Жаңа сабақтар

Нурахметова Манаргуль Ануарбековна

Өскемен қаласы әкімдігінің «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ

математика пәнінің мұғалімі Нурахметова Манаргуль Ануарбековна

Пән : Алгебра Сынып : 11

Сабақтың тақырыбы:Математика және математикалық сауаттылық есептерін шешудің тиімді тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

1.Математикалық сауаттылық есептерін шешудің стандарттты емес жолдарын қарастыру

2.Кейбір математика есептерін жылдам шешудің тиімді тәсілін қолдану

Көрінекіліктер: Интербелсенді тақта,үлестірмелер,А3 форматы,маркерлер

Сабақтың жоспары:І.Ұйымдастыру кезеңі 2-3 минут

ІІ. Сабақтың тақырыбын ашу (1 слайд) 2 мин

ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру (2 слайд) 2 минут

ІV.Оқушыларға арналған жадынама (3 слайд) 3 минут

V.Топқа бөлу (әр топтан спикерлер сайлау) 1 минут

VІ.Кестесіз,калькуляторсыз есептеу 10 минут

VІІ.Кітап беті мен цифрларға байланысты тапсырмалар 5 минут

VІІІ. Адам жасына байланысты есептер 10 мин

ІX. Қоспалар мен құймаларға байланысты есептер 3 минут

X.Математикалық жолмен және жауаптарды таңдау арқылы есептің

шешімін анықтау 15 минут

XІ.Сабақты қорытындылау 2 минут

Хǀǀ.Бағалау 2 минут

Хǀǀǀ.Рефлексия 1 минут Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру кезеңінде сәлемдесу.Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

ІІ.Сабақтың тақырыбын оқушылар ашады

ІІІ. Тақырыпқа байланысты сабақтың мақсатын айту

ІV.Оқушыларға арналған жадынама

1) «Білемін» немесе «білмеймін» деген қағидамен жұмыс істе.(күрделі есептерді шығару талап етілмейтін пәндерден баста)

2) Басқа пәндерден үнемделген уақытты математикаға арна

3) 1-ші кезеңде өзің оңай деп санайтын тапсырмаларды орында.Қиындық туғызған тапсырмаларға уақыт жіберме,оларды келесі кезеңге қалдырып отыр

4) Мүлде орындай алмаған тапсырмалардың жауаптарын мөлшермен (қисынға келетін жауапты таңдау арқылы ) белгіле

5) Тест мәтінін дұрыстап оқы ,одан соң жауап нұсқаларын зертте

6) Дұрыс жауабын табудың тиімді әдістерін пайдалан (жауап нұсқаларын бағалау,шартына сәйкес келмейтін жауаптарды сызып тастау,белгісіздің орнына қойып тексеру,симметрия әдісі)

7) Бұл әдістерді қолдану мүмкін болмаған жағдайда есепті таза математикалық әдіспен шығар

V.Топқа бөлу (әр топтан спикерлер сайлау)

Оқушылар әр түсті қағаздарды таңдап алу арқылы топтарға бөлінеді.Әр топтан өздері спикер сайлайды

VІ.Кестесіз, калькуляторсыз есептеу

а) түбір табу тапсырмалары

= 216 = 3027 =461

=0,342 = 5,71 = 1,425

б) 5 –пен аяқталатын сандардың квадраты (ауызша)

3,52=12,25 552=3025 8,52=72,25

в) Кейбір сандардың бөлінгіштік белгілері:

6-ға (2-ге де,3-ке де бөлінсе )

4-ке ( соңғы екі цифрынан тұратын сан 4-ке бөлінсе немесе екі 0-мен аяқталса)

8-ге (соңғы үш цифрынан тұратын сан 8-ге бөлінсе немесе үш 0-мен аяқталса )

г) 00-тан 900-қа дейінгі тригонометриялық функциялардың мәндерін қалай ойға түсіруге болады?

VІІ .Кітап беті мен цифрларға байланысты тапсырмалар.Үлестірмелер тарату.

а) Кітап бетін нөмірлеу үшін қолданылған цифр саны беріледі .Кітапта қанша бет бар екенін анықтау керек.

Цифр: 9 Бет : ( Х + 9) : 2

189 ( Х + 9+99) :3

2889 ( Х + 9+99+999) :4

Тапсырма.

Кітаптың бетін нөмірлеп шығу үшін 534 цифр қолданылған.Кітап неше беттен тұрады?

А) 210 В ) 212 С) 214 Д ) 216 Е) 218

Жауабы : С) 214

б) Кітаптың неше беттен тұратыны белгілі болса,барлық беттерді нөмірлеп шығу үшін неше цифр қолданылатынын анықтау керек.

Бет: 2 таңбалы Цифр: Х · 2 — 9

3 таңбалы Х · 3 – 9-99

4 таңбалы Х · 4 – 9-99-999

Тапсырма.

Кітапта 87 бет бар.Барлық беттерді белгілеп шығу үшін неше цифр қолданылады?

А) 183 В ) 165 С) 192 Д ) 234 Е) 196

2 таңбалы Цифр: Х · 2 — 9

87·2 -9 = 165 Жауабы : В ) 165

VІІІ. Адам жасына байланысты есептер.Топтық жұмыс

Тапсырма.

