Жаңа сабақтар

Перизат Таланткызы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «Алтын бала»
шағын орталығының тәрбиешісі Перизат Таланткызы

Білім беру саласы: Таным
Бөлім: Сенсорика
Тақырыбы: түстер әлеміне саяхат (жасыл, сары, көк, қызыл)
Мақсаты:
Балаларға негізгі түстерді меңгерту(жасыл, сары, көк, қызыл), ажырата білуге үйрету, түспен түсті салыстыра білуге үйрету, пішіндерді атай білуге үйрету, үлкен-кіші ұғымын қолдана білуге машықтау
Қол маторикасын дамыту, салыстыра білу қабілетін дамыту, шапшаңдыққа баулу
Затты орнына ұқыпты орналастыруға тәрбиелеу, өзін өзі бағалап, өзгеге құрметпен қарауға тәрбиелеу
Құрал жабдық: Шарлар, түрлі түсті үй пішіні қағаздардан жасалған, пирамида
Полингвалдық компонент: қызыл-красный-red, жасыл-зеленный-green, сары-желтый-yellow, көк-синий-blue
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс — әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ал балалар тұрайық,
Әдемі шеңбер құрайық
Амандасып алайық,
Қолыңды бер қолыма,
Алақанмен қауыша,
Қысып – қысып алайын
Кел құшақтас менімен
Сәлем, сәлем, сәлем

Шаттық шеңбер құрап амандасады.

Балалар тәрбиешіні қызығушылықпен мұқият тыңдайды.

Ұйымдастыру — іздестіру
Ал балалар мына әдемі орманда, бір қонжық адасқан сияқты. Сол қонжыққа көмек көрсетуіміз керек. Ол үшін біз сендермен бүгін үлкен саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта орман арасымен өте отырып, аялдамаларды табамыз.
Орманда қандай жануарлар бар, біз соларды сомдай отыра өтеміз. Себебі ормандағы аңдар бізді көріп қоймасын. Алдымен менің қоржынымдағы жұмбақтарды шеше отыра сомдайық
Екі ұзын құлағы,
Секірмек екен бұл қане
Ол не ?
Қоян екен ендеше қоянша секіріп бірінші аялдамаға барамыз
1 — аялдама: «Шарлар» аялдамасы
«Шарларды өз себетіне жинаймыз»Дөңгелек шарларды себетке жинап қойып, балаларды шығарып музыкамен сол шарларды, өз түстерімен себетке жинатқызу
Енді ең қу аң не еді балалар?
Ия түлкі түлкіше сызылып жүрейік
Сөйтіп келесі аялдамаға жету
Ал балалар енді, келесі аялдамаға кеп қалдық.
2 – аялдама «Үйшік» аялдамасы
«Үйдің терезелерін саламыз» Балаларға геометриялық пішінді үйдің бейнесін беріп, сол үйдің терезелеріне өз — өз пішіндерін дұрыс орын – орына қоямыз. (Музыкамен)
Жарайсыңдар балалар!
Сергіту кезеңі:
Секіреміз топ-топ-топ,
Шапалақтап көп көп көп,
Иілеміз оңға қарай 1 2 3
Иілеміз солға қарай 1 2 3
Жақсы келесі аңды сомдайық ол өзі қорбаңдап жүретін аң?
Ия аю, аюша жүру әдісімен келесі аялдамаға жету
3-аялдама «Пирамида» аялдама
Балалар бірінші біз пирамиданы жинамас, бұрын ең үлкенінен кішісіне қарай жинаймыз. Ал балалар апаймен бірге жинаймыз.
(Музыкамен)
Жарайсыңдар балалар!
Енді балалар мына жердегі дөңгелекке сай түсті дөңгелекті алып қыстырғышпен қыстырайқ
Қыстырып болған соң қонжыққа да жетеміз.
Қонжықтың сыйы….
Балалар бар ынталармен қызыға тыңдады.

Саяхатқа шығу

Шапшаң жинау

Балалардың байқампаздығын бақылау

Секіреміз топ-топ-топ,
Шапалақтап көп көп көп,
Иілеміз оңға қарай 1 2 3
Иілеміз солға қарай 1 2 3

Рефлексивті
түзетушілік
Балалар бүгін біз түстермен таныстық
Атату, дайын жұмыстарды бағалау, мақтау.
Қонжықты сыйын тарату
жасыл, сары, көк, қызыл

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: балалар түстер жайлы хабардар
Түзетеді: Мұқият тыңдайды, қайталайды.
Қолданады: түстерді сәйкестендіре қолданады

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.