Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы № 25 «Жаңа жол» жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айтураева Махаббат Салибековна
Сабақ тақырыбы: Ш.Уәлиханов – ұлы ғалым.
Сабақтың мақсаты: білімділік –халқымыздың ойшылы, ұлттық мақтанышымыз Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын, өмір сүрген ортасын тарихи деректермен байланыстыра түсіндіру.
Дамытушылық –оқушылардың өз бетімен ізденуіне, қосымша деректерді пайдалана білуге баулып, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік –Көкше топырағында тәрбиеленіп, сұңқардай биікке самғаған, демократ ағартушы Шоқанның бойындағы алғырлық, зеректік, ойшылдық қасиеттерді оқушылардың санасына ұялату, халықтың сүйікті адал перзенті бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, мәнерлеп оқу, СТО технологиясының элементтері.
Көрнекілігі: Ш.Уәлиханов портреті, өмір деректеріне арналған слайдтар, шығармалар жинағы, Шоқан туралы әдебиеттер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Шоқан туралы көркем әдебиеттен, зерттеу еңбектерінен алған мағлұматтарын ортаға салу.
1.Абылай ханның шөбересі.
2.Балалық шаққа саяхат.
3.Өзгеден озық шәкірт.
4.Қащқарияға саяхат.
5.Талантын мойындатқан ғалым.
6.Шоқан –публицист жазушы.
2.Топтастыру
суретші ағартушы географ дипломат Шоқан саяхатшы публицист әдебиетші этнограф
3. Семантикалық кестемен жұмыс.
Жылдары
Шоқан өміріндегі елеулі оқиғалар |
1864 ж.
Наурыз -маусым |
1856-1857 ж. | 1857 ж. 17 ақпан | 1855 ж. | 1858-1859 ж. | 1859-1861 ж. | 1835-1865 ж. | 1863-1864 ж. | 1847-1853 ж. |
Қазақстанның орталық, шығыс бөлігін, Жетісу, Тарбағатай өлкесін аралауы. | |||||||||
Қырғыз еліне, Жоңғарияға, Құлжа қаласына саяхат жасайды. | |||||||||
Қашқария саяхаты | |||||||||
Петербургте болады. | |||||||||
Омбы қаласында «Сот реформасы туралы жазбалары» еңбегін жазды. | |||||||||
Черняев жорығына қатысты. | |||||||||
Орыстың императорлық географиялық қоғамына мүше болды. | |||||||||
Шоқанның өмір сүрген жылдары | |||||||||
Омбыдағы Кадет корпусынан білім алуы |
ІІІ.Шоқан бейнесі поэзияда. Т.Молдағалиев «Шоқан Уәлиханов»
Қ.Бекқожин «Петербург» ҒайсағалиСейтақ «Шоқанның соңғы сөзі»
Е.Ибраһим «Шоқан ескерткіші алдында» Ғ.Орманов «Шоқан ескерткіші»
ІҮ.Сатылай кешенді талдау
Шыққан тегі: Шыңғыс хан –Абылай хан –Уәли хан
өскен ортасы: әжесі Айғаным –парасатты, терең ойлы, көреген,білімді адам.
әкесі Шыңғыс –Омбыдағы Сібір қазақ әскерлері училищесін бітірген, аға сұлтан.
анасы Зейнеп –әйгілі Шорман бидің қызы, ақылды, адамгершілігі мол.
інісі Сақыпкерей (Қозыке) Ақсен серімен бірігіп бірнеше ән шығарған. Шоқанға арнап «Көкенің аманаты» әнін жазған.
Інісі Мақы (Мақажан)- Петербургтегі көркемөнер академиясының шеберханасында суретшілік қызмет атқарған.
білімі: ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған, Омбыдағы Кадет корпусынан білім алған.
саяхаттары: Жетісу өңірі, Орталық Қазақстан, Ыстықкөл сапары, Қашқария.
жазған еңбектері: «Тәңірі», «Қазақтардағы шамандықтық қалдығы», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақ халық поэзиясының түрлері», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Жоңғария очерктері», т.б.
әскери атағы: адъютант, поручик, штабс-ротмистр.
марапатталуы: Владимир орденінің ІҮ дәрежесі, 500 сом күміс ақша, бір жолғы сыйақы.
атқарған қызметі: Бас штабтың әскери –ғылыми комитетінде, Азия департаментінде, университетте, географиялық
қоғамда.
орыс достары: Г.Потанин, П.П.Семенов –Тяншанский, Ф.М.Достоевский, С.Ф. Дуров, А.Майков т.б.
түсірілген оқу фильмдері: «Ш.Уалиханов», «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл күнделігі».
ескерілуі: 150 жылдығы аталып өтті, 5 томдық шығармалар жинағы шығарылды. «Алтынемел» мемориалдық музей –кешені ашылды. Халықаралықғылыми –теориялық конференция өтті, Шоқан ескерткіштері орнатылды. Музей ашылды.
Ү.Оқушыларды бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма. «Шоқан –ұлы ғалым» шығарма жазу.