Жаңа сабақтар

Мырзахметова Молдир Абдуллаевна

Қызылорда облысы, Жаңақоған кенті «Кәусар Д» балабақшасының

әдіскері Мырзахметова Молдир Абдуллаевна

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері

Тақырыбы:»Көбелек және инелік»

Мақсаты: Көбелек және инелікпен таныстыру, олардың айырмашылығын байқап айтып беру дағдыларын қалыптастыру. Көбелек пен инеліктің қалай пайда болатындығын түсіндіру. ( жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ пайда болатындығын) түсіндіру.Жәндіктерге қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ойын» технологиясы бойынша дидактикалық ойыны.

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Проектор, Суреттер, таратпа карточкалар,

Билингвистикалық компонент:Жәндіктер-насекомые-insects , көбелек-бабочка-butterfly, инелік-стрекоза-dragonfly.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І.Кіріспе бөлім

Саламатсыңдар ма, балалар! Бүгінгі оқу қызметімізде жыл мезгілі туралы білетінімізді мына ғажайып суреттерді орналастыра отырып бастайықшы. Балалар ортада әр қабырғасына көктем мезгілі тақырыбында суреттер жапсырылған суреттерді атап,, көктем мезгілі ерекшеліктері туралы айтады.

Бәрекелді балалар, шалғынды көгалды жерге серуендегілерің келеме? (Ия)

Олай болса біз қазір көп гүлдер өсіп тұрған жерге барамыз.Балалар гүлге назар аударайықшы гүлдің үстінде қонып отырған не? (Көбелек, инелек, ара, құмырсқа, қанқыз)

Ия балалар бұларды не деп айтамыз? (Жәндіктер)

Балалар енді назарымызды экранға аударайықшы мұқият қараймыз.

Балалар біз не көрдік? (көбелек пен инелік)

Ия ақылдыларым дұрыс айтасыңдар ендеше бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміз «Таным» саласы Бөлімі Экологиядан Көбелек пен инелік пен танысамыз.

ІІ.Негізгі бөлім

Балалар көбелек қандай болады? (Көбелек әдемі, нәзік болады)

-Жарайсыңдар!

-Балалар дұрыс айтасыңдар көбелек – өте жеңіл, нәзік, әдемі болады.

Көбелектер екіге бөлінеді.

Күндіз ұшатын көбелектер және түнде ұшатын көбелектер.

Күндіз ұшатын көбелектер ашық түсті, ал түнде ұшатын көбелектер сұр және суық түсті болады.

Күндіз ұшатын көбелек ( булавоусая), түнде ұшатын көбелектер ( разноусая)

– Балалар, сиқырлы экраннан қандай көбелекті көріп тұрсыңдар? ( Сары)

– Бұл қай кезде ұшады?( Күндіз ұшады)

– Сұры көбелек ше? (Түнде ұшады)

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар көбелектер қалай пайда болатынын білеміз бе? (Балалар өз ойларын айтады)

-Олай болса интербелсенді тақтаға назарымызды аударайық. ( көбелектің дамуы туралы көрсету)

-Балалар, жұмыртқалардан құрттар пайда болады.

Құрттар ауызбен демала алмайды, олар ішіндегі тесіктер арқылы демалады.

Құрттар көбелекке айналар кезде ағаштың бұтағына немесе жапыраққа жабысып, төмен қарай салбырап тұрады.Содан соң олар өз аузынан жеңішке жіптерді шығарып , өзін қуыршаққа ұқсатып орай бастайды.

Қуыршақтарды үйшік деп атайды. Қуыршақтың ішіндегі құрттар көбелекке айналады.Қуыршақ үйшіктерін тастап көбелек ұшады.

-Балалар интербелсенді тақтадан нені көріп тұрмыз? (Көбелек)

-Ал, ендеше оны үлкейткішпен қарап көрейікші.

Не пайда болды? ( Қаңқасы)

-Жарайсыңдар!

