Жаңа сабақтар

Алтын күз

Жамбыл облысы, Талас ауданы, «Еркетай» бөбекжай бақшасының
бейін бойынша оқытушысы Жанатаева Динара Есенбековна

Алтын күз

Тәрбиеші: — Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар! Еліміздің байлығын арттырар берекелі де, мерекелі күз мезгілі келді. Сары алтындай сары күз, мезгілі себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Сіздерді өлкемізге келіп жеткен күз мерекесімен құттықтаймыз! Ендігі кезекте «Нұршуақ» тобының «Алтын күз» мереклік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!

Тәрбиеші: —Ал, қанекей балалар, орнымыздан тұрып, бізге келген қонақтармен сәлемдесіп алайықшы.

Балалар: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге

Бас иеміз біз.

Хор: «Күз тамаша»

Ән: «Гүл». Орындайтын : Кәусар, Іңкәр, Ақсезім

Тәрбиеші:-Балалар құлақ түріп тыңдайықшы қандай дыбыстар шығып жатыр? Жаңбыр жауып, жел тұрып кетті ғой. Жан-жақтарыңа қараңдаршы, бізге қарай кім келе жатыр?

Балалар:- Күздің белгісі.

Тәрбиеші: —Дұрыс айтасыңдар, балалар. Күздің белгісі екен. Бізге «Күз ханшайымы» келіп қалыпты. –Сәлеметсіз бе, «Күз ханшайымы» Қош келдіңіз!

Күз ханшайымы:- Сәлем менің достарым!

Өмірге көп қосқаным.

Күз сыйлығын алыңдар

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар!

-Балалар, мен сендердің күз мерекесін тойлап жатқандарыңды естіп, сендердің әндеріңді, тақпақтарыңды, тыңдап, билеріңді тамашалағым келіп көруге келдім.

Тәрбиеші:- Күз ханшайым, олай болса, біздің балалардың өнерлерін тамашала»

Ән: «Болайықшы осындай» Мансұр, Жантөре, Бейбарыс.

Тәрбиеші: —Күз ханшайым, қарашы, біздің балалар өзіңе арнап күз мезгілінде жинайтын жеміс- жидектердің тақпақтарын саған арнап жаттап келіпті. Қанекей, балалардың тақпақтарын тыңдайықшы.

Алинұр: Нарттай қызыл алма бар,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Айсана: Тіл үйірген алмұртпын,

Таңғысындай бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Балауса: Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып,

Тұрған ал мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.

Кәусар: Шиемін мен шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін.

Ақсезім: Жапырақты таласып,

Өсетін жері бау-бақша.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты-Құлпынай!

Мансұр: Картоп біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Біз тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Жасмин: Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Күз ханшайымы: — Мен бүгін ата-аналармен, балалармен ойын ойнағым келіп тұр. Мына шарларды ата-аналар дәлдеп жаруы керек. Бұл шарлардың ішінде балаларға арналған сұрақтар бар.

  1. Қазір қай мезгіл?
  2. Күз мезгілінде қанша ай бар?
  3. Балабақшаға қанша күн келесің?
  4. Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Тәрбиеші: —Күз ханшайымы, рахмет саған! Енді біздің балаларымыздың билері мен әндерін тамашала.

Ән: «Той жыры» Айсана

Би. «Қолшатыр»

Тәрбиеші. –Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ сары алтын

Айналаның бәрі алтын,-дей келе балаларымыздың күз мерекесіне арнаған тақпақтарын тыңдайық.

Нұрислам: Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Айдын. Көбейді құт- береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз!

Жұлдызай: Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Шах-Сұлтан. Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге

Қызық көп күзде.

Қарақат: Келді міне, алтын күз,

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді есімен

Таңдандырып халқын күз.

Айдана: Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Дамир: Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Судырап түседі.

Нұрбақыт: Аспандағы салғырт бұлт

Жан-жақты жабады.

Күн бірте суытып,

Жауын көп жабады.

Медина: Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқып жүр.

Ән. «Жас дәуірдің түлегіміз» Балауса, Ақсезім, Нұрсая, Кәусар.

Тәрбиеші: —Балалар, қараңдаршы бізге қонақ келіпті. Кім екенін сұрайықшы. Сіз кімсіз, біздің балалар сізді танымай тұр?

Білімпаз:-Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен-Білімпазбын. Кітапты көп оқимын. Көп нәрсе білемін. Мен сендердің Күз мерекесін тойлап жатқандарыңды естіп, өнерлеріңді тамашалап, сендермен ойнағалы келдім.

Тәрбиеші. –Білімпаз, онда біздің балалардың өнерлерін тамашала.

Ән: «Во поле береза стояла» Кәусар.

Білімпаз: —Қане, балалар, мен сендердің білімдеріңді тексергім келеді.

-Балалар, мен тақтайшаға сандарды іліп қоямын. Сендер орындарын тауып қойыңдар.

Тәрбиеші: -Балалар, қане, білімпазға білімімізді көрсетейік.

Балалар, 10 ға дейін тура санайықшы, енді орыс және ағылшын тілінде санайықшы.

Білімпаз:- Керемет, балалар көп нәрсені біледі екен. Балалар, білімдерің арта берсін. Менің енді қайтатын уақытым болды. Сау болыңдар.

Тәрбиеші. Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Ендігі кезекте балалардың әніне берйік.

Ән: «Күз» Іңкәр, Қарақат, Жантөре, Нұрсая, Жасмин.

Рамазан: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Іңкәр: Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Бейбарыс: Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық атын тау.

Жантөре: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

Азамат: Күзім, күзім, күзім,

Пісті алма, жүзім.

Тұрғандай бәрін күз беріп,

Кел, алайық біз теріп.

Хор: «Күз жомарт»

Күз ханшайымы:- Рахмет балалар, сендердің менің мерекеме арнаған өнерлерің өте тамаша екен. Өнерлерің өрге жүзсін. Мен енді басқа балабақшадағы балаларға барайын. Қош сау болыңдар!

Тәрбиеші:- Сау болыңыз Күз ханшайымы.

Балалар: —Сау болыңыз!

Тәрбиеші: Тілерім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді

Алтын күз береке, бірлік ала келді.

-Бүгінгі балаларымыздың дайындаған «Алтын күз» атты ертеңгілігі осымен аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше қош-сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.