Абишева Маржан Абилдаевна

Пәні: Қазақ тілі

ТАҚЫРЫБЫ: Зат есім

Мектеп: Шымкент қаласы, «№ 28 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

Абишева Маржан Абилдаевна

СЫНЫП: 3

КҮНІ:
Оқу мақсаты: 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтінтүрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрынсалыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім,етістік) табу.

Lesson Studyмақсаты Оқушыларға оқу бағдарламаларын тиімді тәсілдер арқылы, тыңдалым дағдысын қалыптастыру.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Барлық оқушылар жасай алады:

Сөйлемнен зат есімді тауып, олардың түрлерін ажырата алады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайалады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері
  1. Сөйлемнен зат есімді тауып, олардың түрлерін ажыратады.
  2. Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды.
  3. Берілген тақырып бойынша ой қорытады.
Ойлау деңгейлері Білу, түсіну, қолдану
Тілдік мақсат Зат есім, жалқы есім, жалпы есім
Құндылықтарды дарыту Сыйластық, ұйымшылдық, ынтымақтастық
Пәнаралық байланыс Көркем еңбек, әдебиет
Акт қолдану дағдылары Ғаламтордан қажетті ақпаратты көрсету
Алдыңғы білімдер Зат есім туралы 2-сыныпта игерген білімдеріне негізделіп

меңгертіледі.

Саралау Оқушыларға тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Бағалау Оқушылардың жұмысын бақылау және бағалау. Олардан сұрақ-жауап алу. Сабақ барысында кері байланыс беру. Оқушылар бір-бірін тексеру.
Жоспар
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет Дереккөздер
2 минут Сыныпта раппорт орнату
5 минут Мұғалім:

  • Балалар, қазақ тілі сабағы да «Кезбе тілші» әдісі арқылы өтеді. Тілшілер тікелей эфирде зат есімнің түрлері арқылы сабақ барысында сұхбат жүргізеді.

Тілші:

  • Достарым, тікелей эфир арқылы бүгінгі сабақты бастаймыз.
  • Алдымен сіздердің назарларыңызға журналистер дайындаған арнайы репортажымызды ұсынамыз.

Бейнеролик көрсету (Зат есімнің түрлері)

Мұғалім: – Бүгінгі сабағымыз «Зат есімнің түрлері». Зат есім және оның түрлері арқылы топқа бөлінеміз.

Сыныпты топқа бөлу

І топ: «Зат есім», ІІ топ: «Жалқы есім», ІІІ топ: «Жалпы есім»

https://imektep.kz
6 минут Топтық жұмыс.9-жаттығу.

«Құмға салған сурет» және «Суретші ата» мәтіндерін оқып, өзара салыстырады.

І топ: Мәтінде кімдер туралы айтылғанын анықтайсыздар.

ІІ топ: Мәтіндерді көркем шығарма түрлеріне ажыратасыздар.

ІІІ топ: Мәтіндердің ұқсастығы мен

айырмашылығын табасыздар.

Бағалау: сөздік бағалау, яғни қолдау көрсету. «Керемет!Еңбектеріңіз көрініп тұр!», «Жарайсың!Бұдан жақсы істей аласыздар!», «Талпын!Ерінбе!»

Тілшілер:

  • Бүгінгі сабақтағы мәтіндерді тыңдай келе, қазақтың ұлы суретшісі Ә.Қастеев туралы мәлімет жинақтаған едік. Сол ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.
  • Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері —Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956) қызметтерін атқарған.
  • Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
  • Шымкент қаласында Ә.Қастеев атындағы көркемсурет колледжі, Алматы қаласында Ә.Қастеев атындағы Ұлттық мұражай бар.
  • Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!
3 минут (Ө; Ұ;) «Суретші ата» мәтінінен зат есімдерді тауып, қайсысы жалпы, қайсысы жалқы есім екенін ажыратып, анықтайды және жазады.

Бағалау: жұптық бағалау

5 минут Топтық жұмыс.Тәжірибелік әдіс: «Құмға сурет салу»

І топ:ІІ топ:ІІІ топ:

«Кезбе тілші» әдісі.

Тілшілер:

  • Балалар, қазір құмға салған кезде қандай әсерде болғандарыңыз туралы айтасыздар. Мына сұраққа жауап беріңіздерші.
  • Сурет салу арқылы адам қайтеді?
  • Сурет салу арқылы қандай сезімде болдыңыз?,
  • Құммен сурет салғанда адамның қандай қабілеті дамиды?
  • Рақмет!

