Үй құстары
Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы, «Нұрсая» жекеменшік балабақшасы
Балабақша тәрбиешісі Көжекова Ардақты Табылдықызы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология
Тақырыбы: Үй құстары.
Мақсаты: Балаларға үй құстары туралы мағлұмат бере отырып, олардың пайдасы, тіршіліктері туралы айту. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Үй құстарының суреттері, балапанның пайда болуы, құстардың шалғында жайылып жүргені туралы түсірілген бейнетаспа.
| Іс-әрекет кезеңдері. | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті. |
| Мотвациялық-қозғаушылық | Тауықтың екі балапанымен қонаққа келуі.
Шатты шеңбері «Балапандар» музыкасын қояды. Ән аяқталысымен қандай көңіл-күйде болғандарын сұрайды. Балаларды екі орталыққа бөледі.
Ендеше, балалар тауыққа балапагдарын табуға, үйректің шешесі мен балаларын табуға көмектесейік. |
Балалар музыкаға байланысты ән айтып би қимылдарын жасайды. Өздерінің алған әсерлері туралы бөліседі. |
| Ұйымдастыру-
шылық- Ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік. |
Балаларға үй құстарының суретін көрсете отырып, олардан алынатын өнімдерді көрсету. Ендеше балалар, адамдар олардан өнім алу үшін асырап , үй құстарына айналдырып алған. Олардың көпшілігін адамдар етін, жұмыртқасын жеу үшін және мамықтарына жастық т.б тұрмысқа қажетті заттар жасау үшін өсіреді. Сол себепті оларға жемін беріп , қорасын жасап, өнімді көп беру үшін жағдай жасайды. Дегенмен, олар суыққа төзімді болып келеді.
Слайдталған бейнетаспадан көрсете отырып, олардың дыбысталуын сұрау.
Сергіту сәті: «Шөжелерім» Құстар тойын жасаймыз. Қуанамыз, тойлаймыз. Ұя жасап ұқыптап, Біз оларды қорғаймыз. Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін , көңіл-күйлерін сұрау. Балаларды балапан қаламсабымен марапаттау. |
Бұлар үй құстары деп аталады.
Тауық, Қаз, Үйрек, -«Ку-ка-ре-ку» – қыт –қыт -быт-быттайды -қаңқ-қаңқ қаңқылдайды. Балалар мұқият орындайды. Балалар тауықпен бірге билейді. Сабақтағы көңіл-күйлерін смайликтер арқылы көрсету. |
