Неталиева Гульнар Жексеновна
Атырау қалалық № 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Неталиева Гульнар Жексеновна
Тақырып: Көрікті көктем
Балаларды сабаққа дайындау бір-біріне жылы лебіздерін айтқызу.
Шаттық шеңберінде тұрып айту.
Кел,балалар,күлейік Күлкіміне түлейік.
Күлкімізді күн қылып, Гүл өссін деп тілейік
Мақсаты: балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, әсемдікке балу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар,
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру.
Ұйымдастыру кезеңі: -Балалар казір қай мезгіл ? -Көктем
-Көктемде неше ай бар?-3 ай наурыз,сәуір,мамыр?
-Қай айдан басталады? -Наурыз
-Жерде ,далада,ағаштарда қандай өзгерістер болады?
-Айтыңдаршы балалар көктемде ағаш қандай құстар ұшып келеді?
-Ұзақ,қараторғай,су құстары.-Ал ең алғаш қандай гүл шығады. -Бәйшешек
-Енді балалар Төлеген Тоқбергенов агашың «Көктем» өлеңіне бәрәміз бірге айтайық.
-Көңілді көктем далада.
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар.
Ауылымды арала.
Көктем қандай көңілді.
Көктем жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Көктемнің алғашқы айы наурыз
-Бұл айда күн жылынып қар еріп жылғалардан су ағады сай-сала суға толады.
Наурыз айында 8-наурыз аналардың мейрамы, 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлаймыз.
-Ал сәуір айында жер беті көгеріп ағаштар бүршік атып айнала құлпырып кетеді.
Жаңбыр жиі жауады.
-Мамыр айында дала жасыл желек жамылады .Мамыр айы «Ән айы» деп айтады. Өйткені құстар балапан басады,тоғай,гүлзарлардың ішінде, көл жағасында құстардың сайрағаны дауыстарын естисің.
Сондықтан көкткм – жылдың тамаша мезгілі.
Сергіту сәті:
Шомылып нұрға атырып. Ағаштар жайды жапырақ
Далаға бірдей таралды, Гүлдерден жұпар шашалып.
Балалар көктемде жер жыртады,егін,бау-бақша салады гүл егуге дайындайды,
Ағаштардың түптерін қопсытып , құстарға ұя жасау сияқты жұмыстар жүргізіледі.
Ең алғаш дәрілермен қоректенетін құстар ұшып келеді мысалы: ұзақ,шұбар,шымшық,
қараторғай т.б құстар.
Ал жәндіктер мен қоректенетін құстар-қарлығаш, ұзынқанат қарлығаш, көкек, бұлбұл сияқты құстар сәуірдің аяғы, мамыр айларында ұшып келеді.
Жұмбақтар:
-Күн ұзарып, қар еріп
Су сайларға толады,
Бұл қай кезде болады. «Көктем»
Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. «Күн күркіреуі»
Мақал-мәтелдер:
Өткен бұлттан жаңбыр күтпе.
Наурыздан соң қыс болмас,
Мизамнан соң жаз болмас.
Сәуір болмай тәуір болмас.
«Көктемде бір тойдым,
Көбі қарда бір тойдым»
Осы мақал-мәтелдерді пайдалана отырып көктем мезгілінің қандай керемет екенін оқушыларға тағы да пысықтау арқылы сабақты аяқтадым.
* * * * * *
