Бердиева Қаламқас Ибрагимқызы

Атырау қалалық N 24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Бердиева Қаламқас Ибрагимқызы

Сабақтың тақырыбы: Т.Қажыбаев. Әдеп

Сабақтың мақсаттары:

1.Балалардың өмірге деген қажетті білім дағдыларын тереңдете отырып, әдептілік қағидаларын меңгерту.

2.Оқушылардың логикалық ойын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік беру

3.Имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, ой қозғау

Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың түрі: зерттеу сабағы

Сабақтың көрнекілігі : мақал-мәтелдер , нақыл сөздер ,сөзжұмбақ

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Шеңберге орналасу, амандасу

-Балалар келіңдер , бір-бірімізбен амандасайық.

Амансың ба, Алтын күн?!

Амансың ба , Көк аспан?!

Амасың ба, Жер-Ана ?!

Амансың ба, достарым ?!

Сендерді көрсем қуанам !

-Ендеше ,бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.”Тапқыр достар“ сайыс сабағы түрінде өтеді.

Топқа бөліну: 1-топ – Әдептілік 2-топ -Әдемілік 3-топ- Ізеттілер

Әр топ өз атын қорғап шығады.

-Осы сөздер адам бойындағы қандай қасиеттерді көрсетеді?( әдептілікті)

-Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Төлеген Қажыбаевтың ”Әдеп” атты мәтінімен танысамыз.

1- кезең. Мағынаны тану

Мәтінді топқа бөліп беріп өздеріне оқыту.

2-кезең. ”Сен білесің бе?” кезеңі. Әр топ келесі топқа сұрақтар дайындайды.

3-кезең. Мақал- мәтел сайысы.

-Бала тәрбиесі бесіктен.

-Әдепті бала –арлы бала, Әдепсіз бала-сорлы бала.

-Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

-Тәрбиелі адам-тағалы атпен тең.

-Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,

Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.

-Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.

-Адам әдебімен көрікті.

-Әдепті дегенше, әдемі десейші.

-Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені.

-Әдепті бала ата-анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

4-кезең. Жағдаяттан шығу.

1-топқа – Қоғамдық көліктегі әдептілік.

2-топқа – Үстел басындағы әдептілік.

3-топқа – Сыныптағы әдептілік.

Қорытынды шығарып ереже жазу.

5-кезең. Әдептілік туралы өлеңдерге кезек беру. Ақылды, әдепті балалардың қандай болу керек екені туралы кім қандай өлең біледі?

6-кезең. “ Жалғастыр ойыны ” “ Не істеуге болмайды? ” деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.

  • Үлкендердің алдын –
  • Кішкене баланы –
  • Құстарды –
  • Қыз баланы –
  • Сабақтан –
  • Үйге жүгіріп –
  • Үлкен кісіні –
  • Оқу құралдарын –
  • Сыныпта –
  • Ықыруға –

Не істеу керек?

  • Сабақты жақсы оқу керек.
  • Ата- аналардың тілін алу керек.
  • Үлкендерді сыйлау керек.
  • Тәртіпті болу керек.
  • Таза жүріп, мәдениетті болу керек.

7-кезең. Сұрақ- жауап: “Сен маған, мен саған”.

  • Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
  • Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
  • Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?
  • Әдептілікті бізге кім үйретеді?

8-кезең. “Өнерпаз болсаң… ”. Мұнда терме тыңдалады және сол термедегі нақыл сөздерді есте сақтау.

Ұстаз-ғалым,ақын, жазушы Әдібай Табылдиев аталарың келешекте әдепті балалар өз міндеттерін ұмытпасын деп мынандай тапсырма берді, қалай орындай қолымыздан келеме ме? Әдібай атаның тапсырмасы:

1.Бір мезгілде ұйықтап, белгілі уақытта оянып үйрен.

2.Ерте тұрып, таза ауада денеңді шынықтыр.

3.Күнде таңертең салқын сумен жуын.

4.Көшеде жүргенде, көше тәртібін сақта.

5.Көшеде, көпшілік орындарда әдеп сақта.

6.Үй жинауды, еден сыпыруды, ыдыс-аяқ жууды ұмытпа.

7.Үлкендердің, ата-ананың тілін ал.

Әр оқушы өз бойындағы жақсы қасиеттерді жазып тақтаға іледі, ал жаман қасиеттерін жазып қоқысқа тастайды.

Сабақты Ә.Табылдиевтың ”Бос өтпейді минутым” өлеңімен аяқтау.

Орнықтырып әдеппен Оқу, еңбек, ойынды

Оқушылық әдеппен Орындаймын ойымды.

Есептеулі сағаттар, Еш өтпейді күнбе-күн

Еш өтпейді сабақтар, Бос өтпейді минуттар.

Үйге: мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту.”Әдепті бала –көпке үлгі” тақырыбында әңгіме жазу.Төлеген Қажыбаев туралы дерек жинастыру.


Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше