Жаңа сабақтар

Дидактикалық ойындар арқылы қарым-қатынасты қал ыптастыру

Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы, «Нұрсая» жекеменшік балабақшасы
Балабақша тәрбиешісі Көжекова Ардақты Табылдықызы

Тақырыбы: Дидактикалық ойындар арқылы қарым-қатынасты қалыптастыру.

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі.
Ойын баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән- мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма»?,-деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні үнемі тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.
Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады.
Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада:олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады , белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Мұның бәрі баланың сөйлеуін, қарым-қатынас мәдениеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатынын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды. Өзінің күш-жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріліеді. Бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Қорыта айтқанда, ойын баланың өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Дидактикалық ойын — балалар үшін оқу да, еңбекте. Ол балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Жоғарыда айтылған мақсаттарды шешуде нәтижесі ұтымды болу үшін балалардың сөйлеуін, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың жинағын ұсынамын.

Дидактикалық ойындар.
Геометриялық пішіндерге арналған ойындар.

Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету.
Көрнекілік: Ою-өрнектерғ геометриялық пішіндер салынған карточкалар, геометриялық пішіндер.
Барысы: Балалар геометриялық фигураларды пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасын үндеместен жауап беруі тиіс.
Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.

А) дөңгелектерден біреуін артық етіп, үшбұрыштарды қойыңдар (үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді)
Б) мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар( бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді)
В) Дәл осындай пішінді көрсетіңдер(дөңгелекті көрсетеді);
Және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіңдер.
Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады. Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді.

Дәл осындай пішінді тап.
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды үйрену. Құлыптың кілттері де сиқырлы геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.

Жұбын тап.
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру, білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әр түрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндерін суреттері.
Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суретін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.

«Мынау қай пішін».
Мақсаты: геометриялық сипалап анықтау арқылы айта білу.
Көрнекілік: картоннан жасалған геометриялық пішіндер бес түрі.
Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.

Аналар мерекесіне арналған мерекелік сценарийі.

Мерекеңмен, Анашым!
Мақсаты:
-Мерекелік көңіл-күйін құру
-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім , алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған сүйкімді бүлдіршіндеріміздің «Ақ сүтін берген Анашым» атты ертеңгілігімізді бастаймыз
(құттықтаулар)
Жүргізуші: Армысың, әжелерім, аналарым
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Бүгінгі ертеңгілігімізде айтылар ән де, би де бәрімізге өмір сыйлаған ардақты аналарымызға арналады.
Той тойлап дала мен қалаларым
Мерекең құтты болсын, аналарым .
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,

Құттықтауға келеді әне балаларың.-деп ортаға өнерлі бүлдіршендерімізді шақырамыз.
(Музыка әуенімен ортаға балалар залға кіреді)
Осы кезде Сағынай тақпағын айтады
Шалқып тасып әніміз.
Жадырасын жанымыз
Ана, сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз.
Хор: Құттықтаймын, Мама туған күніңмен.
(Тек тақпақ пен әннің балдары шығады)
Әсем кештің ажарыжэ
Әсем бисіз кіре ме
Кіп-кішкентай бишілер
Мың бұралып билейді.
Би :
Ақ анашым, аппағым
Өзін жайлы тақпағым
Арналады сіздерге
Бар баланың тақпағы
.«Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы». Ендеше, балаларымыздың аналарына арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Амир: О, Ана.
Неткен асыл тұлғасын,
Қиын кезде мұңдасың
Қуанышты сәттерде
Өзіңсің тағы жырласым

О, Ана
Мейірімді жан едің
Бір қолыңмен бесікті
Бір қолың мен әлемді
Тыныштық бағын тербедің

О ,Ана

Тірегім де өзіңсің,
Жүрегім де өзіңсің
Айтатын әркез өзімсің
Өзіңсің ана өзіңсің.
Аянат:
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң сағынам
Ерасыл
Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймын, мерекеңмен
Құрметті Аналар!
Әли:
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз баланың
Анаға айтар лебізі.
Өркен:
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Ақторғын:
Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақталған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам.
Дархан:
Бүгінгі көктем күнінде
Барлық адам куанар
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар

Жүргізуші: Балалар, мынау ненің дыбысы. Бәлкім, бізге қонақ келе жатқан болар. Кім екен а? Осы кезде табиғаттын даусы музыкасы жіберіледі
Сол кезде көбелектер әуенімен көбелек кіріп келеді.

Көбелек: мына гүлдердің әдемісін-ай! Көктем . Көктем қандай тамаша.
Жүргізуші: Көктем келді. Солай емес пе балалар!Көктеммен бірге әдемі көбелекте кеп қапты.
Қөбелек: Айтыңдаршы, бүгін аналардың мерекесі ғой. Аналарға мына гүлдерді сыйласам ба екен? Ойым дұрыс па?
Жүргізуші: Дұрыс, бірақ өзінде гүл сияқты әдемісің ғой. Гүлден гүлге қонып, билеп, әдемі сұлулығымен
табиғатқа әсем бересің.
Көбелек: Рахмет, балалар мен өзім келген жоқпын. Өзімнің кішкентай көбелектеріммен келдім. Аналарға арнаған билеріміз бар. Тамашалаңыздар.
Kөбелек:
Балалар, менің баратын тағы да жерлерім бар. Қош, сау болыңыздар!
-Аяула да алтын нұрлы анашым
Жүрегімнен мәңгі бірге боласың
Сен арқарсың, сен аспансың, биіксің
Сен дархансың сен жомартсың данасың

Ойын: Қыздарға гүл сыйлау.

Жүргізуші:
Сыйлаймын мен жырымды,
Сізге арнап жаттаған
Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын, ақ анам.

Асыл аналарымызға арналған өлеңдерге кезек берейік.
(Тақпақтар):
Асемай:
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
Тойбек:
Ана, ана анашым.
Жақсы көрген баласын
Құттықтаймын мейраммен
Сен мен үшін данасың
Айзере:
Анам менің ақ гүлім
Анам менің бақытым мен шаттығым!
Әулет:
Менің анам күнім дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
Аягөз:
Менің анам Айым дейді,
Мен ауырсам уайым жейді.
Ерасыл:
Ақ сүтін берген Анашым,
Ақылды менің данашым.
Өзіңдей жанды әлемнен,
Қайдан табамын анашым!
Нұрсәт:
Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым.

Ойын : Ата – аналармен
Ақтоты
Ой балалар, балалар
Ойналық та күлейік

Қане енді бұралып

Би билеп те берейік

Би: Қызғалдақ тобының орындауында: «Көктем вальс
Жүргізуші:
Біздің балаларымыздың аналарына арнаған құттықтау ашықхаттары бар екен. Балаларымызды қол соғып қошеметтеп қарсы алайық

Жүргізуші :

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Ақ мамам» әнін
Хор: Ақ мамам әні.
Осымен бүгінгі «Ақ сүтін берген, Анашым»! атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Бала мен балабақша
  2. Мен бақытты баламын
  3. Отбасы және балабақша

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.