Дескриптор:

  • Мәтіндерді көркем шығарма түрлеріне ажыратады.
  • Мәтіннен зат есімдерді табады және оның түрлерін анықтайды.
  • Құмға сурет салады.

Бағалау: сөздік бағалау, яғни қолдау көрсету. «Керемет!Еңбектеріңіз көрініп тұр!», «Жарайсың!Бұдан жақсы істей аласыздар!», «Талпын!Ерінбе!»

5 минут Жұптық, ұжымдық жұмыс. 10-жаттығу.Мәтінді оқып, мәтіннен зат есімдерді тауып жазасыздар.

Мүсін әртүрлі тәсілмен жасалады. Мүсіннің бедерін шығаруда жұмсақ сазбалшық пайдаланылады. Қатты затты кертіп* те бедер* жасауға болады.

Жұппен жұмыс жасайды.

Орындалған жұмысты өзара бағалау үшін

мұғалімнің басшылығымен бір-бірінің жұмысын өзара тексеріп, қатені табу және түзету жұмыстарын жүргізеді. Мүсін сөзінің айтылуы мен жазылуын салыстырады.

Мүсін – мүсүн

Сөздік жұмыс: Сурет – рисунок – picture

Құм – песок – sand

Мүсін – монумент – monument

Дескриптор:

  • Мәтіннен зат есімдерді тауып, қатесіз көшіріп жазады.
  • Мүсін сөзінің айтылуы менжазылуын салыстырады.
Түсіндірме сөздік

Оқулық, дәптер

2 минут Ұжымдық жұмыс. «Кезбе тілші» әдісі.
Тілші:

  • Балалар, «Күн мен түн» ойынын ойнайық.
  • Шарты: менің бұйрығым бойынша «Түн» дегенімде, балалар «ұйықтайды». Мен бір оқушының алдына «кім?», «не?», «кімдер?» «нелер?» сұрағының біреуін қоямын. «Күн» дегенде, ол «оянып», сол сұраққа жауап бересіздер.
Қима қағаздар
7 минут Топтық жұмыс.

«Зат есім» тобы:Әртүрлі сөз таптарынан жасалған сөздер жазылған қима қағаздар беріледі. Топ мүшелері олардың арасынан зат есімдерді табады.

Керекті сөздер: тоқиды, мүсін, тігеді, суретші, көк, құм, жиырма, ермексаз, көлбеу,ата.

«Жалпы есім» тобы: зат есімдердің арасынан жалпы есімдерді табады.

Керекті сөздер: Қыз, Айгүл, салыстырады, тау, қызыл, әнші, Қапшағай, қала, Есіл, күйші.

«Жалқы есім» тобы: зат есімдердің арасынан жалқы есімдерді табады.

Керекті сөздер:Дина, аң, Алатау, отырды, Астана, қойшы, Балқаш, мүсінші, Ертіс,он.

Дескриптор:

  • Сөз таптарын ажырата алады.
  • Зат есімнің түрлерін ажырата біледі.

Мұғалім:

  • Бәрекелді! Сөз таптарының арасынан зат есімді және оның түрлерін таба білдіңіздер. Сонымен зат есім дегеніміз не? Зат есім неше түрге бөлінеді? Жалпы есімге түсініктеме берсеңіздер. Жалқы есімге түсініктеме берсеңіздер.
  • Дұрыс, бүгін біз әр түрлі тапсырмалар орындау барысында жалқы есім, жалпы есім туралы білетін білімімізді толық ашып, дәлелдедік. Келесі сабақта осы тақырыппен әрі қарай тағы да жұмыс жасаймыз.

Бағалау: сөздік бағалау

«Кезбе тілші» әдісі.

Тілші:

  • Жарайсыздар, достарым! Бүгінгі «Зат есім және оның түрлері» тақырыбын тамаша меңгеріпсіздер! Ана тілімізде дұрыс сөйлеп, сауатты жаза алады екенсіздер!
  • Сіздер – еліміздің жарқын болашағысыздар! Келесі кездескенше күн жақсы болсын!
Қима қағаздар
5 минут Кері байланыс.

«ВАК» әдісі

В (визуалды қабылдау) – бүгінгі сабақта көзімізбен не көрдік?

А (аудио қабылдау)- Кімді тыңдадық? Не туралы тыңдадық?

К (кинестикалық қабылдау)– қандай қимылдар жасадық? Не сезіндік?

Үйге тапсырма: 11-жаттығу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше