Жаңа сабақтар

Майра Ещанова

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы

«Құлыншақ» балабақшасының дене нұсқаушысы Майра Ещанова

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Дені саудың жаны сау»
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа,ептілікке баулу. Жарыста ойынға деген қызығушылығын арттыру,бір-біріне достық қатынасқа үйрету. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.

Өтілетін орыны: Акт залы

Қажетті құралдар: түрлі-түсті жалаушалар,доптар,кедергілер, шеңбер, екі топ жетістігін көрсететін сандар,ысқырық.

Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер. Бүгінгі спорттық сайысқа қош келдіңіздер.

«Дені саудың жаны сау» атты мерекелік сауықтыру іс-шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.
І.Ұйымдастыру кезеңі
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
ІІ.Негізгі бөлім
Көңілді жарысқа №11«Ақбота» және №12 «Ақжелкен» ортаңғы топ бүлдіршіндері қатысады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
топ бүлдіршіндерін шақырамыз.
(әр топ өз орындарына келіп тұрады)
Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

  1. Танжарикова Жаннат
  2. Салатова Шолпан

Спорттық сайысымыз 3/4/5 баллдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады

«Эстафета»

«Кеңгуру»

«Пингвин»

«Алтын қасық»

«Кім шапшаң»

«Кім күшті»

Құрметтісайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымыздыбастаймыз.
«Жасқыран» тобынортағашақырамыз
Топтың ұраны: Жасқыран тобы алға
Бәріміз біріміз үшін!

«Сұңқар»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты
Бәрін жеңіп шықты
І кезең: «Эстафета»
Шарты: Әр топ қатысушылары жалаушаны алып мәреге дейін жүгіріп барып өз орынына келіп өзінен кейінгі қатысушыға жалаушаны тапсыруы қажет, қай топ бірінші мәреге жетсе сол топ жеңімпаз.

ІІ кезең: «Кеңгуру»
Шарты: Балалардың алдына алжапқыш байлап, жеміс – жидектерді жинап өздеріне тиесілі себетке жинауы тиіс, қай топ көп жинаса,сол топ жеңімпаз.

IІІ кезең: «Пингвин»

Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.

ІV кезең: «Алтын қасық»

Шарты: Әр қатысушы теннис добын қасыққа салып алып, мәреге дейін жүріп барып,қайта келуі тиіс, қай топ мүшелері бірінші болып келсе сол топ жеңімпаз.
V кезең: «Кім шапшаң»
Шарты: Топ басшысы шеңбермен бір-бірден балаларды мәреге апарып, жерде қонып тұрған көбелекті алып гүлге қондыру.
VI кезең: «Кім күшті»
Шарты: Әр топтар жерде үріліп жатқан шарларды, үстеріне отырып жаруы тиіс қалдығын жинап себетке салуы керек қай топ көп шар қалдығын жинаса сол топ жеңімпаз.
Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар, спорт жанкүйерлері! Бүгінгі эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Бүгінгі жарысқа қатысқан бүлдіршіндерге алғысымызды білдіреміз! Алдағы күндері үлкен биіктерден көріне беріңдер! Бүгінгі жеңістерің құтты болсын!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.