Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Сауат ашу
Ұзақ мерзімі жоспар бөлімі: Саяхат Сыныбы: 1 |
Мектебі: БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №2 ЖББОМ
Мұғалімнің аты-жөні:А.А.Есетова Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы: | Табиғатқа саяхат.
Б дыбысы мен әрпі |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспенсәйкестендіру.
1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер мен мәтін құрастыру және жазу. |
||
Сабақ мақсаттары: | 1.Б әрпін таниды,ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді; тақырыпқа байланысты керекті сөздерді пайдаланып жай сөйлем құрастырады.
2.Б дыбысы бар сөздерді пайдаланып тақырыпқа байланысты сызбалар арқылы сөйлемдер құрастырады. 3.Тақырыпқа байланысты мәтін құрастырады. |
||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология:
Әріп,дыбыс, буын асқабақ,бақша, бөрік,бақбақ,бота Диалогпен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -Б дыбысы қандай дыбыс? -Б дыбысын қатыстырып буын құра. -Б дыбысынан басталатын сөздерді ата. |
||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық топтық жұмыста, жұптық жұмыста көрінеді
Азаматтық жауапкершілік мәтінмен жұмыс кезінде көрініс табады. |
||
Пәнаралық
байланыстар |
Математика – буын санын ажыратуда;
Дүниетану- өсімдікті ажырату кезінде; |
||
Бастапқы білім | Әріптерді таниды.
Сөздерді оқиды. Буынға бөледі. |
||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | |
Сабақтың басы
3 минут |
Ширату: «Иә, жоқ» ойыны
— П дыбысы дауысты? (жоқ) — П әріпінен басталатын сөздерге ана, бала, доп сөздері жатады? (жоқ) — П әріпінен басталатын сөздерге парта, піл, пингвин сөздері жатады? (иә) — П дауыссыз дыбыс? (иә) «Жұмбақ шешу» Ақ сарайды талқандап, -Бұл не? -Балапан. -Балапан сөзіндегі бастапқы дыбыс қандай? Топқа бөлу. «Сандықшадағы тапсырмалар» Сандықша ішінде: бала,бау, бауырсақ, арба,ағаш, апа, шана, суреттер берілген.Енді балалар мынадай ретпен топқа бөлініңдер. 1.Балапан, бала, батпырауық 2.Асқабақ, шабақ, домбыра 3. Шана,апа,ағаш (Оқу мақсатымен таныстырамын) Б әрпімен танысып, ажыратамыз және оны дыбыспен сәйкестендіреміз.Тақырыпқа байланысты керекті сөздерді,сызбаларды және суреттерді пайдаланып жай сөйлем мен мәтін құрастырамыз. |
Жұмбақтар жинағы
balakai.kz |
|
Сабақтың ортасы
2 минут 5 минут 2 минут 5 минут 7 минут 2 минут 5 минут 3 минут 3 минут |
Жаңа сабақ.
