Жаңа сабақтар

Есполова Бейбит Жайлаухановна

ҚМЖ

Пән: Сауат ашу Мектеп: №157 жалпы білім беретін мектеп
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Есполова Бейбит Жайлаухановна
Сынып: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Д дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.3.8.1. Жазу жолын жоларалық кеңістікті ,жолдың жоғары жіне төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Бөлім: Әліппе кезеңі. Оқылым
Бөлімше: Оқу түрлерін қолдану
Орта мерзімді жоспар бөлімі: «Менің достарым»
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындайды:

Әріпті танып, оны дыбыспен ажыратады.

ОқушылардФың басым бөлігі:

Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Кейбір оқушылар:

Әріпке байланысты сөздер құрады

Бағалау критерийі — әріпті танып оны дыбыспен ажыратады

-әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады

— әріпке сай сөздер құрастырады

Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминалогия

Доп, дала,далада, аула, аулада, достар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер тіркестер

-бұл өлең бе, әлде әңгіме ме?

-сенің досың бар ма?

-ол кім?

-саған оның қандай қылығы ұнайды?

Құндылықтарды дарыту Адамгершілікке, ынтымақтастыққа , достыққа тәрбиелеу .
Пәнаралық байланыстар Өзін — өзін тану ( достыққа байланысты қасиеттерді атайды)
АКТ дағдыларын қолдану Интербелсенді тақта
Бастапқы білім
Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Миға шабуыл

Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбері

Мына аспан астында

Жақсы дос көп табылар

Мен де соның бірімін,

Сыйлығымды қабыл ал!

«Жүрекше»арқылы достарына бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

Топқа бөлу «Галлереяны шарлау» әдісі

Оқушылар домбыра, доп, дәптер суреттерін таңдау арқылы үш топқа бөлінеді

1-топ «домбыра»

2-топ «доп»

3-топ «дәптер»

«Ойлан тап» әдісі

Жұмбақ

Бала біткен соғады,

Жеңіл шарды домалақ

Ұрсаң ұшып жоғары

Жерге түсер домалап

Ол не? (доп)

Дд дыбысын бірнеше рет айтқызып, дауыссыз дыбыс екенін біледі.

«Доп» сөзіне дыбыстық талдау жасайды

Дескриптор:

· Жұмбақты табады

· Жауабына дыбыстық талдау жасайды

ҚБ «Қол соғу» әдісі

Сабақтың ортасы Ұжымдық жұмыс

Достары көп Мараттың

Ойнайды олар аулада

Ағасы мен Болаттың

Барды олар тауға да.

-Бұл өлең бе, әлде әңгіме ме?

-«Дос» дегеніміз не?

Дескриптор:

-Тыңдап, сұраққа жауап береді

-«Достық» туралы пікірлерін айтады

ҚБ: «Қол соғу» әдісі

Дәптермен жұмыс «Көркем жазу» әдісі

Дескриптор:

· Д әрпін таниды

· Каллиграфияғай сай жазады

ҚБ «Күлегештер әдісі

Жеке жұмыс

Оқылым «Білім конверті» әдісі

«Буынға буынды қос»

Әр балаға конверттер таратылады. Ішіндегі буындарды біріктіріп сөз құрастырып оқиды

Дескриптор:

· Оқушылар құрастырған сөздерді буындап және тұтас оқиды

· Мағынасын ажыратады

ҚБ «Күлегештер» әдісі

Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілін қолдандым.

«Жоғалған сөзді тап» әдісі

Дискриптор:

· Берілген сөйлемді оқиды

· Сызбаға қарап, жоғалған сөзді табады

· Сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжайды

ҚБ «Күлегештер» әдісі

Сергіту сәті

Топ, топ, добым.

Топ, топ, добым домалақ

Қайда кеттің домалап.

Бір, екі деп екі ұрдым,

Шатырға сен секірдің

Топтық жұмыс

«Сөз ойла, тез ойла» әдісі. «Күн шұғыласы» Д дыбысынан басталатын сөздер ойластыр

1-топ «домбыра»

2-топ «доп»

3-топ «дәптер»

Д

Дескриптор:

· Д дыбысынан басталатын сөздерді табады

· Д дыбысын ажыратып, жазады

ҚБ «Бас бармақ» әдісі

Аудиотыңдалым

Қимыл-қозғалыста қайталау

Сабақтың соңы Бекіту

Кері байланыс

«Кім тез?» ойынын ойнату арқылы оқушының бүгінгі алған білімін бекіту.

Д дыбысы бар сөздер тізбегін беріп, оған дыбыстық талдау жасау және сөйлем құрау

Дискриптор:

· Дауысты, дауыссыз дыбысты ажыратады

· Дыбыстық талдау жасайды

БҚ «Күлегештер» әдісі

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау- оқушылардың

материалды меңгеру

деңгейін

қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Оқушыларға қосымша тапсырма беру арқылы, жаңа тапсырманы кеңінен түсініп, белсенділігін арттыру мақсатында «Тапсырма» тәсілін қолданамын Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін «Қол соғу», «Күлегештер» бағалау әдістерін қолданамын Сабақ барысында сергіту сәті мен белсенді іс-әрекеттерде қаіпсіздік техникасын сақтаймын. «Галлереяны шарлау», «Ойлан тап», «Көркем жазу», «Білім конверті», «Сөз ойла, тез ойла» оқу әдістерін қолданамын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.