Абдикасымова Жанна Сериковна
Алматы қаласы, Наурызбай Ауданы
№157 жалпы білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Абдикасымовна Жанна
«Сағындырған Алтын күз»
мерекелік концерт
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымызбен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
-Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі 2 сынып оқушылар дайындаған «Сағындырған Алтын күз» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
Ән: 2 «Ж» сыныбы Би: «Жапырақтар»
/Ән біте бергенде бір қыз құлап қалады/
1.Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
/Басқа оқушылар көмектесіп демейді/
2.Енді, енді не істейміз?
/Құлаған баланың атын айтып/ қалай көмектесеміз?
3.Сабыр сақта, саспайық. Дәрігер шақырайық!
1.Жо-жоқ! Дәрігер керек емес! Қазір өзім тұрамын тез!
4.Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
5.Ауырмау үшін суық суға шомылу керек. Бұл – дәлелденген рецепт!
- Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер!
/ «Жедел жәрдем» Машинаның дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді/
Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздарың бар?
Бәрі бірге: /Әлсіреп құлаған баланы атайды/ дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер: Қазір қарап шығайын.
Неден ауырғанын ұғайын…
/Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды/
А-а-а –деп қане, аузыңды ашшы…./Тексереді/
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол-аяғың әлсізденген
Қызуың ыссық екен.
Білем, неден ауырғаныңды..!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
1.Енді не істеймін?
Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп-көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!
6.Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістерде көкөністерде пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдыртайық!
