Камалов Суръат

Сабақтың тақарыбы Қарауылдық қызметтің тағайындалуы, атқаратын қызметі мен

міндеттері

Күні: 29.11.2018ж Мұғалімнің аты-жөні: Камалов Суръат. Түркістан облысы, Кентау гуманитарлық-техникалық колледжінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Курс: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары: Оқушыларды Қарауылдық қызметтіңатқаратынқызметіменміндеттерімен таныстыру. Оқушыларды өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Ұйымшылдыққа және батылдыққа, ауыз біршілікке тәрбиелеу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:

Қарауыл құрамын, пост, қарауыл және сақшы кім екенін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Пост, қарауыл және сақшы кім екенін, олардың қарулануын, сақшының қаруды қалай қолдану ретін біледі.

Кейбір оқушылар:

Постта тұрғанда қаруды қолдану тәсілін жақсы меңгерген, қарауыл және сақшы кім екенін, олардың қарулануын, сақшының міндеттерінбіледі, сақшының қаруды қолдану ретін орындай алады.

Тілдік мақсат Оқушылар: Бейнелеу, талқылау және көрсету арқылы өзінің АӘД бойынша түсінігін көрсетеді.
Негізгі сөздер мен тіркестер:

Пост, қарауыл және сақшы.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: айтылымын жақсарту ауызша сөйлеу дағдылары дамиды, сұрақтар қоя алады.
Талқылауға арналған тармақтар:

топтарға бөлініп берілген тапсырмаларды талқылайды.

Жазылым бойынша ұсыныстар: эссе
Алдыңғы тақырып
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар мен (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы

10 минут

  • Взвод командирі студенттерді сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, студенттердің сырт көрінісін тексеру.
  • Топқа бөлу.
  • Бағалау кретирийі мен таныстыру.

Үй тапсырмасын сұрау:

Үй тапсырмасын өткен тақырыптардан берілген тірек сөздер арқылы сұрау.

АӘД бөлмесі
Ортасы

75 минут

Сыни ойлау кезеңі

Сурет негізінде оқушылар жаңа тақырыпты ашады.

«Караульная служба» фильмін тамашалау.

Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауылдеп аталады. Қарауылдар: гарнизондық және ішкі (кемелік) болып бөлінеді; олар: тұрақты және уақытша болуы мүмкін. Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді, құрамалар объектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің объектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады. Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар, жұмысқа таратушылар, ал қажет болғанда, қарауыл бастығының көмекшісі, адамдардан басқа бақылау-өткізу пунктінің қарауылдары, ал гауптвахта жанындағы қарауылға — шығарушылар мен айдауылдар тағайындалады

Ноутбук, Плакат, маркер, постер, түрлі түсті қағаздар, таныстырылым
.

Объектілерді тікелей күзету және қорғау үшін қарауылдар құрамына сақшылар бөлінеді.

Сақшыдегеніміз — өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған қарауыл.

Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе учаске постдеп аталады.

Постыға сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет жабдықтары арқылы күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілері мен жергілікті жер учаскілері де жатады. Сақшылар объектілерді қорғауды объектілер маңындағы сыртқы және ішкі қоршаулар арасын немесе егер объектіде қоршау біреу болса, қоршау бойын ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мұнарадан бақылау әдісімен жүргізеді.

Сақшы—қол сұғылмайтын адам болып табылады . Сақшыға қол сұғылмайтындығы мыналардан көрінеді: оның құқығы мен жеке басының қадір-қасиеттері заңмен айрықша қорғалатындығы; оның белгілі бір тұлғаларға ғана — қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің жұмысқа таратушысына бағынатындығы; бұл тұлғалардың сақшы қызметі бойынша айқындалған талаптарын сөзсіз орындауға міндеттілігі; Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының баптарында көрсетілген жағдайларда оған қару қолдану құкығы берілетіндігі.

Сақшы: өз постысын қырағы күзетуге және табанды қорғауға; қызметін сергек, еш нәрсеге алаңдамай атқаруға, каруын қолынан шығармауға және оны ешкімге, өзі бағынатындарға да бермеуге; көрсетілген бағдар бойынша жылжи отырып немесе бақылау мұнарасында тұрып постыға кіре берісті, қоршауларды мұқият қарау және байланыс құралдары арқылы қызметті өтеу барысы жайында табельмен белгіленген уақыттарда баяндап тұруға; тіпті өз өміріне қауіп төнсе де, сақшы ауыстырылғанша не алынғанша, постыны тастамауға міндетті. Постыны өз еркімен тастап кету — әскери қылмыс болып саналады; ГжҚҚЖ-ның 115-бабында көрсетілген ереже бойынша постыда оқталған қару болуы және әрдайым әрекетке дайын болуға; постыларға табельде керсетілген және тыйым салынған шекара көрсеткіші тұрған жерге жақын қашықтыққа қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі, өзінің таратушысы мен оларға ілесіп жүретін тұлғалардан басқа ешкімді жібермеуге; қарауылдың көлік құралдарының бағдары мен графигін, олардың тану белгілері мен сигналдарын білуге; постыдағы өрт сөндіру құралдарын қолдана білуге; объект қоршауынан (постыдағы) ақау тапқанда және өз постынан жақын жерде не көрші постыда тәртіп бұзушылық байқалган кезде қарауыл бастығын шақыруға; қарауыл иттерінің үргенін естіген кезде немесе техникалық күзет құралдары іске қосылғанда, бұл туралы қарауыл үй-жайына дереу хабар беруге міндетті.

