Алматы қаласы «№ 106 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Агментаева Нургул Дархановна
Самойлова Светлана Тақырыбы: Абай шығармашылығына арнау өлең
Смолякова Ангелина Тақырыбы: Латын графикасы
Сыныбы: 8 «а» Пән атауы: Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: «Қараш-қараш оқиғасы» повесіндегі кейіпкерлер
Сабақтың мақсаты:
М.Әуезовтің көркем шығарма жазудағы ерекшелігін меңгерту. Көркем шығарманың тарихи шындыққа негізделгенін және шығарма кейіпкерлерінің тарихтағы прототиптерін білу,туындының жазылу тарихын түсіну. Оқушыларды іздене білуге жетелеу.
Күтілетін нәтиже: М.Әуезовтің көркем шығарма жазудағы ерекшелігін меңгерді. Көркем шығарманың тарихи шындыққа негізделгенін және шығарма кейіпкерлерінің тарихтағы прототиптерін білді,туындының жазылу тарихын түсінді. Оқушылар іздене алады. Достық қарым-қатынаста жұмыс жасайды.
Кіріктірілген модульдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқытудағы басқару және көшбасшылық, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқушылардың жас ерекшелігтеріне сәйкес оқыту және оқу,АКТ.Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Бортты журнал» әдісі, «Қалам үстелдің ортасында» әдісі, «Тұжырым» кестесі, «Топқа бөлу», «Эйлер шеңбері» әдісі, «Ізденіс» әдісі, «Кері байланыс» парағы
Уақыт
өлшемі |
Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылардың
іс-әрекеті |
Нәтижесі |
3 мин | Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Жүректен жүрекке» тренингін (Жұмсақ жүрек ойыншық арқылы оқушылар бір-біріне бере отырып жылы лебіздерін білдіру) ұйымдастырамын. |
Ортада шеңбер құрып бір – біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіреді.
— Бүгінгі күнің сәтті өтсін. — Сабағыңды беске оқы, ата-анаңның үмітін ақта. |
Өз ойларын еркін жеткізе білуге талпынады. |
7 мин | Ұй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасына «Зерттеу» әдісі бойынша тапсырмалар берілген. Жұптық жұмыс 1-Шығарманың идеясы мен тақырыбы 2- Жазылу тарихы 3- Сюжеттік құрылымы 4- Шығарма және тарихи шындық Топтағы оқушылардың өзара байланысын қадағалаймын. |
Топ мүшелері берілген тапсырманы дәлелдермен баяндайды,сұрақтарға жеке және бірлесіп жауап береді. | Өз ойларын еркін жеткізе білуге талпынады. |
3 мин | Психологиялық ахуал туғызу, топқа бөлу
Топтағы оқушылардың өзара байланысын байқау мақсатында топты жасақтаймын. |
Топтастыру ережесіне сәйкес өз топтарына орналасады.
|
Топқа бөліну әдісін үйренеді. |
5 мин | Жаңа сабақтың тақырыбы:
«Қараш-қараш оқиғасы» повесіндегі кейіпкерлер әлемі Мұғалім сөзі /пікір/ «Көркем сөз- жанның сәулесі» «Бортты журнал» әдісі арқылы оқушылар тапсырма орындайды. Мұғалім жаңа тақырыпты кесте бойынша түсіндіреді. Келесі тапсырмаға мұқияттылық танытады |
Топ мүшелері өзара міндеттерін бөлісіп алып, жұмыс жасайды. Берілген кестелерге тақырып бойынша сөз жазады.
«Жүк журналы» Болжам Жаңа ақпарат Басқа шығарма кейіпкерлерімен ұқсастығы,өмірдегі прототипі туралы Оқиға барысындағы іс-әрекеттері Сабақ соңында жаңа ақпаратпен бөліседі |
|
5 мин | «Ізденіс» әдісі арқылы топтарға тапсырма беріледі
Жеке жұмыс, әр оқушыға шығармадан үзінділер беріледі, мәтіннен жалғасын тауып оқиды 1. Ұзаққа созылған сарыауру бүгінгідей әбден мегдетіп келген шағында Тектіғұл ағасы мен женгесіне нені тілек етті?2. Арада тағы бір-екі жұма өтер -өтпесте Тектіғұлдың қатал тағдыры, маңдайына жазылған қазасы жетті. Артында өксіп-өксіп кеп жылап, Бақтығұл інісінің қазасына не деп қайғырды? т.б |
Топ мүшелері өзара міндеттерін бөлісіп алып, жұмыс жасайды. Берілген тапсырманы жеке,топта талқылайды.
Басбармақ арқылы бағаланады |
Тақырыпты қазақ тілімен дәстүрмен салыстырады. |
5 мин | «Ойлы болсаң,озып көр!»
Топтық жұмыс Тұжырым кестесін толтыру |
Топ мүшелері өзара міндеттерін бөлісіп алып, жұмыс жасайды. Берілген тапсырманы жеке,топта талқылайды.
Смайликтер арқылы бағаланады |
Өз ойларын еркін жеткізе білуге талпынады. |
5 мин | «Салыстыру»
Шығарманың басқа шығармалармен үндестігі Абай «Дүтбайға», «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» |
Ақын шығармаларынан үзінді оқып,салыстырады.
Тұрар Рысқұловқа сипаттама береді. Оқудың маңызы мен пайдасын ажыратады |
Өз ойларын еркін жеткізе білуге талпынады. |
7 мин | Топтық тапсырма
|
Оқушылар топпен талқылап қорытынды шығарады.
Шығармада кездесетін «ұры,барымта, малта,паналау т.б» |
Өз ойларын еркін жеткізе білуге талпынады. |
7 мин | Қорытындылау
«Қалам үстелдің ортасында» әдісі 1.Жарасбайды өлтірген Бақтығұлдың әрекетінде қылмыстық іс бар ма? 2.Бақтығұлдың орнында өзің болсаң не істер едің? |
Оқушылар топпен талқылап қорытынды шығарады.
Ережеге сай ретімен жауап береді |
Өз ойларын еркін жеткізе білуге талпынады. |
2мин | Үйге тапсырма:
Бақтығұлға хат жазып келу |
Күнделіктеріне жазып алады | |
2мин | Кері байланыс | Оқушылар өз пікірін жазады |