-Суретте нелер бейнеленген? -Суреттегі сөздерқандай дыбыстан басталып тұр? Б дыбысын модельдеу. Ауада жазу. -Ал,енді балалар алдарымыздағы ламинатталған қағаздарымызға әдемілеп Бб дыбысын жазып көрейікші. Дәптермен жұмыс. 22-бет -Жарайсыңдар балалар әдемі жаздыңдар, енді дәптерлеріміздегі Бб әрпінің үлкенін және кішісін жазамыз. ҚБ-мұғалім мадақтауы. Жұптық жұмыс.Нәтиже арқылы саралау. «Тавтограмма» ойыны Тапсырма: Б әрпінен басталатын сөздерді пайдаланып,сөйлем құра. Мысалы; Б Б (Балалар бақшасы) Б Б Б( Бота бауырсақ берді) Б Б Б Б (Барлық балалар бақытты болсын!) ҚБ- «Төрт шапалақ» әдісі. (жоғары,орташа,төмен) Оқулықпен жұмыс.95-бет Бағандағы сөздерді бірінші,екінші, үшінші топқа бөлініп оқимыз. Қане оқып көрейікші. І ІІ ІІІ Бақа Бота Бөрік балық Болат көрік Ал,енді барлығымыз бірге оқимыз Ас-қа-бақ, бақ-ша, ша-бақ,бақ-бақ. Топтық жұмыс. «Дыбыстар сөйлейді» Қарқын арқылы саралау. Критерий: Б әрпі таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді; 1-тапсырма. Берілген сөзге дыбыстық талдау жасау. Бала,балық 1-топтағы балалар текшелермен 2-топтағы балалар қақпақтармен 3-топтың балалары қыстырғыштардың көмегімен дыбыстық талдау жасайды. Балық, бала Дескриптор: — дыбыстық талдау жасай алады. Қосымша тапсырма: Сөздерді буынға бөл,буын санын анықта.Дәлелде. ба-лық, ба-ла. Дескриптор: — сөздерді буынға бөле алады. ҚБ- «Бағдаршам» әдісі. Сергіту сәті. «Балақан» әні (іс-қимыл арқылы орындайды) Бала,бала,балақан, Қане қайсы алақан. Саусақтарын әйбат, Былай-былай ойнат. Оқулықпен жұмыс. «Бірлескен оқу» әдісі. Сұрақ қою және талқылау. Бор неден жасалады? Бақыт пен Болат бор неден жасалады дегенге таласып қалды. -Бор тастан жасалады,-деді Бақыт. -Жоқ.Бор топырақтан жасалады.Өйткені бор жұмсақ,тас қатты ғой,-деді Болат. -Балалар,Бақыт пен Болаттың айтқандары дұрыс па?Ал сендер бор неден жасалады деп ойлайсыңдар? Дауыстап оқу Сыбырлап оқу Буындап оқу Жеке оқу Топтық жұмыс: «Кім тапқыр?» Тапсырма бойынша саралау. Бағалау критерий: Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер мен мәтін құрастыру және жазу. А-тобы: Тақырыпқа байланысты керекті сөздерді пайдаланып жай сөйлем құрастыр. Керекті сөздер: табиғат,бота,күн,бақбақ Б-тобы:Тақырыпқа байланысты сызбалар арқылы сөйлемдер құрастыр. . . С-тобы: Тақырыпқа байланысты сурет бойынша мәтін құрастырады. Дескриптор: — керекті сөздерді пайдаланып жәй сөйлем құрайды. — сызбалар арқылы сөйлемдер құрастырады. — сурет бойынша мәтін құрастырады. ҚБ «Басбармақ» әдісі. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма. Бағалау критерийі: Б әрпін таниды,ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді. Тапсырма.Көп нүктенің орнына сөздерді тауып жаз,қажетті әріппен сәйкестендір. П …ала …алапан …өрік …има Б …ақа …алау …арта …ақ…ақ Дескриптор: — Б әрпі бар сөздерді оқиды. — әріптермен байланыстырады. ҚБ: «Смайликтермен» мұғалімнің бағалауы. |
Ж.А.Жұмабаева
Сауат ашу. 1-бөлім №2Жазу дәптер Алматы «Атамұра» 2016 Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас, М.Н. Оспанбекова Сауат ашу 1бөлім. Жалпы беретін мектептің 1сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2016 Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас, М.Н. Оспанбекова Сауат ашу 1-бөлім.Жалпы беретін ммектептің 1сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра»2016 |
|
Сабақтың соңы
3 минут |
Қорытынды. «Дұрыс-бұрыс» әдісімен тексеру
1.Б дыбысы дауыссыз дыбыс. 2.Б дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі. 3.Б дыбысы сөз соңында келмейді. Рефлексия: «Білімді ағаш» Жолақ стикерлерге аттарын жазып,өздерінің қаншалықты тақырыпты меңгергенін ағашқа орналастыру арқылы көрсетеді. Өте жақсы түсінсе-жоғары. Жақсы түсінсе-ортасы. Орташа түсінсе-төмен. |
||
Саралау оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сергіту сәті. Оқушылардың Жазу кезіндегі партада дұрыс отыруы |
||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |