Жаңа сабақтар

Ахметова Анара Адилжановна

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы

10 орта мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ахметова Анара Адилжановна

Сабақ жоспары

Сабақ: 9 Бөлім.Аспан әлемінің құпиялары.

Ай мен Шолпан тоғысты.

Мектеп:10 ОМГ
Күні Мұғалімнің есімі:Ахметова А.А.
Сынып: 5сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 5.O6.Оқылым стратегияларын қолдану:жалпы мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Мәтін мазмұнын түсінеді, негізгі ақпараттарды табады.

Оқушылардың басым бөлігі: Негізгі ақпараттарды қолданады.

Кейбір оқушылар: Мәтіннен анықтаған нақты ақпараттарды салыстырып, өз көзқарасын білдіреді.

Тілдік мақсат: Оқушылар (істей алады)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сыныптағы диалаог (жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға араналған тармақтар:

Неліктен екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар

Алдыңғы оқу (үй тапсырм.)

Спиральді оқыту.

Аспан денелері,ай, күн, жұлдыз,ғаламшар
Жоспар
Жоспарланған уақыт Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар
Сабақтың басы

5минут

Психологиялық ахуал. «Көңіл күй барометрі» Сабақ басында оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау үшін қолданылады. Бұл оқушының алдағы жұмыс жасау кезінде көңіл күйінің көтерілуіне бақылау үшін тиімді болады.

Топқа бөлу. Күн, ай, жердің суреттерін қиып, оларды арластырып, оқушыларға таратып беру керек.Оқушылар қиықтардан бүтін құрастырып, сол бойынша топ құрайды.

1-топ.Күн.

2-топ.Ай.

3-топ.Жер.

Оқушыларға суреттер көрсету арқылы сабақтың тақырыбын болжайды. «Болжау» әдісі

Төмендегідей сауалдар қойылады:

1.Мына суреттен нені байқадыңдар?

2.Қандай аспан денелерін білесіңдер?

3.Ай мен шолпанның жер планетасымен қандай байланысы бар?

4.Жердің серігіне қай жұлдыз жақын?

Сұрақтарға жауап беріп, белсенділік көрсеткен оқушыларды «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сияқты ҚБ қолданамын.

Оқушылар көңіл-күйлерін cмайликтерге белгілейді.

Оқушылар топқа бөлінеді.

Сұрақтарға жауап беру арқылы аспан денелерінен мәлімет алады.

Интербелсенді тақта
Ортасы

5 минут

20минут

1.Мәтінді іштей түсініп оқу. Ай мен Шолпан тоғысының тарихы.

Ежелгі адамдар аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айратын болған. Жердің жалғыз табиғи серігі – Ай.Ғарышта күн жүйесіне жақын ғаламшар Шолпан деп аталады.Ол Күнді кері айналатын ғаламшар.Шолпан Аймен тетелес болады.Қазақ жұртының уақыт есебінде тоғыс есебі ерекше маңызды. Айдың үркерді басып өтуі тоғыс деп аталады. Тоғыс есебі–мал шаруашылығымен шұғылдaнып жүрген қазақ халқының күнтізбесі. Ай толғанда ауа райы бұзылып, өзгеріс болады. Тоғыс үш күнге жaлғасады.Бір жылда 13 рет тоғысу оның11 ғана көре аламыз.13 тоғысты шамамен 28 күн деп есептейді. Тоғыс есебі ежелгі түркі және үнді халықтарына белгілі болған.

Қазақ халқы көшіп – қону шаруaларын тоғысқа үйлестіріп отырған. Тоғыспен байланысты есептің бірі– амалдар деп аталады.Амалда ауа райы бұзылып, адамға да жайсыз болып ,қара суық ,жел, жауын, қар жауады.Амалдар: Қаңтарда-тоқырауын.Күн тоқтаған кезге байланысты амал.

Ақпанда–ақпан амалы. Ақпан –Тоқпан ағайынды жігіттер қой бағады.Ақпан қой жайған уaқытта ауа райы бұзылып қоймен бірге үсіп өлген.

Наурызда –Үтамалы.Арпа-бидай сaтқан сарт жиған малын айдап бара жатып, қырылған, жазғытұрым табылған.

Сәуірде -Отамалы.Сіріңке жоқ замaнда көрші ауылдан от алуға барған әйел үйіне жеткенше бұрқақата адасып үседі.

