаты -халқымыздың ізгі қасиеттерін баланың бойына сіңіріп, жастардың имандылыққа мінез-құлқын қалыптастыру.
Қазақ халқы ежелден әдеп тәрбиесіне ерекше мән берген .Ізет сақтаған адамды “әдеп сақтады “сыпайыгершілік көрсеткен кісіні “әдеп тұтты” деп мақтаған.
Сөз қадірін білетін ата-бабамыз дөрекі сөзді “әдепсіз сөз” деп санаған.
Осыдан келіп ,әдеп тәрбесінің негізгі міндеті -инабатты,ізетті
,сыпайы,ұлттық асыл қасиеттерді бойына терең сіңірген азамат тәрбиелеу екенін көреміз.
Әдеп сақтау-қазақ халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрнісі,әлеуметтік тәртіптің,борыш пен міндеттің заңды аймағы.
Әдеп сақтаудың әлеуметтік мәні зор .Әдеп сақтаудың экологиялық мәні де зор.Әдепті адам табиғатты да қорғай білуге тиіс.Табиғаттың әсемдігіне ,әдемілігіне кір келтірмеуге міндетті.
Суды былғау,талды кесу,қайнардың көзін ашпау,жолдағы кедергіні алып тастамау,құдыққа түкіру,нанды лақтыру әдептілік емес.халық ондай әдепсіздікті кешірмейді.
Әдеп сақтау-этикет,яғни міне-құлық пен қарым-қатынастың қалыптасқан ,халықтың ережесі Ол ереже бұзылса ,халықтың дәстүрі де бұзылады,ұлттыұ намысұа нұсқан келеді.Әдеп сақтау ұлттық рәсімге ,тәртіпке ережеге амалсыз бағыну емес,сол заңдылықтарды құметтеу,қастерлеу,адамгершілік борышты өтеу болып табылады.
“Әдептілік-әдемілік” дейді халық. Әдептілік -имандылық,кішіпейілділік,көпшілдік деген сөз.
Әрбір ұстаз ұлттық мәдениет үрдістерін өркениетті өмірмен байланыстырып,тәлім -тәрбиеге пайдалана білуге міндетті.
Адам өмірінің “алтын бесігі” -мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп ,өмір заңдылықтарын үйренеді.Көшеде жүру,көпшілік ортасында болу,үлкенге орын беру,кішіге қамқор жасау,қарт адамды қадірлеу,ата-ананы ардақтау,жолдастық қарым қатынас ,сәлемдесу,табиғатты қорғаужөнінде жоспарлы түрде жұмыстарын жүргізу.”Ел болам десең бесігіңді түзе” деп ұлы Мұхтар Әуезов айтқандай ,әдеп тәрбиесінің негізі отбасында басталады.Ұлттық әдеп,мінез-құлық балаға ана сүтімен сіңеді.Отбасындағы әдеп тәлім -тәрбиесінің басты түрлеріне мыналар кіреді:
- әке мен ананың жеке тәрбиесі,үлгі өнегесі;
-
атаменен әженің отбасы мүшелерінің ,көрші мен ту,ан-туыстың тәлім тәрбиесі;
-Халық даналығы \мақал-мәтелдер,аңыз ертегі,батырлық\
-ұлттық ойындар,салт-дәстүрлер;
Ата-аналарбалаларды жақсы мінез-құлыққа саналы түрде тәрбиелей отырыпқалыптасқан дағдыға ,әдетке айналдыру арқылы адамгершілікқасиеттерді олардың бойына сіңіреді.
бала бойына жақсы міне-құлықтарды сіңіруде ата-ананың ,отбасы мүшелерінің үлгі -өнегесі ерекше рол атқарады. баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде өскен ортаның,құрбы-құрдастың ғтәрбиелі адамменжолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз бұрынан білген.Балаға “жақсымен жолдас болсаң -жетерсің мұратқа ,жаманмен жолдас болсаң -қаларсың ұятқа””жақсының жақсы болғаны -жолдасынан”,”жаман дос-жолдасын жауға қалдырады” деген халық мақалдары дәлел.
Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен ,өзінен байқалады.Яғни иман жүзді,әдепті адам күндей күлімдеп ,жарық дүниедей жарқырапсөйлейді,сөз арқылы да,өзі арқылы да тыңдаушының есту сезімін сүйсіндіріп,көңіліне нұр шашады,әдем әсер беріп,әңгімеге тартады.
Әрине адамгершілік адам атаулығы ортақ қасиетболғанымен ,ол ұлттықсалт-снамен халықтықдәстүрдің қазанында қайнап ,сіңбесе жұғымсыз тәрбие болып шығары анық.Себебі ,әр халықтың он қайнаса да сорпасы қосылмайтын,өзіне ғанатәнөзіне ғана тиесілітабиғаты бар.Біз тірбиенің қай-қайсысы болмасын осыны жанымызда ұстануымыз жөн.
Қазіргі есепте жасынан оқылатын халықтың педогогикалық бағдарламасында адамгершілікті құрайтын қасиеттер:
1.Әдептілік
.2.Ұят пен ар.
3.Намыс.
- Шындық пен әділет.
5.Ынтымақ пен бірлік.
6.Жолдастық пен достық.
Міне,осының бәрін балаға ұлттық салт-дәстүрлерге негіздей отырып сіңіре білсек ,адамгершілік қасиеттің берік іргетасын қалағанымыз.Адамгершілік-адамның рухани арқауы.Сол себепті де адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен ,адамдығымен,қайырымдылығымен ардақталады.
Әрбір отбасында осы әдептілік сақтау белгісі заңдылыққа айналу керек.Ол үшін талап қоя білу,оның орындалуын қадағалау,әрбір әулет мүшелерінің міндеті. Сондықтан халық “көп бірікес-ел болар,көп тілегі көл болар”деп текке айтпаған.
Ізгі тілектер айту арқылы тәрбиелеу дәстүр -асыл сөздер ,ырымдар,тыйым сөздер айтудың адамгершілікке тәрбиелеуде ролі зор.
Ізгілік тілек айтуда аталы сөздер ,бабалар өсиеті,ақсақалдар арқылы,сөзге тоқтау,олардың айтқанын шек қаққызбай орындау-инабаттылыққа баулиды.
