Жаңа сабақтар

Омирова Айзада Касымжановна

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы

№157 жалпы білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Омирова Айзада Касымжановна

Тақырыбы: «Ана — гүл, ана — жыр, ана — өмір шуағы»
Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға – Ана туралы түсіндіру.
Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту.
Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, техникалық құрал.

Музыка. Балалар ортаға шығады

І жүргізуші:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана — гүл, ана — жыр, ана — өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

ІІ жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.

Балалар үш тілде құттықтайды

І жүргізуші:

Кім сендерді балалар сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын – деп біздің жігіттердің аналарына арналған әнін қабыл алыңыздар

ӘН: «Ақ дидарлы Анашым»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, аналарыңа деген жүрек жарды тілек өлеңдерің болса құттықтауларыңа болады.

Аңсар. Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі

Аман жүрсең маған сол ғой керегі

Бақытты бол, ауырма деп тілейді

Сәбиіңнің жұдырықтай жүрегі

Жансерік. Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Өркен. Айналайын Анашым

Аялайсың бағасың

Ауырмашы ешқашан

Біздерге сен панасың

Аян. Құтты болсын ардақты ана

Асыл анам мерекең

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты мерекең!

Жүргізуші: Ару ана өмірдің асылдары

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары – ал қошеметтеп бүгінгі біздің мерекеге келген әжелерімізді қарсы алайық

Көрініс-би: «Бабушки-старушки»

Жүргізуші: Қошемет қанекей, бүгінгі біздің әжелерімізге. Ал балалар аналарға деген тағы өлеңдерің бар ма? Қане ортаға шығып құттықтайық.

Тақпақтар. 1ж

Жүргізуші: Өте жақсы. Керемет өлең жолдары екен. Біздер қазір үштілділікке кқшіп жатқанымыз бәрімізге белгілі, үш тілде құттықтадық, ал енді ағылшын тіліндегі әнімізді қабыл алыңыздар!

Ән: «I love my mommy»

Жүргізуші: Кетті қыстық ызғар

Еріп жатыр мұздар

Мерекеңіз бүгін

Қызғалдақтай қыздар! – демекші бүгін ұлдар қыздарды құттықтап би дайындады қабыл алыңыздар!

Би: «Джентелмены»

Жүргізуші: Жарайсыңдар ұлдар, қыздарды бүгінгі мерекесімен құттықтап би билеп бердіңдер. Ал енді қыздарды ортаға шақырып ойын ойнасақ.

Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»

1-жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

2-жүргізуші: Жарқыраған қызыл гүлдей

Болсын әрбір күніңіз

Сәуле шашқан әсем күндей

Көтерілсін көңіліңіз- деп, Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық , гүлдей құлпырып жүрулеріңізді тілейміз. Қазір_____________Бақжанаттың орындауында әсем әнмен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сау саламатта болыңыздар.

Ән: «Ана»

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.