Жаңа сабақтар

Омарбекова Назира Есеновна

Мектеп «А.Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Күні
Мұғалімнің аты-жөні: Омарбекова Назира Есеновна
Сынып 9 Барлығы – 10 Қатысқандар – Қатыспағандар —
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.3. Микробиология және биотехнология
Сабақтың тақырыбы: Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері (медицинада, өнеркәсіпте және ауылшаруашылықта). Инсулин өндірісі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 9.4.3.2 биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысал келтіру.
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысал келтіру.
Оқушылардың басым бөлігі: ашыту әдісінің, цианобактериялардың ерекшеліктерін талдау.
Кейбір оқушылар: биотехнологиялық әдістердіңэкономикалық тұрғыдан тиімділігін дәлелдеу.
Бағалау критерийі Биотехнология әдісі арқылы алынатын өнімдерге мысал келтіре алады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар … істей алады

Биотехнология саласы арқылы көтпеген жаңа өнімдер алуға мүмкіндік бар екендігін анықтайды (айтылым-жазылым);

Биотехнология өнімдерінің экономиканың басқа салаларында қолдану жолдарын анықтап, мысалдар келтіре алады. (оқылым-тыңдалым).

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері

селекция, эмбрионды трансплантациялау, клондау әдісі, бактериялық тыңайтқыштар, метталлургияда қолдану, сүтқышқыл бактериялар, саңырауқұлақтар, микробтық синтез.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
Талқылауға арналған тармақтар:

Биотехнологияда микроағзалардың алатын орны ерекше, өйткені …

Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?

Сіз цианобактериялардың, қарапайымдардың, саңырауқұлақтардың биотехнология өндірісінде рөлі бар екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Биотехнология әдісі арқылы алынатын өнімдер біз үшін маңызды, өйткені …

Құндылықтарға баулу МЕ ұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығын негізге ала отырып оқушыларды ауызбіршілікке, сыйластыққа, денсаулығын сақтауға баулу, экономиканы дамытуды түсінуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Металдар биотехнологиясы бактериялардың металдарды тотықтыру және оларды кеннен ерітіндіге ауыстыру қабілетіне қарай химия пәнімен байланысады. Цианобактериялардың таралу жеріне байланысты география пәнімен байланысты. Өнімнің массасын есептеуге байланысты математика пәнімен байланысты.
Алдыңғы білім 7.4.3.2 ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу.

7.4.3.3 антибиотиктер, антисептиктер мен залалсыздандыру өнімдерінің қолданылуын сипаттау

Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

7 минут

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Қос шеңбер» әдісі арқылы балалар бір-біріне сабаққа сәттілік тілейді.

Құрылымдалған шағын екі топқа топтастыру.

«Номерленген сурет қиындылары» әдісі арқылы топқа бөліп, топ басшысын сайлау.

«Жарық жұлдыз» әдісі (сабақтың өн бойында қолданылады).

Үй тапсырмасын тексеру.

Тапсырма 1.

«РАФТ» стратегиясын басшылыққа ала отырып «Қант диабеті» ауруы туралы тапсырма дайындаңыз.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «РАФТ»

ҚБ: «Бір сөйлеммен түйіндеу»

«Ой қозғау».

Слайдқа йогурт, нан өнімдері, дәрі (антибиотик) суреттерімен ой қозғай отырып сабақтың тақырыбын тауып, мақсатымен таныстыру.

Номерленген сурет қиындылары

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

20 минут

Тапсырма 2.

Оқулықтан «Биотехнология нысандар және олардың биотехнологиялық қызметі», «Биотехнологияда саңырауқұлақтарды пайдалану» тақырыпшаларының мәтіндерін түртіп оқып, биотехнологияның әдістерін қай салада қолданатынын «Балық қаңқасына» жазып, оларға түсініктеме беріп, мысалмен дәлелдеңдер.

Дескриптор:

  • Мәтінді түсініп оқиды;
  • Биотехнология әдістерін қолдананатын салаларды анықтайды, мысалмен дәлелдейді;
  • Сызбаға орналастырады;

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «INSERT», «Балық қаңқасы»

ҚБ: «Жарық жұлдыз» — өзін-өзі бағалау.

Тапсырма 3.

Сілтемеде берілген видео-роликті пайдаланып тірек-сызба құрыңыз.

Дескриптор:

  • Видеоны қарайды, мұқият тыңдайды;
  • Дәрі-дәрмек өндірісінде қолданылуын анықтайды;
  • Биотехнологиялық әдістерді қоршаған ортаны қорғауда қолдануы туралы сызбада көрсетеді.

ҚБ: «Жарық жұлдыз» — өзін-өзі бағалау.

Қосымша 1.

«Балық қаңқасы» әдісінің сызбасы

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/genetika-zhane-suryptau-negizderi/qazirgi-zamandahy-genetika/lesson/biotexnologiyalyq-adisterdi-qoldanu

Сабақтың соңы

13 минут

Тапсырма 4.

1. Биотехнология деген не?

2. Биотехнология әдісі қашан қолданылады?

3. Биотехнология әдісі қандай салаларда қолданылады?

4. Биотехнология әдісін неге қолданады?

5. Биотехнология әдісі арқылы қандай өнімдер алады? Олар экономикалық тұрғыдан тиімді деп есептейсіз бе?

6. Биотехнология әдісі арқалы қандай ғалымдар жаңалық ашты?

Дескриптор:

  • Биотехнология деген не екенін түсіндіреді;
  • Әдісті қашан қолданатынымызды мәтінге жүгіне отырып талдайды;
  • Әр түрлі салаларда қолданатынымызды мәлімдеп береді;
  • Әдіс арқылы өнімдерді тізбектейді, пайдасын түсіндіреді, олардың тиімділігін бағалайды;
  • Орыс, француз ғалымдарын атап, қандай ауруға қарсы дәрілер шығарғанын, олардың маңызына баға береді.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «6 сұрақ» стратегиясы.

ҚБ: «Мұғалімнің бағалауы», «Жарық жұлдыз» — өзін-өзі бағалау

Үй тапсырмасы.

Интернет көздерін пайдалана отырып сұраққа жауап беру: «Спирулина туралы қосымша ақпарат жазу. Экономикалық тұрғыдан тиімді ме?».

Кері байланыс

«Чемодан-еттартқыш-себет»

Қосымша 2

6 сұрақ жазылған үлестірме материалдар

Қосымша ақпарат
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

  • «Мақсат бойынша саралау» сабақты жоспарлаудан бастау алып, барлық, басым көпшілігі, кейбір оқушылар үшін қол жетімді тапсырмаларды орындауға бағытталған;
  • «Нәтиже немесе жауап бойынша саралау» түрі топтарға бірдей тапсырма берілгенімен, түрлі деңгейдегі жауап қайтарылады және қабылданады;
  • «Деңгейлік тапсырма бойынша саралау» сабақтың соңында берілетін тапсырмада көрініс алады.Бастапқы тапсырма жеңіл болғанымен деңгейі біртіндеп күрделенеді. Осыған байланысты балалардың қабілеттеріне қарай сараланады;
Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?

«Жарық жұлдыз»

«Бір сөйлеммен түйіндеу»

«Чемодан-еттартқыш-себет»

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Топтық ережені сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқытуды да оқуға қатысты)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Қосымша 1.

Қосымша 2.

  1. Биотехнология деген не?

  2. Биотехнология әдісі қашан қолданылады?

  3. Биотехнология әдісі қандай салаларда қолданылады?

  4. Биотехнология әдісін неге қолданады?

  5. Биотехнология әдісі арқылы қандай өнімдер алады? Олар экономикалық тұрғыдан тиімді деп есептейсіз бе?

  6. Биотехнология әдісі арқалы қандай ғалымдар жаңалық ашты?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.