Жаңа сабақтар

Оспанова Іңкәр Айтжанқызы

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
«Алма» жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі
Оспанова Іңкәр Айтжанқызы

Тақырыбы: «Баланың таным-тәжірибелік қабілетін ашып, денсаулығын нығайтуда профилактикалық орта қалыптастыру»

Мақсаты:
Жергілікті жердің өсімдіктерімен таныстырып,шипалық қасиетін анықтау;
Баланың өсімдіктер әлеміндегі сенсорлық дамуын қалыптастыру;
Балабақшада профилактикалық орта қалыптастыруда тәжірибелік орта ашу;
Міндеті:
Табиғат аясына саяхаттап,балаларды өсімдіктер әлемімен жете таныстыру;
Мектепке дейігі жастағы балалардың тәжірибелік қабілетін жақсартуға ықпал ететін қоршаған орта немесе экология негіздерінің процесін жетілдіру және олардың ішінде ең маңызды ерекшеліктерін айыра білу қабілеттерін дамыту;
Арнайы орталық жасақтау;
Күтілетін нәтиже:
Тәжірибелік аймақ ашу
«Табиғатпен үндес балабақша» байқауында жеңімпаз атануына үлес қосу.
Өсімдіктер әлемін тануға ерекше ықыласты балаларды тарту,тәжірибеге қатыстыру.

Адамның денсаулығы –қоғам байлығы. Әрбір адам өзінің денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыруы керек. Біздің де өмірімізді жарық қылатын,жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын,өмірдегі басты байлық-денсаулық. Осы орайда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес бөлінген,әрқайсысының өзіндік маңызы бар білім салалары қамтылған. Бүгінгі менің шығармашылық жұмысым білім беру салаларының ішінде «Әлеумет» білім беру саласының қоршаған орта немесе экология негіздерімен тікелей байланысты.
Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің көптеген түрі өседі.Айналамызда өсіп тұрған өсімдіктердің негізгі бөлігінің емдік қасиеті бар.Бірақ біздер олардың қандай қасиеті бар екенін біле бермейміз.Оларды арамшөптердің қатарына жатқызып бау- бақшамыздан жұлып тастаймыз. Олар: итмұрын,таңқурай,бақбақ,жусан,адыраспан,түймедақ,жантақ және тағыда біз білмейтін өсімдіктер көптен көп. Алайда деректерге сүйенсек олардың емдік шипалық қасиеттері өте көп екен.
Шығармашылық жұмыс жасау барысында өзімнің жұмысымның маңыздылығын кең көлемде насихаттау мақсатында балабақша мейірбикесімен, психологпен бірлескен жоспар құрдым.
«Баланың таным тәжірибелік қабілетін ашып,денсаулығын нығайтуда профилактикалық орта қалыптастыру»

Өсімдіктермен таныстырып шипалық қасиеттерін анықтауда
мейірбикемен бірлескен жұмыс жоспары

Іс –шара мазмұны
Мақсаты
Жауапты

Емдік өсімдіктерді
теру

Емдік өсімдіктерді ажырата білу.
Сенсорлық қабілетін дамыту.

Мейірбике
Әлдебаева А.С

Тәжірибе алаңында
жұмыс жасау

Тәжірибе жасау арқылы
өсімдіктердің емдік,табиғи қасиетін анықтау.

Оспанова І
Мейірбике
Әлдебаева А.С

Нәтижені анықтау,бөлісу

Жасалған жұмысты насихаттау

Психолог
Шағанова Г.К

Мейірбике
Әлдебаева А.С

Өз өлкеміздегі осындай шөптерді балабақша бүлдіршіндерімен бірігіп,бақша ауласында өсетін өсімдіктерді жинап, оларды қайнату,кептіру,тұнба жасау,ұнтақтау арқылы зерттеу жасалынады.

Дәрілік өсімдіктерді дайындаған кезде арнайы ережелер сақталады.

