“Алтын күз” ертеңгілік
Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы, «Нұрсая» жекеменшік балабақшасы
Балабақша тәрбиешісі Көжекова Ардақты Табылдықызы
Тақырыбы: “Алтын күз” ертеңгілік.
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері және т.б.
Жүргізуші: Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жүп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Құрметті қонақтар, ата-аналар! «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ор
Шақырайық кәне!
Алма:Зере
Алма кетті домалап
Көше бойын жағалап
Кім алманы табады
Сол ойыннан шығады
Өрік. Айзере
Өрік, өрік, өрікті,
Өрікті кім теріпті?
Балаларға апасы
Бір-біреуден беріпті.
Пияз Айсултан
Асханадан шықпаймын,
Атым –пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып.
Тұмаудан мен сақтаймын
Сәбіз Жан.
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойынды
Қоянға да азықпын
Мен жазықсыз сәбізбін
Жүзім: Айзере.Қ
Мені бәрі самғасынр
Бір – бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар – қатар тізілген
Шие . Танирберген
Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Картоп:Нарезке
Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң – доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!
Бидай Айғаным
Нан анасы – бидаймын,
Нанды елге сыйлаймын
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын
Асқабақ Малик
Таңдандырар бәрін
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі!
Тәрбиеші: Қарлығаштар самғасын,
Жұмыр жердi шарласын.
Жылы жақтан қайтқанда,
Қанаттары талмасын!
Би: Қарлығаштар
Тәрбиеші:Кім білмейді шалқанды ?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды!
Ертегі: Шалқан
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар ал дәл қазыр мен сіздермен топтық жарыс өткізгім келеді. Ол үшін мына қораптан қағаздарды алып топқа бөлінейік.
Тәрбиеші:Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе –сары. Бұл не?
Ата-аналар: Жапырақ.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Ендеше ортада жапырақтар шақырылсын.
Балалар: Қызыл,жасыл, сарымыз.
Жапыракпыз бәріміз.
Қызыл,жасыл, сарымыз.
Ағайынбыз бәріміз
Тәрбиеші:Алтын сары қызыл көк,
Алуан- алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалтырап дей келе ата-аналар арасындағы сайысымызды бастайық.
Тәрбиеші. 1. Ойын «Кім жылдам?». Жапырақтарды кім тез жинап жабыраққа жабыстырса сол жеңеді
- Жұмбақ шешу.
-
Болса да ащы,
Дәмді етер асты.
Өседі ол жерге,
Тығып алып басты.(пияз)
- Көкөніс бұл қалаулы,
Жасамас онсыз Палауды.(Сәбіз)
- Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар
Қалай оны шешемін. (Орамжапырақ)
- Өзі қызыл , өзі қызық ,
Ортасында бір сызық . (Шабдалы)
- Үстіне тігіп көк шатыр ,
Астында қызғылт дәу жатыр (Қызылша)
- Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар. (Сарымсақ)
- Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп. (қарбыз)
- Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді. (қауын)
- Бұтағында азығы
Ортасында азығы. (алма)
Тәрбиеші: Ал енді қыздарымыз бен ұлдарымыздың сіздерге арнап сән көрсетеді.
Сән көрмесі
Тәрбиеші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келеңдеріңізге көптен көп рахмет.д
