Жаңа сабақтар

Абашова Нұрсипат Ибадуллаевна

Алматы қаласы Наурызбай ауданы

№157 жалпы білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Абашева Нұрсипат Ибадуллаевна

Пән: Сауат ашу Мектеп: №157 жалпы білім беретін мектеп
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Абашова Нурсипат Ибадуллаевна
Сынып: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Мектепке саяхат. А дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.3.8.1 Жазу жолын жоларалық кеңістікті, жолдың жоғары жіне төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Бөлім: Тыңдалым айтылым бөлімі
Бөлімше: 1.4 Оқиғаны болжау
Ортақ тақырып «Менің мектебім »
Сабақ мақсаттары Барлық оқушы:

А әріпін танып,ажырату арқылы дыбыспен сәйкестендіреді

Оқушылардың басым бөлігі:

Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Кейбір оқушы:

А әріпінде дыбыстық талдау жасап, сөздер құрастырады

Бағалау критерийі -мәтінді тыңдайды, кім туралы айтылғанын баяндайды

— дыбыстарды ажыратады

-әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады

— әріпке сай сөздер құрастырады

Тілдік мақсаттар Аа дыбысын айтып үйренеді, оқиғаны әңгімелейді.
Құндылықтарды дарыту Адамгершілікке, ынтымақтастыққа , достыққа тәрбиелеу .
Пәнаралық байланыстар Дүниетану, көркем еңбек
АКТ дағдыларын қолдану Бейнебаян, интербелсенді тақта, презентация
Бастапқы білім Нәтиже сабақ
Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Шаттық шеңбері

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Амансың ба, Алтын Күн?

Амансың ба, Көк Аспан?

Амансың ба, Достарым?

Сендерді көрсем қуанамын.

«Күн шуағы» арқылы оқушылармен амандасып ынтымақтастық атмосферасын орнату. Шеңбер бойымен тұрып күн суретін бір-біріне ұсыну арқылы тілектерін айту.

Топқа бөлу «Галлереяны шарлау» әдісі

Оқушылар Сынып ішіндегі алма, алмұрт, анар суреттерін таңдау арқылы үш топқа бөлінеді

1-топ

2-топ

3-топ

Бастапқы білімді пысықтау

Сабақтың ортасы

Миға шабуыл

Сергіту сәті

«Ыстық орындық» әдісі арқылы бастапқы білімді пысықтау

Берілген сұраққа жылдам жауап беру керек себебі , орындық ыстық

-Дыбыс дегеніміз не?

(Дыбысты біз есітеміз, айтамыз)

-Әріп дегеніміз не?

(Әріпті жазамыз, көреміз)

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

(Дауысты және дауыссыз)

Дескриптор:

— Дыбыс пен әріптің айырмашылығын айтады

— Әріп пен дыбыты ажыратады

ҚБ «Қол соғу» әдісі

Таныстырылым

«Ойлан тап» әдісі арқылы«Кел жұмбақ шешейік» ойыны Жұмбақтың шешімін тауып, оны жеміс себеттен алып көрсетеді

Алма дерсің, түсіне қарап,

Жүгері дерсің, ішіне қарап

Татсаң тәтті, бал шәрбәтті (АНАР)

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты (АЛМА)

Уылжыған албырт

Дәмі ғажап…… (АЛМҰРТ)

-Жұмбақтардың жауабы қандай әріптен басталып тұр?

Тыңдалым

«Бейнебаян» әдісі

Аа дыбысы мен әріпіне байланысты бейнебаян көрсету. Бейнебаяндағы сөздерді буынға бөліп, басқа да мысалдар құрастырады

Дескриптор:

Аа дыбысы мен әрібін ажыратады

Сөздерді буынға бөледі

Мысалдар құрастырады

ҚБ «Қол соғу» әдісі

Дәптермен жұмыс

«Көркем жазу» әдісі

Дескриптор:

Әріпті дыбыстан ажыратады

Каллиграфиялық талаптарға сай жазады

ҚБ «Күлегештер» арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды

Сергіту сәті

Қорбаңдаған Аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қаламызға салайық

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай балалар

Үп-үлкен болып өседі.

Топтық жұмыс «Сиқырлы сандық» әдісі.

Жәшіктен өзіне керекті суретті таңдап, берілген тапсырмаға сай суретті жабыстырады

«Мектепке саяхат» ойыны Мектепте қандай құалдар бар өзіне керекті суретті таңдап жабыстырады.

1-топ «Асханада»

2-топ «Спорт залда»

3-топ «Сыныпта»

Дескриптор:

Мектеп асханасында қандай заттар бар ажыратады

Спорт қалдың құралдарын анықтайды

Сыныпта оқу құралдарын ажыратады

ҚБ «Бас бармақ» әдісі

Сабақ барысында Саралаудың «Тапсырма» тәсілін қолданып, оқушылардың білімін бекітемін.

«Кім тез?» ойыны.

А әріпінен басталатын сөздер тізбегін беріп, оған дыбыстық талдау жасайды.

Дискриптор:

· Дауысты, дауыссыз дыбысты ажыратады

· Дыбыстық талдау жасайды

БҚ «Бас бармақ» әдісі

Жемістер салынған себет

Бейнебаян

hhh://youtu.be/mUaF-G7apBI

Қимыл қозғалыспен жасайды

Сабақтың соңы Бекіту

Кері байланыс «Табыс ағашы»

Жасыл түс-маған бәрі түсінікті;

Сары түс-маған әлі де түсініксіздеу;

Қызыл түс-мен ештеңе түсінбедім;

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау- оқушылардың

материалды меңгеру

деңгейін

қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
«Оқушыларға қосымша тапсырма беру арқылы, жаңа тапсырманы кеңінен түсініп, белсенділігін арттыру мақсатында «Тапсырма» тәсілін қолданамын Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін «Қол соғу», «Күлегештер» «Табыс ағашы» бағалау әдістерін қолданамын Сабақ барысында сергіту сәті мен белсенді іс-әрекеттерде қаіпсіздік техникасын сақтаймын. «Галлереяны шарлау», «Ойлан тап», «Көркем жазу», «Қара жәшік», «Ыстық орындық» «Бейнебаян» оқу әдістерін қолданамын.

Балнур Әбдірайым

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.