Жаңа сабақтар

Дүйсенбиева Гулнур Ерболовна

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы

№157 жалпы білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Дүйсенбиева Гульнур

Сабақтың тақырыбы: Ертегі еліне саяхат. Ашық сабақ

Ертегілер еліне саяхат сабағының мақсаты:

Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Кеңістікте бағдарлану (сахнада, ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу. Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу. Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу. Ым- ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.

Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сахналау

Түрі: саяхат сабақ

Ертегілер еліне саяхат сабағының көрнекілігі: интерактивті тақта

Ертегілер еліне саяхат сабағының барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгінгі біздің күніміз ерекше болмақ. Біз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Келіңдер бәріміз жылулық шеңберіне тұрайық.

Жылулық шеңбер:

-Балалар ертегілер елінде барлық тілектеріңді орындайтын заттар бар дейді ол нелер білесің дер ма? Дұрыс айтасыңдар. Ондай таяқшаның бәреуі менде бар, кәне көзімізді жұмып іштей осы таяқшаға тілектерімізді айтайық. Айтып болған соң ақырын таяқшаға қарай үрлейікші.

-Жарайсыңдар, Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Әрине жақсы көреміз.

-Балалар, ертегілер елін қандай деп ойлайсыңдар?

Балалар:Ертегілер елі дегеніміз қиял-ғажайып әлемі.

Дұрыс айтасындар балалар. Ертегілердің сан алуан түрлері бар мысалы: жан-жануарлар туралы, аңдар, үй жануарлары туралы. Ертегілердің көбі басталғанда қалай басталады? Ал аяқталғанда қалай аяқталады? Қандай жаман кейіпкерлерді білесіңдер? Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Әрине жақсы көреміз.

-Ендеше ойын ойнайық, барлығың интерактивты тақтаға назар аударыңдар. Суретке қарап қай ертегі киіпкері екенін табыңдар. Келістік пе?

«Зерек бала» ойыны: «Бұл қандай ертегі»-(слайдтан үзінді көрсету 2-3ертегі түрлерін)

Балалар:(ертегі түрлерін атау керек)

Олай болса балалар ертегілер еліне саяхатқа шығайық.Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, ептіліктер, мықтылар бара алады екен, біз мықтымыз ба?

Балалар: Біз мықтымыз!

-Керемет, олай болса біз көңілді әнімізбен саяхатқа аттанайық

ӘН: «ЕРТЕГІ ӘЛЕМІ»

-Тамаша, балалар орындарыңа жайғасыңдар. Біздің сыныпқа ертегі ханшайымы қорап тастап кетіпті бұл жай қорап емес сыйқырлы қорап екен. Кәне ішін ашып көреміз бе? Мында бізге тапсырма бар екен. Мына ертегіні сахналап беріңдер депті. \суретті көрсетіп\ Балалар бұл қай ертегі?

«ШАЛҚАН» ЕРТЕГІСІНІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ

Жарайсыңдар балалар. Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Олай болса қанекей қол шапалақтау арқылы бағалайық. \қол соғады\

Өте тамаша балалар, сонымен саяхатымызды жалғастырамыз.

Балалар бізге қонақ келген сияқты, міне көрші ертегі әлемінен мысық келіпті. Қош келдің мысық, сен біздің ертегі әлемімізде не істеп жүрсің?

Мысық: Сәлеметсіздер ме! Мен өзімнің ертегі әлемімнен адасып кеттім, маған көмек беріңдерші!

-Балалар мысыққа көмектесеміз бе? Мысық өзі қай ертегінің киіпкері? Дұрыс айтасыңдар. Қане онда мақта қыз ертегісін сахналап, мысықты өз ертегісіне жіберейік

«МАҚТА ҚЫЗ» ЕРТЕГІСІНІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ

-Тамаша балалар бұл ертегі де керемет екен, солай ғой? Олай болса қол соғып бағалайық\қол соғады\

-Балалар біздің мына ертегі әлемінен елімізге қайтатын уақыт та болып қалыпты. Балалар «Атамекен» әнімен өз елімізге оралайық.

ӘН: «АТАМЕКЕН»

-Мінекей сыныбымызға да оралдық. Балалар сендерге ертегі әлемі ұнады ма?

Сендер ол жерде немен таныстыңдар? Бүгінгі саяхат сендерге ұнаған болса бас бармақ арқылы бағалайық.

Күтілетін нәтиже:

Білу: ертегі кейіпкерлерінің атын атауды

Түсінеді: кейіпкердің мінез- құлықтарын ажырата отырып, жақсы мен жаманды ажырата алады.

Істей білуі керек: Ертегілер мазмұнын айта біледі, әуенге сай қимыл –қозғалыстар жасай біледі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.