Жаңа сабақтар

Файзуллина Айнур Мендешевна

Пәні: Сауат ашу
Күні:
Сынып: 1
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы
Сабақтың тақырыбы
Мектеп: ЖББ «Көздіғара негізгі мектебі» КММ
Мұғалім: Файзуллина Айнур Мендешевна
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Бізді қоршаған әлем
Мен және табиғат. Кк дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті
сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін
қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін
құрастыру және жазу.

Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:Әріпті таниды, ажыратады, сөздерді оқиды, мәтінмен танысады.
Оқушылардың көпшілігі:Әріптерді дыбыспен сәйкестендіреді, буындап, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды.
Кейбір оқушылар: Дыбыстық талдау жасайды, мәтінді түсініп оқып, автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін ұғып, ой түйеді.
Тілдік мақсаттар
Оқушыларкүшік, әке,ірімшік сөздерінің мағыналарын ұғады.
Күшік – щенок — puppy;
кітап — книга- book
Құндылықтарды дарыту
Өмір бойы білім алу – алған білімдерін өмірде қолдана алу;
Ынтымақтастық — ширатуда;
Жауапкершілік — жұптық жұмыста бір-бірінің сөзін бөлмеу, бір-бірінің ойын тыңдау;
Құрмет — құрмет көрсету,достарын ынталандырып отыру;

Пәнаралық байланыс
Музыка–күшіктің дауысын дыбыстайды.
Бейнелеу өнері–фломастермен смайликтің суретін салу
Дене шынықтыру–ширату жаттығуында қимылдар жасайды..
АКТ қолдану дағдылары
Музыка, интербелсенді тақта
Алдыңғы білімдер:
«Әліппе» ойыны арқылы өздері білетін, өткен әріпке сай, сөз ойлап, оны музыкамен орындайды. Сонымен қатар, сөздер мен сөйлемдерді дұрыс оқуға дағдыланады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут
(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында
«Менің көңіл — күйім» ширату
Оқушыларды ортаға шығарып, үлкен бір шеңберге тұрғызамын. Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталап,қимылмен көрсетеді.
Біздің күлкіміз көңілді,(қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты, (қолдарын жүректерінің тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірде,(қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)
Қуаныш, мейірім, бақытты.(қолдарын екі жаққа созады).
Көңіл-күйімізді бейнелейік.
Қасыққа фломастермен смайлик түрінде көңіл күйін бейнелеу.
Балалар, бүгінгі сабағымызға сәттілік, өзімізге сәттілік!
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Қасық, фломастер
Сабақтың ортасы

4 минут

5 минут

5 минут

7 минут
«Бұрыштар» ойыны
Мақсаты: алдыңғы білімдерін жаңа біліммен ұштастыру.
Сыныптың әрбір бұрышына және жарға, тақтаға әріптер ілініп тұрады. Әрбір оқушыға әріп айтылады, оқушылар тиісті әріптің қасына барып тұрады. Және дауысты, дауыссыз екенін анықтайды.
Бағалау критерийі:
Білім алушы:
Әріптерді таниды және ажыратады.
Дыбыстың дауысты, дауыссыз екенін біледі.
Дескриптор:
Білім алушы
— дыбысқа сай сөз айтады.
ҚБ: Мұғалімнің қолпаштауы арқылы

Магнитті әріптер, магнитті тақта

Жұмбақтар шешу
К дыбысы бар сөздерге жұмбақ шешкізіп, жауабын 3 тілде айтқызу
Адамға серік,
Күзетке берік
(Күшiк-щенoк- puppy)
Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама.
(кітап — книга- book)

Балалар, «күшік, кітап» деген сөздерде бізге таныс емес дыбыс қандай?
-Сөздер қай дыбыстан басталған?
-Бүгін біз сабақта К дыбысымен танысамыз.
ҚБ: 3 күшік – өте жақсы
2 күшік – жақсы
Қане бәріміз «К» дыбысын айтып көрейікші.
К-К-К-К-К-К дыбысын айтқанда ауыз қуысында кедергі болды ма?- Олай болса Кк қандай дыбыс?-Дауыссыз дыбыс
Оқылым.
Т.Ж- оқу түрлері
Мақсаты: буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу.
.
1.Осы сөздерді дауыстап оқу
2. Осы сөздерді сыбырлап оқу
3.Осы сөздерді әндете оқу
ҚБ: 3 күшік – өте жақсы
2 күшік – жақсы
Ж.Ж- «Сөзді тап»
Тапсырма
Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.

Бағалау критерийі:
Білім алушы:
Әр сөзге сұрақ қояды;
Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді табады;

Дескриптор:
Білім алушы
— Еркін сөзін табады;
-кісі сөзін табады;
— етікші сөзін құрайды;
ҚБ: «Білезік» (к әрпі кездесетін сөзбен) бағалау

https://www.youtube.com/watch?v=MPlnJjEidTU

Саралау тапсырмасы
«Қарқын»
Мақсаты:Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.