1)Жанияның және оның отбасындағы 4 адамның жастарының қосындысы 3 жылдан кейін 154 болады. 6 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы қанша болады?

А) 139 В ) 160 С) 159 Д ) 169 Е) 140

а + в + с + д + е +3· 5= 154 а + в + с + д + е = 139

139 + 6·5=169 Жауабы : Д ) 169 Тапсырма.

2) Әкем 31 жаста болғанда ,мен 8 жаста болдым.Ал қазір әкемнің жасы менің жасымнан екі есе үлкен. Қазір мен неше жастамын?

А) 21 жаста В ) 17 жаста С) 23 жаста Д ) 19 жаста Е)15 жаста

31+Х 8+Х

(8+Х) ·2 = 31+Х

16+2Х=31+Х

Х=15

15+8 = 23 Жауабы : С ) 23 жаста

Тапсырма.

3) Бекзат өзінің туған күнін анасымен бір күнде атап өтеді.Қазір анасының жасы Бекзаттың жасынан 11 есе артық .Ал бүгінгі күннен бастап 36 жыл өткенде ,анасының жасы ұлыныкінен 2 есе артық болады.Бекзат қазір неше жаста?

А) 5 жаста В ) 6 жаста С) 3 жаста Д ) 2 жаста Е) 4 жаста

Б: Х+36 А: 11Х+ 36

(Х+36)·2=11Х+ 36

2Х+72=11Х+ 36

9 Х=36

Х=4 Жауабы : Е ) 4 жаста

ІX. Қоспалар мен құймаларға байланысты есептер

Тапсырма

1)Бірінші қоспада 40 % ,екінші қоспада 32 % мыс бар.Құрамында мыс 35 % -8кг қоспа алу үшін әр қоспадан қаншадан алу керек?

40 % 3Х 3Х+5Х=8

35% Х= 1

32 % 5 Х 1·5=5 кг 1-ші қоспадан, 1·3=3 кг 2-ші қоспадан

Жауабы : 5 кг , 3 кг

Тапсырма

2)Теңіз суындағы тұздың концентрациясы 5%. Концентрациясы 2 % болатындай 80 литр су алу үшін теңіз суы мен таза судан қанша литр алу керек?

5 % 2Х 3Х+2Х=80

2 % Х= 16

0 % 3 Х 3·16=48 л теңіз суынан, 2·16 = 32 л таза судан

Жауабы : 48 л,32 л

X.Математикалық жолмен және жауаптарды таңдау арқылы есептің шешімін анықтау

Тапсырма

1 Өрнекті ықшамдау керек:

А) В )С)Д ) 2 Е 1

Математикалық жолмен шығару

1

Жауапты таңдау:

а0 деп аламыз да,берілген өрнектегі а-ның орнына 0-ді қоямыз .Сонда 1 Жауап: Е 1

Тапсырма

2 Өрнекті ықшамдау керек:

А) В) 3х-3С)3х+1 Д ) 3х-2Е 3х+4

Математикалық жолмен:

Д9

Х1 Х2

Жауапты таңдау:

х0 деп аламыз да,берілген өрнектегі х-тің орнына 0-ді қоямыз .Сонда өрнектің мәні -2 болады.

Енді жауап нұсқаларына х0 деп есептейміз. А30-5-5 В)30-3-3С)30+1 1Д ) 30-2-2Е 3*0+44

Жауап: Д )3х-2

Тапсырма

Өрнекті ықшамдау керек:

А)В) СД )Е

Математикалық жолмен:

Жауапты таңдау: а0 деп аламыз да,берілген өрнектегі а-ның орнына 0-ді қоямыз .Сонда өрнек . С

Жауап: С

XІ.Сабақты қорытындылау. Тест:

1.Ағасы Әлішерден 3 жас үлкен,інісі Әлішерден 3 жас кіші.,кіші інісі Әлішерден 3 есе кіші, әкесі Әлішерден 3 есе үлкен.Барлығының жастарының қосындысы 133-ке тең.Әлішердің жасын анықта.

А) 16 жаста В ) 21 жаста С) 15 жаста Д ) 18 жаста Е) 12 жаста

Жауабы: В) 21 жаста

2. Жаңа үйдегі 113 пәтерді нөмірлеп шығу үшін қанша металл цифрлар қажет?

А) 201 цифр В ) 211 цифр С) 221 цифр Д ) 231 цифр Е) 241 цифр

Жауабы: Д) 231 цифр

3. Алтын мен күмістің екі қоспасы берілген.Бірінші қоспада алтын 40%.ал екінші қоспада алтын 50%. Құрамында алтын 70 % болатындай 5 грамм жаңа қоспа алу үшін әр қоспадан қаншадан алу керек?

А) 1 грамм, 4 грамм В ) 0 грамм , 5 грамм С) 2 грамм, 5 грамм

Д ) 5 грамм, 3 грамм Е) 3 грамм, 2грамм

Жауабы: Е) 3 грамм, 2граммЖауап кілттері:

Жауап
1 В
2 Д
3 Е

Хǀǀ.Бағалау

Хǀǀǀ.Рефлексия

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.