Жаңа сабақтар

Абдуллаева Гузал Бахтияровна

Оқытушы: Түркістан облысы, Кентау гуманитарлық-техникалық
колледжінің биология пәні мұғалімі

Абдуллаева Гузал Бахтияровна

Пәні: Анатомия, физиология және гигиена

Тақырыбы: Қаңқаның құрылысы

Мақсаты:

Білімділігі: Сүйектің құрамы мен құрылысы, қаңқаның бөлімдерімен таныстыру, қаңқаның адам өміріндегі маңызын көрсету

Дамыту: Баланың жасына сай тірек-қимыл жүйесінде болатын өзгерістер туралы түсінік қалыптастыру

Тәрбиелігі: Тірек-қимыл жүйесіне қатысты гигиена шараларын сақтауға тәрбиелеу

Сабақ түрі : аралас

Көрнекілігі: Бейне-фильм, слайд, скелет, асықтар;

І. Ұйымдастыру кезеңі: студенттердің сабаққа дайындығын тексеру, студенттердің қөңіл-күйін сұрау;

Студенттерді ортаға шығарып шаттық шеңберін құру

Шаттық шеңберінде студенттер бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Алдымен студенттер екі топқа бөлінеді. Топқа бөлу үшін өткен «Талдағыштар» тақырыбынан көру және есту талдағыштарына қатысты терминдер жазылып, қорапшаға салынады. Студенттер қорапшадан терминдер жазылған қағаздарды алып, сол бойынша екі топқа бөлінеді. Екі топқа топ басшысы тағайындалады. Алдағы уақытта топ басшылары тізім бойынша топ студенттеріне дұрыс жауабына 1 ұпайдан беріп отырады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. тапсырма.Асық тастау. Өткен сабақ бойынша екі топқа тақырыпқа қатысты жұмбақтар жасырылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 асық беріледі.

Кішкентай бір мақұлық торы ала,

Ағаштан атрапына соққан қала.
Ішінде сол қаланың өмірі өтер,
Сабыр қып сахараға шықпас жана,
Жаралған өзі ғана артық болып,
Болжайды әр нәрсені айтып шама.

Көз

Таудан тары домалайды,
Оны он екі қаз қуалайды.

Көз жасы

Алпыс кісі аяқтасты,
Ертеменен таяқтасты.

Кірпік

Қабақта қара бурам шөгіп жатыр,
Етектеп құмалағын төгіп жатыр.

Қас, көз, жас

Бір нәрсе жегеніне тіпті тоймас,
Адамның ол нәрсесіз күні болмас.
Жіберсе қарап қалар жердің бәрі,
Кішкене болса-дағы кемдік қылмас.

Ауыз

Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды.

Тіл

  1. тапсырма. Тапқырлар . Екі топқа «Талдағыштар» тақырыбынан гигиена шарасына қатысты сурет беріледі. Топ студенттері сол суретті талдауы қажет;

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Тақырып бойынша алға қойылған мақсатпен таныстырылады. «Қаңқа құрылысы» бейне-фильм көрсетіледі.

Тірек қимыл жүйесінің атқаратын қызметі қандай? Сүйектің қызметі қандай?

Тірек-қимыл мүшелер жүйесінің маңызы: тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бірімен-бірі берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді — жамбас белдеулері сүйектері корғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі — қимыл (қозғалу). Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Кез келген қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш (тірек) етеді. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан, минералды алмасуға қатысады.

ІҮ. Жаңа тақырыпты пысықтау. Қаңқаның құрылысы бойынша топтық жұмыс.

3-тапсырма. Суретін салып, постер қорғау;

1-топқа. Тұлға сүйектері құрылысы, қызметі

2-топқа. Қол –аяқ сүйектер құрылысы, қызметі

Ү. Сергіту сәті.

4- тапсырма. Кім жүйрік? Төмендегі сөзжұмбақты қай топ бірінші әрі дұрыс орындап алып келеді? Топ басшысы сөзжұмбақ сұрақтарына жауап тапқан студенттерді бағалап отырады.

5-тапсырма. Полиглот.Төмендегі сұрақтар қойылады. Сұрақтың жауабы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) айтылады.

  1. Адам қаңқасы неше жасқа дейін өседі? 22-25
  2. Адамдағы қабырға саны нешеу? 12 жұп

  3. Сегізкөз қай омыртқаға жалғасады? (Бел, талия, waist)

  4. Адам қаңқасы неше сүйектен құралған? 200

  5. Омыртқа жотасы неше иілімдерден тұрады? 4

  6. Сүйек қандай ұлпалардан тұрады? (дәнекер, соединительная ткань,connective tissue)

  7. Омыртқа жотасы (33-34 омыртқадан тұрады, позвоночник, spine)

  8. Мойын бөлімі(7 омыртқа)

  9. Арқа бөлімі(12 омыртқа)

  10. Бел бөлімі(5 омыртқа)

  11. Сегізкөз бөлімі (5)

  12. Құйымшақ бөлімі (4-5)

ҮІ. Қорытындылау. Топ басшыларынан бағалау парақшасын алып, топ бойынша және әрбір студенттің жинаған ұпайы бойынша бағаланады.

Сабақтың басында қойған мақсатымызға қай дәрежеде жеттік?

ҮІ. Рефликсия. «Топ жүрекшесіне» стикерлерге ұсыныстар жазылып жабыстырылады.

ҮІІ. Үйге тапсырма. Қаңқаның құрылысы және сүйек жарақаттанғанда алғашқы көмек.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.