Жаңа сабақтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

№ 003/alm/ 11.11.2019 жыл

«БАСПАСӨЗБЕН ЖҰМЫС ЖАСАУШЫ ПЕДАГОГ»
Оқу семинар тренингтің алғашқы тобының қорытынды жиыны хаттамасы

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, халықпен тиімді жұмыс жүргізуді тапсырды.
«Ашықтық қағидаты» шеңберінде білім беру саласының барлық қызметкерлері үнемі құзыреттіліктері мен білімдерін жетілдіріп отырулары керек деп есептейміз.

Қазан айының соңғы екі аптасында «БАСПАСӨЗБЕН ЖҰМЫС ЖАСАУШЫ ПЕДАГОГ» оқу семинары трениг өз жұмысын бастады. Қатысушылар 14 күн сайын тіркеліп, тұрақты түрде оқуларына болады. Тренинг оқу бағдарламасы 2019-2020 оқу жылында тұрақты жалғасады.

Қызылорда қаласы А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде 10.11.2019 жылы Нұротан партиясы Қызылорда облыстық филиалы, Қызылорда қаласы Әкімдігі, Қызылорда облыстық білім басқармасының қолдауымен оқу семинар тренингтің алғашқы тобының қорытынды жиыны тиісті дәрежеде өткізілді.

Ұстаздарға арналған құттықтау сөзді «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Танбаева Базара Ермаганбетовна арнады. Құттықтау сөзінде Ұстаздардың баспасөзбен жұмыс жасауды үйренуі қазіргі таңдағы маңызды мәселе екенін және Нұротан партиясы әрқашан білім саласын қолдайтынын атап өтті.

Қызылорда облысы, Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының директоры Әбенғалиев Бауыржан Игенбайұлы «Дені сау ұрпақ ел болашағы» тақырыбында атқарылған жұмыстар мен іс-шаралар туралы баяндама жасады.
Жиында Қызылорда қаласы Н.Ахмадеева атындағы № 112 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аптиханова Ляззат Базарбаевна және Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы № 2 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әсетова Зарина Махмутқызы редакция атынан семинар тренингке қатысу шарттарымен таныстырып, өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Ұстаздарды алдағы уақытта баспасөзбен жұмыс жасауды үйренуге шақырды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби сазды кеш театрландырылған көрініс көрермен назарына ұсынылды. Орындаушылар: Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің оқушылары. Шығармашылық жетекшісі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжахан Домбылова.

Семинар тренингтің алғашқы тобының қорытынды жиынында редакциямен белсенді жұмыс атқарып, кәсіби деңгейін дамытуға білім алып, тәжірибе жинақтаған үздік ұстаздар редакция атынан «Тәжірибелі, Шығармашыл Ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.

Төсбелгімен марапатталған ұстаздар тізімі:
Қызылорда қаласы Н.Ахмадеева атындағы № 112 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аптиханова Ляззат Базарбаевна
Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы № 2 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әсетова Зарина Махмутқызы
Қызылорда қаласы №212 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Абдуллаева Алия Болатбекқызы
Қызылорда қаласы Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Рахменова Ақбота Әмірханқызы
Қызылорда қаласы Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Оспанова Мархаббат Артықбекқызы

Семинар тренингтің алғашқы тобына қатысушы 47 ұстаздың еңбектері «Білім жолы Нұрлы жол» топтама жинағына топтастырылып, баспада жариялананып, Республика көлемінде таратылым жасалды.

Құрметпен:
«Қаламгер ТЕН» ЖШС
ДИРЕКТОР: І. Б. Нағиев

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.