Қор

Шипалық қасиеті бар өсімдіктерді атап айтсақ,шырғанақтың жемісінен күйікке және жараға жағатын май алынады.Итмұрынның жемісінен дәруменге бай қайнатпа жасайды.Таңқурайды кептіріп,суық тигенде шәйға салып ішеді.Алое шырынын емге пайдаланады.Мен осы өсімдіктердің ішінен бәрімізге белгілі жәнеде кез-келген жерде өсетін «адыраспан» «жусан» және «түймедақ» өсімдіктеріне балалармен бірігіп тәжірибе жасадым. Адыраспан-ол көпжылдық өсімдік.Қазақстанда адыраспанның бірақ түрі өседі.Адыраспан –улы,сасық иісті,жұмыр өсімдік.Оны қайнатып,тұнба жасап, кептіріп тұтатып көрдік. Ең қызықтысы адыраспаннан қызыл түсті бояу алынады.Түймедақ гүлі көгалдандыруда кеңінен қолданылатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Емдік қасиеті Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады. Түймедақ гүлі өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына қарсы ем.Өсімдіктен алынған эфир майы жүйке жүйесін әлдендіріп, ми тамырларын кеңітеді. Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, өтті жүргізіп, тәбетті ашуға көмектеседі. Бұлшық еттің жұмыс қабілетін арттырады. Түймедақтың бойынан сізге байқала бермейтін үміт, жылулық, шапағат, махаббат нұры есіп тұрады екен.Жусан- жер бетіндегі өсімдіктердің ең ащысы.Жусан бөлмедегі ауаны тазартып,жүйкені тыныштандырады.Жусанның тұнбасын дайындау үшін бір шай қасық үгітілген жусан жапырағын бір стакан қайнаған суға салады.Осы дайын тұнбаны қасықпен ішеді. Ауыз шаюғада болады.

Балабақша мейірбикесімен біріге отырып,аталған шөптердің адам денсаулығына қаншалықты пайдасы жөнінде және олардан тұнбаны дайындау арқылы тәжірибе жасадық.

Өсімдіктерге арналған іс-тәжірибе жұмысы барысында

Өсімдіктер атауы

Балалар жұмысы
Нәтиже

Жусан

Ұстап көру,
иісін сезу,
сипаттау,
мағұлмат алу
(Слайдпен жұмыс)

Иісінің ащы және өткірлігі,
тұтанбайды

Түймедақ

Гүлін алып,приборларға салу,сабақтарынан сары бояуды байқады
(Слайдпен жұмыс)

Сары түсті тұнба дайындалады.

Адыраспан

Кептірілген адыраспанды тұтату
(қауіпсіздік ережелерін сақтау.Тәрбиешінің көмегімен)
(Слайдпен жұмыс)

Өзгеше иістің пайда болуы,
Бөлме ауасының өзгеруі

Мұндай тәжірибе жасау барысында,өсімдіктердің сыртқы қасиеттері,олардың қалыптасуы,иісін,дәмін,түрін,ұстап көрсету арқылы баланың сенсорлық қабілетін дамытамыз. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың экология негіздері мен қоршаған орта оқу қызметіне деген қызығушылықтарын оятамыз.
Міне,мен осы орайда балабақша ішінен «Жасыл желек-жанға сая» атты өсімдіктер әлеміне толы орталық ашуға ұсынысымды қабыл алып,балалармен бірігіп тәжірибе жасақтап,уақытымызды қызықты өткіземіз.Топтар арасынан менің жобама қызығушылық танытқан балалар саны көбейіп келеді.
«Табиғатпен үндес балабақша-2019» аудандық байқауынан біздің балалабақша І орын иемденді.
Бұл менің алға қойған мақсатым болған.

Гүлім жоспар Бекітемін:
«Алма» жекеменшік балабақшасының
меңгерушісі
__________Ж.К. Шортанова

2019-2020 оқу жылының «Ата-аналарға арналған консультативтік пунктінің» жұмыс жоспарын
қ/с
Кеңестер тізімі
Жүргізілетін
нысан
Уақыты
Жауапты маман
1
Баланы балабақшаға бейімдеу
Тәрбиеленуші
Қыркүйек
Психолог
2
Өлкемізде өсетін емдік шөптер туралы ағартушылық жұмыс
Тәрбиеленуші
Қыркүйек
Психолог
Оспанова І
3
Балалардың сөйлеу тілі бұзылуының алдын алу
Ата-ана
Қазан
Би өнері пәні мұғалімі
4
Бала тілін дамытуда ата-ананың рөлі
Ата-ана
Қараша
Умирхахова Р
5
Баланың ұсақ қол маторикасын дамытуда және шығармашылық қабілеттерін дамытудағы ермексаздың маңызы
Ата-ана
Желтоқсан
Бейнелеу пәні мұғалімі
6
Баланың гигиеналық машықтарын дамыту
Ата-ана
Желтоқсан
Медбике
7
Баланың дамуындағы хореографияның рөлі
Ата-ана
Қаңтар
Умирбекова Ш
8
Балаға ерте жастан ағылшын тілін үйретудің тиімділігі
Ата-ана
Қаңтар
Ағылшын пәні мұғалімі
9
Балабақшадағы күн тәртібі
Ата-ана
Ақпан
Медбике
10
Жанұяның адамгершілік тәрбиедегі рөлі
Ата-ана
Ақпан
Шамшаева А
11
Ата-аналаға арналған тренинг
Ата-ана
Наурыз
Психолог
12
«Агрессивті бала» -кеңес
Ата-ана
Сәуір
Психолог
Тәрбиеші
13
Баланың музыкаға бейімділігін қалыптастыру
Ата-ана
Мамыр
Ән-саз пәні мұғалімі
14
Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі
Ата-ана
Маусым
Логопед

«Ата-аналарға арналған консультативтік пунктінің» жиналысында

Қазіргі уақытта балалардың арасында аса бір ерекше нәрсе болмаса олардың қызығушылығын арттыру мүмкін емес. Осы орайда өз шығармашылық жұмысымда одан әрі ата-аналармен бірге жандандыру мақсатында психологпен бірлескен жоспар құруды қолға алудамын. Себебі уақыт ағымына сай ата-аналарға кез-келген өзекті мәселені жеткізудің бірден бір көпірі ол- психолог. Біздің балабақшамызда «Консультациялық пункт» жұмыс жасайды, осы орайда көптеген ата –аналарға кеңес беру барысында бақшамызда үнемі тәжіибе алаңының жұмыс жасайтындығын, экологиялық бұрыштардың көптігін, уақытылы саяхаттардың ұйымдастырылатындығын жете айтып, балаларын өз шығармашылық тобыма қосуды насихаттап отыруына ұсыныс жасадым.
Сонымен қатар қазіргі уақытта мектептердегі бастауыш сынып окушуларынан бастап,білім бәйгесінің ең көлемдісі ғылыми жоба қорғап,грант иегері атанып жатырғаны өте көп.Ғылыми жоба тақырыптары пәндерге байланысты сан түрі болары анық,алайда балабақшадан өсімдіктер әлеміне қызығушылығы жоғары тәрбиеленуші мектептегі жаңаша ойлайтын ғылыми жоба жеңімпазы атануы әбден мүмкін.
Сонымен шығармашылық ізденіс жұмысымның нәтижесінде мынадай қорытындыға келдім:мектепке дейігі балалардың экологиялық білімі,біліктілігі,тәрбиесі,мәдинеттілігі,ақыл ойы қоршаған ортамен тығыз байланыста.Балабақшамен шектелмей,мектепте осы білімдерін одан әрі кеңейтіп,байытады.
Қорыта айтқанда экологиялық саяхаттар,серуендер,оқу қызметі, тәжірибе жасау арқылы балалардың сенсорлық дамуына ықпал етіп, өсімдіктердің денсаулыққа пайдасын насихаттадым.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.