Ақмола облысы Целиноград ауданы
Шұбар ауылы №37 негізгі мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кадырова Асель Манаповна
2019-2020 оқу жылы
«Тоғыздан тапқыры мен алғыры» сайысы
(5-сынып оқушыларына арналған)
Мақсаты: сайыс арқылы оқушылар бастауыш сыныптан өткендерін пысықтап, мақал-мәтел жаттап жүруге және оны орынды қолдануға үйрету; жұмбақ жасырып, оны табуға талпынғанда ой өрісін дамыту; жаңылтпашты жаттап айту арқылы тіл майталманы болуға көмектесу.
Мақалшылар сайысы:
І айналым. Сөздерді қатыстырып мақал-мәтел айту. Әр мақал-мәтел 10 ұпай
1-ойыншыға: Отан, дос, еңбек
2-ойыншыға: алтын, қыз, тіл
3-ойыншыға: білім, өнер, ұят
Ең аз ұпай жинаған мақалшы шығады
ІІ айналым. Мақалдың -мәтелдің жалғасын табу
1-ойыншыға: Атаңның баласы болма…
2-ойыншыға: Көз қорқақ…
1-ойыншыға: Жауға жаныңды берсең де…
2-ойыншыға: Еңбек етсең ерінбей…
1-ойыншыға: Білекті бірді жығады…
2-ойыншыға:Жаңбырмен жер көгереді…
1-ойыншыға: Қына тасқа бітеді…
2-ойыншыға: Жақсымен жолдас болсаң жетесің мұратқа…
Ең көп ұпай жинаған мақалшы келесі турға өтеді.
Жұмбақшылар сайысы:
І айналым. Жұмбақ жасырылады. Аз ұпай жинаған оқушы сайыстан шығады.
10 ұпай
1-ойыншыға:Жүзіңе салсаң көзіңді, көрсетеді өзіңді
2-ойыншыға:Санымыз қанша білмейміз, түнімен көз ілмейміз
3-ойыншыға: Тоқтап қалса – жаманатты, Озып кетсе – жаманатты
Қалып қойса – жаманатты, Оған талғам, талап қатты
1-ойыншыға: Қыста айнаға біреу, өрнек салып жүрер
2-ойыншыға: Шайнап, шайнап күнімен, Тауыса алмадым мұны мен
3-ойыншыға:Өзі таудың бөктерінде өседі,Жаңа жылда үй төріне көшеді
1-ойыншыға: Қыс бойы жатады,тәтті ұйқыға батады
2-ойыншыға: Болса дағы инесі, іс тікпейді. Бұл несі?
3-ойыншыға:Өшірді , сүртті,өзгені құртты,өзін де құртты
ІІ айналым. Алға шыұұан екі жұмбақшы бір-біріне жұмбақ жасырады. Көп ұпай жинаған жұмбақшы келесі турға өтеді.
Жаңылтпашшылар сайысы:
І айналым. Ойыншылардың ең көп жаңылтпаш жаттап келгендері келесі айналымға өтеді.
ІІ айналым. 2 ойыншыға экранда жаңылтпаштар беріледі. Бір рет оқығаннан кейін өшіріледі. Жатқа айтуы тиіс
- Шөжем деп шешесі бәйек,
Шешем деп шөжесі бәйек.
Шешесі шөжем жесін дейді,
Шөжесі шешем жесін дейді.
- Ақ лағым семіз,
Ақ ала лағым сегіз,
Ала лағым да сегіз
Ақ лағым да сегіз.
- Аршабек арша деп шыршаны,
Шыршабек шырша деп аршаны,
Шатасты күлдіріп баршаны,
Шырша деп,арша деп шаршады.
- Қырбық қар құрғақ па?
Құрғақ қар құрғақ па?
Қырбық қар да құрғақ,
Құрғақ қар да құрғақ.
Соңғы сайыс: 3 жеңімпаз шығады. Жұмбақ жасырылып Жұмбақшы шешеді. Мақалшы сол сөзді қатыстырып мақал айтады. Жаңылтпашшы – сол сөздің ішіндегі бір әріпке байланысты жаңылтпаш айтады.
- Аспандағы алып доп,Жарқырайды жарық боп(күн)
- Зулап түсіп төменге, Шықпас менсіз төбеге(шана)
- Бөрене тұмсық, емен аяқ,жануар бар, некен саяқ.(піл)