Көбелектің құрылысы

(Көбелекте 1- құрсақ, 2-кеуде, 3-мұрттары бар басы, 4-түтікше,

5-алдыңғы, ортаңғы және артқы аяқтары, 6- бірінші және екінші жұп қанаттары.)

( 4 үлкен, екеуі кішкене көрінбейді.)

– Балалар көбелектің неше қанаты болады? (Төрт қанаты болады.

екі алдыңғы, екі артқы)

Көбелектер немен қоректенеді?

Көбелектер дәмді аяқпен сезеді екен. Егер олар шырынның үстінде тұрса оның дәмін бірден сезеді де оның дәмі ұнаса мүйізшесін алдыға бұрып шырынды түтікше арқылы іше бастайды.

Егер көбелектер ерте көктемде, гүлдер ашылмай тұрып оянса олар аққайыңның, үйеңкінің шырынымен қоректенеді.

Көбелектер қандай пайда келтіреді?

Көбелектер табиғатты әсемдейді, оның әдемі бояу түстері бізді қуантады. Көбелектер гүлдерді тозаңдандырады. Денесі мен қанатында түрлі-түсті өте ұсақ ұнтақтары бар екен. Олар қанаттары мен денесіне әдемі өрнек салып тұрады.

Көбелектердің сүйектері болмағанмен, қатты қабыршағы болады.

Көбелектердің тіршілігі. Көбелектерді неге қолымен ұстауға болмайтын себебі, олардың қанаттарын жауып тұрған нәзік ұнтақты қабаты тез зақымданады. Ол тек әдемілікті бұзып қана қоймайды көбелектер ұша алмай қалады.

Көбелектер қанша өмір сүреді?

Бірақ көпшілігі бірнеше апта тіпті бірнеше сағат қана өмір сүре алады екен. Көбелектердің түрлеріне байланысты болады. Кейбіреулер 1-2 күн ғана өмір сүреді. Көпжасайтын көбелектер

де болады. Олар бір жылға дейін өмір сүреді.

Көбелектердің өсіп жетілуі 4 сатыда өтеді:

жұмыртқа-жұлдызқұрт-қуыршақ-көбелек.

Көбелектер толық түрленіп дамыса, инеліктер шала түрленіп дамиды.

-Олай болса назарымызды сиқырлы экранға аударайық. (инеліктің дамуы туралы көрсету)

слайд инелік

Инелік- басқа жәндіктерден ерекшелігі : арқа-құрсақ қанатының бұлшық еттері жақсы дамыған.

-Балалар инеліктің қалай пайда болатынын білеміз бе? (Балалар өз ойларын айтады)

-Олай болса интербелсенді тақтаға назарымызды аударайық. ( инеліктің дамуы туралы көрсету)

-Балалар сиқырлы экраннан қандай жәндікті көріп тұрсыңдар? (Инелік)

-Жарайсыңдар!

«Артығын тап » ойыны

Сергіту сәті (көбелек әнімен)

-Балалар, енді біз мына суреттерді таңдап алып, топқа бөлініп отырайық.

(Балалар топқа бөлініп жұмыс жасайды.)

«Таным» білім беру саласында:

Дидактикалық ойын «Пазылды құрастыр»

Мақсаты: жәндіктердің суретін бес бөліктен құрастырады және үш тілде санайды. бір-один-one; екі-два- two; үш-три-three; төрт-четырый-four; бес-пять-five .

ІІІ. Қорытынды бөлім

Вен диограммасы

Бәрекелді, балалар сендер бүгін оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендердің көңіл күйлерің қандай, соны смайлик арқылы көрсетейік. Ені осы әдемі көңіл күйімізді келген қонақтарға сыйлайық.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көбелек және инелікті танып, ажыратуды, олардың дене бөліктері туралы, олардың жәндіктер тобына жататындығын, табиғат үшін маңыздылығын біледі.

Түсінеді: Көбелек пен инелікті таниды, ажыратады, көбелек пен инеліктің тіршілігі туралы, көбелектің жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ болатындығын түсінеді

Қолданады: Көбелекке қамқорлықпен қарайды, зерттеу тәсілін қолданады

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.