Жаңа сабақтар

Турдугулова Дильмара Шеризатовна

ШҚО, Семей қаласы «А. Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Турдугулова Дильмара Шеризатовна

Сабақтың тақырыбы: «Алтын сақа» ертегісі
Сабақтың білімділік мақсаты: «Алтын сақа» ертегісі бойынша алған білімдерін пысықтау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: ертегіні мазмұндау және талдай отыра ойларын тиянақты жеткізе білуде ойлау шеберліктерін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: ертегіні оқи отыра қазақ әдебиетінің бай мұрасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: мұғалім сөзі, сұрақ — жауап, салыстыру
Жұмыс түрлері: топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер
Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру:
1) Сәлемдесу;
2) Оқушыларды түгелдеу
II. Қайталау
Сұрақтар:
1) Халық ауыз әдебиетінің түрлері қандай?
2) Ертегілердің жанрларын атаңдар
3) Ертегі дегеніміз не?
4) Ертегілер бізге қалай жеткен?
5) Ертегілердің түрлерін атаңдар.
Өткен сабақта қандай ертегімен таныстық?
— Осы шығарма ертегінің қандай түріне жатады?
— Қиял — ғажайып, себебі, бұл ертегіде ғажайыптар, өмірде болмайтын оқиғалар кездеседі.
Оқушылар мысалдармен дәлелдейді.
1) «… Өкпе суға батып кетіп, жалмауыз кемпір болып шығады…»
2) «… Батыр қотыр тайды жүгендегенде қотыр тайдың ауруы жазылады…»
3) «… Кемпір бір тісін жұлып алғанда, аттың бір аяғы жұлынып түседі…» — Осының бәрі қандай көркемдегіш құралға жатады?
— Әсірелеу (гипербола)
Екі түлкі адамдардың мінезін, іс — әрекетін көрсетіп тұр.
— Пернелеу (аллегория)
«… Ат басындай алтын, көзі алақандай болу»
— Теңеу (сравнение)
III. Жаңа сабақ
1) Үйде алдын ала оқыған ертегінің мазмұнын орысша айтып беру.
2) «Алтын сақа» ертегісінің ішкі мазмұнына назар аудару.
Суреттер арқылы мазмұнын еске түсіру.
А) Жоғалған алтын сақа (қара сөзбен айтып беру)
Ә) Жалмауыз кемпір мен баланың кездесуі (рольдік оқу)
Б) Жалмауыз кемпір және екі түлкі (қара сөзбенайтып беру)
В) Жалмауыздан құтылу(оқу)
Енді ертегінің мазмұнын деңгейлік тапсырмалар арқылы қорытындылаймыз.
Негізгі деңгей «Алтын сақа» ертегісі бойынша кестені толтыру(6 — флипчарт)
Ертегінің түрі Кейіпкерлер Ертегі қалай басталады Ертегі қалай аяқталады
жағымды жағымсыз
Орта деңгей
1.«Алтын сақа» ертегісі қалай басталып, қалай аяқталады? Орыс ертегілерімен салыстыр
2. Ертегілер неге жақсылықпен аяқталады? Ойыңды дәлелде.
Ортадан жоғары деңгей
«Алтын сақа» ертегісін неге қиял — ғажайып ертегісіне жатқызамыз? Ойыңды ертегі мазмұны бойынша дәлелде.
Жоғары деңгей
Ертегінің негізгі идеясы қандай? Дәлелдеп беріңіз.
Мұғалім сөзі: Қазақ халқының «Адам досымен, ағаш тамырымен мықты» деген мақалы бекер айтылмаса керек. Достарының көмегі арқасында бала өз мақсатына жетті. Ендеше, сендер де бір — бірлеріңнен достық көмектеріңді аямауларың керек.
Үйге тапсырма: 1. Ертегіні мазмұндау 2. Ертегі бойынша сурет салу
Қорытынды: Оқушылардың білімін бағалау.


Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.