А) Мәтіндегі бейнелерді ата;
В) Суреттер бойынша мәтін құрастыр, мәтінге ат қой;
С) Мәтіннен қандай ой түйдің, қорытынды жаса.

«Текшедегі сұрақтар» арқылы ашық сұрақтарға жауап беру:
Диалог және қолдау
-Мәтіндегі басты кейіпкерлерді атаңыз?
-Құрт әтешті көрген бойда неге қашты деп ойлайсың?
-Әтеш қандай жағдайға тап болды?
-Мұндай жағдайға тап болмас үшін әтеш өзін қалай ұстау керек еді?
-Мәтіндегі жағдай сіздің өміріңізде болуы мүмкін бе?
-Сонымен мәтіннен қандай ой түйдіңіз?
ҚБ: «Күн шуағы»

Сергіту сәті
3 минут

5 минут
Сергек көз!

Бейнеролик
https://youtu.be/_lx7d4eIkVE

Жазылым дағдысы:
«Қарқын» арқылы саралау: барлық оқушылар жұмыс жасаған кезде, кейбір оқушыларға қосымша тапсырма беріледі.
«Әдемі жазамын» әдісі
Мақсаты: оқушының әріпті әдемі жазуына ықпал ету.
К әрпін бастыру және жазу
к әрпін бастыру және жазу
Дәл қатармен жазу
ҚБ: мұғалімнің алтын кілт түріндегі бағалауы
Дәптер
Жапсырма суреттер

Сабақтың соңы

5 минут

3 минут

Айтылым:
(ЖЖ)Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
«Қай әріпті жоғалттым»әдісі
Бағалау критерийі:
Білім алушы
Әріптерді таниды және дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

Берілген сөздерді оқы. Көп нүктенің орнына қай әріпті қоюға болады? Сол әріпті қоршап сыз.

Дескриптор:
Білім алушы
көп нүктенің орнына тиісті әріпті анықтайды;
сөздерді қатесіз оқиды.

ҚБ: «Конверттегі көгершіндер»

Рефлексия.«Бес саусақ тәсілі»

Қалыптасты
рушы бағалау

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тапсырмасы:

Барлық оқушыларға қиындық келтірмейтін
тапсырма:
А)Мәтіндегі бейнелерді ата (құрт, етік, әтеш)
Дарынды оқушыларға арналған тапсырма:
С)Мәтіннен қандай ой түйдің, қорытынды жаса (өзіңнен кішілерге күш көрсетпеу, ешкімге кедергі келтірмеу)
Саралау тәсілдері
Тапсырма
тәсілі сыныптағы оқушыларға жеңіл, орташа, күрделі деңгейдегі тапсырмалар берілді.
Мыс: Мәтіндегі суреттердің орнына тиісті сөздерді тауып қоя білді.
Дереккөздер
Сабақ кезінде оқулық, дәптермен жұмыс, интербелсенді тақтаны қолдандым.
Қарқын
кейбір оқушылар басқа оқушыларға қарағанда жылдам жұмыс істейді.
Диалог және қолдау
«Текшедегі сұрақтар»арқылы ашық сұрақтарға жауап беру:
-Мәтіндегі басты кейіпкерлерді атаңыз?
-Құрт әтешті көрген бойда неге қашты деп ойлайсың?
-Әтеш қандай жағдайға тап болды?
ҚорытындыӘріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.
Оқудың түрлерін (буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды, түсініп оқиды) қолданады. Тақырыпқа байланысты керекті
сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін
қолдана отырып,жай сөйлемдер/мәтін
құрастыру және жазады.
Бағалау
Сабақ кезінде ҚБ мен кері байланыс жүргізілді. Мұғалімнің қолпаштауы арқылы кері байланыс беру, «Білезік» әдісі арқылы жұпта кері байланыс берілді.

Сабақтағы критериалды бағалау түрлері:
— Мұғалімнің қолпаштауы;
— «3 күшік – өте жақсы
2 күшік – жақсы»;
— «Білезік» (к әрпі кездесетін сөзбен ) мұғалімнің бағалауы;
— Мұғалімнің «Күн шуағы» түріндегі бағалауы;
— Мұғалімнің алтын кілт түріндегі бағалауы;
— ҚБ: «Конверттегі көгершіндер»
— «Бес саусақ тәсілі» арқылы оқушылардың жалпы сабаққа рефлексиясы.

Интербелсенді тақтаны шамадан тыс пайдаланбау, партада отыру ережесін еске салу, саусақ моторикасы, көзге жаттығулар жасату

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсатттарын тақырыпқа сай алынған.
Сабақ мақсатына жетті.
Сабақ құрылымы жүйеге сай сақталған.
Уақытты тиімді пайдаланды.

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?
1: оқушылардың сабаққа қызығушылығы
2: әртүрлі тәсілдер пайдаланып,бала назарын өзіне аудара білді.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: диалогтық оқыту
2: жұптық жұмыс
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.