Сақшыға: ұйықтауға, отыруға, бір нәрсеге сүйеніп тұруға, оқуға, ән айтуға, сөйлесуге, тамақ жеуге, су ішуге, темекі шегуге, табиғи қажеттілігін өтеуге, қандай да бір затты әлдекімге беруге немесе одан алуға, қажеттілік болмаса патронды оқжатарға жіберуге тыйым салынады. Сақшы тек қарауыл бастығының, оның көмекшісінің, өзінің жұмысқа таратушысының және тексеруге келген тұлғалардың сұрағына жауап беруі керек. Сақшы өзіне немесе өзі күзетіп тұрған объектіге анық шабуыл жасалған жағдайда қаруды ешқандай ескертусіз қолдануға міндетті.

Сақшының қаруды қолдану реті. Сақшы өзіне немесе өзі күзететін объектіге тұтқиылдан шабуыл жасалған жағдайда, каруды ескертусіз қолдануға міндетті. Сақшы қарауыл бастығынан, өзінің жұмысқа таратушысынан, оларға еріп келген адамдардан басқа немесе постыға тыйым салынған шекараға жақындаған барлық адамдарды: “Тоқта, кейін!” немесе “Тоқта, оң (сол) жақтан айналып өт!” — деп дауыстау арқылы тоқтатады.

Постыға немесе тыйым салынған шекараға жақындаушылар айтылған талапты орындамаған жағдайда, сакшы тәртіп бұзушыға: “Тоқта, атамын!” — деп ескертеді және дереу қарауыл бастығын немесе өзінің жұмысқа таратушысын шақырады. Егер тәртіп бұзушы бұл талаптарды орындамаса, сақшы оқшантайға патрон салады да, аспанға ату арқылы ескерту жасайды. Тәртіп бұзушы бұл талапты да орындамаған жағдайда, сақшы оған оқ атады.

Пост табелінде көрсетілген кашықтықтан постыға немесе тыйым салынған шекараға жақындаушыларды көру мүмкіндігі нашарлаған жағдайда, сақшы оларды: “Тоқта, кім келе жатыр?” — деп, дауыстап тоқтатады. Егер жауап болмаса, сақшы: “Тоқта, атамын!” — деп ескертіп, тәртіп бұзушыны кідіртеді. Кідіртілген тәртіп бұзушы туралы сақшы белгіленген дабылмен қарауыл үй-жайына хабарлайды, оны назарға ала отырып, өзіне тапсырылған объектіні күзетуін жалғастырады және тәртіп бұзушының іс-қимылын бақкылап отырады.

Егер тәртіп бұзушы тоқтамаса және күзетілетін объектіге (постыға) басып кіруге тырысса немесе мұндай әрекеттерден кейін қашатын болса, онда сақшы аспанға ату арқылы ескерту жасайды. Тәртіп бұзушы бұл талапты да орындамаған жағдайда, сақшы оған ок, атады.

Егер сақшының дауыстауына: “Қарауыл бастығы (қарауыл бастығының көмекішсі, жұмысқа таратушы) келеді”— деген жауап естілсе, онда сақшы: “Қарауыл бастығы (қарауыл бастығының көмекшісі, жұмысқа таратушы), маған кел, қалғандарың орындарыңда қалыңдар!” — деп бұйырады; қажет болғанда сақшы жақындағандардың бет-жүзіне жарық түсіруін талап етеді. Өздерін атаған адамдардың шын мәнінде қарауыл бастығы (қарауыл бастығының кемекшісі, жұмысқа таратушы) екендігіне көзін жеткізген соң, сақшы келген адамдарды өзіне қарай жібереді. Егер қарауыл бастығы деп аталған адам (қарауыл бастығының көмекшісі, жұмысқа таратушы) бейтаныс болып шықса немесе онымен келгендер сақшының орнында қалу туралы талабын орындамаса, онда сақшы оларды: “Тоқта атамын!” — деп ескертеді. Тәртіп бұзушылар бұл талапты орындамаған жағдайда, сақшы оларға оқ атады.

Жаңа сабақты пысықтау.

Студенттер берілген тапсырмалар байынша постер қорғайды

Топ басшылар сайысы.

Берілген тапсырмаға практика түрінде жауап береді

1.Сақшыға тұтқиылдан шабуыл жасалынды.

2.Тыйым салынған шекараға жақындаған тәртіп бұзушыны сақшы тоқта атамын деп ескертті , бірақ тәртіп бұзушы тоқтамады.

3. Сақшының дауыстауына: Қарауыл бастығы деп аталған адам бейтаныс болып шықты .

«Кім жылдам» ойыны.

Әр топтан бір студенттен шығып Калашников автоматының оқжатаржын уақытқа жабдықтайды.

Аяқталуы

5 минут

Рефлексия

1.Нені білемін?

2.Нені білдім?

3.Нені білгімкеледі?

Стикерлер, макеттер, практикалық оқу жаттығу орындары
Қосымшаақпарат
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіру қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ –мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
– үлгерімі төмен оқушыларға ЖАДА ұйымдастыру арқылы деңгейлік тапсырмалар беремін.

– Қабілеті жоғары оқушыларға жоғары дәрежелі сұрақтар қоямын.

  • Табыс критерийлері
  • Бағалау критерийлері
  • Бірін-бірі бағалау
  • Өзін-өзі бағалау
  • Бағалау парақшалары
  • Кері байланыс
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту.

Оқушыларды өз-бетінше ізденуге, бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеру)?

1: ______________________________________________________________________________

2: ______________________________________________________________________________

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеру)?

1: ______________________________________________________________________________

2: ______________________________________________________________________________

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінен не білдім?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше