Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы
«Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Медетова Роза
Тақырыбы: «Жемістер»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі табиғаты ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгіліндегі алатын өнімдер, жемістер туралы түсінік беру. Жемістер туралы білімдерін бекіту. Жемістердің адам денсаулығына пайдасы туралы мағлұмат беріп, ғылым орталығында жемістердің атауын, түсін, дәмін ажырата білуге үйрету. Үштұғырлы тілді меңгеруге үйрету.
Дамытушылық: Балаларға жемістерді көрсету әңгімелесу. Жемістердің түр-түсін зерттеу, зерттеу арқылы жемістің дәмін сезіп, дәні барын немесе дәні жоғын анықтау. Балалардың есте сақтау қабілетін, зейінін, қабылдауын дамыту.
Ғылым орталығы
Көрнекіліктер: Жемістер туралы слайдтар
Қажетті құрал: Ноутбук
Қажетті көрнекі құралдар: Жемістер.Қалтаға салынған жемістер.
Әдіс-тәсіл: түсіндіру, зерттеу, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Аспаздық орталығы
Көрнекіліктер: Жемістер.
Қажетті заттар: Алдын-ала жуылған жемістер, йогурт, тақтай, пышақ, табақша.
Әдіс-тәсіл: түсіндіру, көрсету, жасап үйрету.
Технология: «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыстар.
Жұмыс жасайтын орталықтар: «Көркем әдебиет», «Ғылым», «Өнер», «Аспаздық»
Тәрбиеші:- Балалар, бугін бәрің қандай әдемісіңдер! Бүгін біздерге көптеген қонақтар келді. Сендерді көтеріңкі көңіл күймен келген қонақтарымызбен амандасу үшін,ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбер: Армысың, қайырымды көк аспан,
Армысың, шұғылалы алтын күн.
Армысың, мейірімді жер ана,
Армысың, білімпаз достарым.
Аман-есен болайық,
Бейбітшілікті қолдайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күз мезгілінің келгенін қалай білеміз?
Балалар: Сұрақтарға нақты және толық жауап береді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, күз мезгілінде күн суытып, күн көзінің жылуы азаяды. Жиі жаңбыр жауып, жеміс-жидектер піседі, ауа-райы құбылмалы болады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, түсе бастайды. (Балалар сұрақтарға толық және нақты жауап береді. )
Тәрбиеші: -Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Күз мезгілінде үш ай бар.
Тәрбиеші: -Кәне, күз айларын атайықшы.
Балалар: Қыркүйек, Қазан, Қараша.
Тәрбиеші: Тамаша, жарайсыңдар балалар.
Ғажайып сәт
Тәрбиеші: —Балалар, бізге хат келген сияқты.
-Бұл не болды екен?
Осы кезде теледидардан электронды хат келеді.
-Балалар, қараңдаршы бұл жәй теледидар емес, сиқырлы теледидар екен. Бұрын бізге хатты пошташы апай әкелетін еді, енді міне бізге сиқырлы электронды түрде хат келіпті.
-Кәне, мұқият тыңдап көрейікші.
Слайдтан үкі сөйлейді.
Тәрбиеші:-Балалар, үкіге жемістерден нелер жасауға болатынын көрсетіп көмектесемізбе?
Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы: «Жемістер».
-Балалар, өз қалауларыңыз бойынша текшелерді алып, әр орталықтарға бөлінейік.
(Балалар өз қалаулары бойынша әр орталықтың текшелерін алып, бөлінеді.)
Ғылым орталығы
Кіріспе бөлімі:
Тәрбиеші: Балалар, ғылым орталығына қош келдіңіздер.
-Балалар мен сендерге өлең жолдарын оқып берейін.
Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
«Күз жомарт» -дейміз біз,
Жемісін жейміз біз.
-Балалар, өлеңде не туралы айтылған?
Балалар: Жемістер туралы айтылған.
Тәрбиеші: -Балалар, сендер қандай жеміс түрлерін білесіңдер
Балалар: Алма, алмұрт, жүзім, киви, банан т.б. жеміс түрлерін атайды.
Тәрбиеші :- Балалар, жемістер қайда өседі?
Балалар: -Ағашта өседі.
Негізгі бөлімі:
Тәрбиеші: —Балалар, сіздер жемістер туралы көп білгілерің келе ме?
Балалар: Ия, білгіміз келеді.
Тәрбиеші: -Балалар, олай болса мына экранға назар аударайық. Әр түрлі жемістерді көрсету. Жемістерді көбірек жеп тұру керек. Жемістердің құрамында адамның денсаулығына пайдалы көптеген дәрумендер бар. Сонымен қатар имунитетті көтереді. Жемістерден салаттар, шырын жасауға болады. Балалар, қараңдаршы кейбір жемістердің дәні бар болса, ал кейбір жемістердің дәні жоқ екен. Алманың екіге бөлінген бөлшегін алып ортасында дәні бар екенін, ал бананда дән жоқ екенін көрсету. Балалар, нені көріп тұрсыңдар?
Балалар: Алмада дән бар, бананда дән жоқ екенін көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: Ал, енді бүгін сіздермен бірге жемістерді шырын сыққышпен тәжірибе жасап көрейік.Тәжірибе үстінде әр түрлі жемістерден сығылған шырынды балаларға дәмін татуға ұсыну. Зульфат айта ғойшы сен қандай жемістің сығылған шырынның дәмін таттың? Дәмі қандай? тәтті ме? қышқыл ма?
Зульфат: Бұл алма шырыны, дәмі тәтті.
Тәрбиеші: Жарайсың, Зульфат.
Аслан сен айта ғойшы қандай жемістің сығылған шырынның дәмін таттың?
Аслан: Бұл апельсин шырыны, дәмі қышқыл. Барлық балаларға шырынның дәмін татырып, айырмашылығын табу.
Дидактикалық ойын: «Қай жемістің дәмі».
Мақсаты: Балалардың көздерін жұму арқылы жемістің бір бөлшегін аузына салып, қандай жемістің дәмін екенін сезіп айтуға үйрету. Ойлау қабілетін дамытып, аңғарпаздыққа баулу.
Слайдпен музыкалық сергіту сәтін орындау.
Қорытынды
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?
-Балалар бәріңізде бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар, сендерге көп рахмет
Аспаздық орталық
Кіріспе бөлімі:
Ата-ана: Сәлеметсіздер ме балалар, азпаздық орталығына қош келдіңіздер.
Жұмбақ: Қайнамай піскен,
Аспай түскен.
-Балалар, ол не?
Балалар: Жемістер.
Ата-ана: Дұрыс, күзде қандай жемістер піседі?
Балалар: Алма, алмұрт, апельсин, киви т.б жемістер.
Ата-ана: Жарайсыңдар, біледі екенсіңдер.
Негізгі бөлім