Мамырда –Әзамалы. Әзді ақ сақалды үлкен қария адамның бейнесімен бейнелеп түсінеді. «Әз болмай жаз болмас,жаз болмай, мәз болмас» деген сөз қалғaн.

Топтық тапсырма.

1-топ. «Инсерт» әдісі . Берілген мәтінді «түртіп алу» әдісін пайдаланып,ақпаратпен танысып шығу.Мәтінді мына

«V» — «білемін», «-» -«мен үшін түсінікті», «+» -«мен үшін жаңа ақпарат», «?» -«мені таңғалдырады» белгілермен белгілейді.

2-топ. Иллюстрациялық бейнелеу.Мәтіннің негізгі ойын сурет,сызба,кесте арқылы бейнелеп көрсету.

3-топ. Венн диаграммасы. Ай мен Шолпанның ұқсас, айырмашылықтарын табу.

ҚБ. « Диірмен әдісі» әдісі арқылы топтарға дескрипторлар беріледі.Топтар өзара бағалайды.

Сергіту сәті:«Мен еңбекші баламын» Мұғалімнің көрсетуімен оқушылар денелерін қозғалтып, әр түрлі іс-әрекет жаттығуларын жасайды. Мысалы: Мен жер қазамын, мен арам шөп жұламын, мен тау көтеремін… т.с.с. (оқушылар әрі қарай өздері де жалғастыруға болады)

Мәтінді түсініп оқиды.Мәтін ішінен негізгі ақпараттарды алады.

Дескриптор:

1-топ

  • Маңызды ақпаратты анықтайды.
  • Жаңалық болған мәліметпен бөліседі.

2-топ

-Мәтіннің егізгі ойын анықта;

— Негізгі ойын сурет,сызба кестелер арқылы көрсет.

3-топ

Мәтіннен қажетті ақпаратты алады;

-Ұқсастықтары мен айырмашылықтарына өз көзқарастарын білдіреді.

Мәтін беріледі.

Түрлі түсті маркер, ақ қағаздар

7минут

3минут

2-тапсырма. Жұптық жұмыс.

Мәтіндегі көнерген сөздердің мағынасын түсіну үшін «Апельсин» әдісі. қолданамын.

Тоғыс амалдары жазылған тірек сөздерді атап, мағынасын аш. Берілген тірек сөздер:Үркер,Тоғыс, Тоқырауын, Үтәмалы,Отамалы, Әзамалы.

ҚБ. «» арқылы бағалау.

3-тапсырма.Жеке жұмыс.

«Сәйкестендіру» әдісі. Берілген ұғымдардың анықтамасын нақты ақпаратпен жұптастыру арқылы оқушылар Кесте таратылады.

Тоғыс наурызда

Отамалы айдың үркерді басып өтуі

Үтамалы мамырда

Әзамалы үш күнге ұласады

Қаңтарда тоқырауын.

Тоғыс сәуірде

Тоғыс амалдарын атап, көшпелі қазақ халқының өмірімен байланысын ашады.

Жұптағы оқушы оқып, мағынасын ашады.

Кестені нақты ақпаратпен сәйкестендіреді.

Аяқталуы

5минут

Рефлексия.

«3 –минуттық үзіліс» стратегиясы

Өтілу барысы: Оқушылар жаңа тақырыпты ой елегінен өткізу мақсатында 3- минуттық үзіліс ұсынылады. Төмендегідей

сөйлемдер беріледі:

Мен …… туралы көзқарасым өзгерді…..

Мен……. жайлы хабардар болдым……

Менің …… жайлы айқын түсінік қалыптасқан тұсы……

Мені…… таң қалдырғаны…….

Үйге тапсырма. Ай мен Шолпан туралы ғаламтор желісінен қосымша ақпаратпен танысып келу.

Кері байланыс:

«Тамаша идеялар»

1.Сіз үшін жаңа 3нәрсе

2 Назарыңызды аудартқан 1нәрсе

3Сізді ойландырған 2 сөзді жазыңыз.

Қосымша ақпарат
Саралау —

  • Сіз қосымша көмек көрсетугді қалай жоспарлайсыз?
  • Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмаларды күрделендіруді қалай жоспарлайсыз
Бағлау –

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс-

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ- мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

. Астрономия, қазақ әдебиеті, жаратылыстану пәндері
Рефлекция Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сіздің сабағыңызға сәйкес келетін сұрақтарға жауап жазыңыз.
Сабақ (оқу) мақсаттары шынай болды ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Жоспарға қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)
1 2
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)
1 2
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? толтыр

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.