Жаңа сабақтар

Қалнияова Ақжазық Бекаралқызы

Қызылорда қаласы № 23 мектеп-лицейдің педагог – психологы

Қалнияова Ақжазық Бекаралқызы

Тақырыбы: «Жетістікке жету жолы» атты психологиялық тренинг

Психологиялық тренинг мақсаты:

Оқушыға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау. Сонымен қатар жеткен жетістік негізінде өзіне деген сенімділікті дамыту, белгілі бір қиындықта, түлектерге жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру, сенімділікке үйрету , стресстік қалыптан арылу , бір – біріне деген қарым – қатынасын нығайту .

Қажетті құрал – жабдықтар : ақ парақтар , қаламсап, жапсырма қағаздар, үнтаспа.

Тренингтік ереже:

  • Тренингке берілген регламентті сақтау
  • Қатысушыларды тренингтік есімдерімен атау
  • Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу

Жоспары:

  1. «Досым, қалың қалай?» жаттығуы
  2. Қорқыныш туралы әңгіме
  3. «Қорқынышыңды суретте» жаттығуы
  4. «Пияз тазалау жаттығуы» жаттығуы
  5. «Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы
  6. Тыныс алу жаттығулары: «Терең тыныс алу», «Ха» жаттығуы, «Шкафты жылжыту» жаттығуы
  7. «Жеткен жетістік туралы көрініс» жаттығуы

Барысы:

  1. «Досым, қалың қалай?» жаттығуы .

Жаттығудың мақсаты: оқушылардың көңіл – күйін көтеру , бір – бірімен қарым – қатынасын нығайту .

Шарты : балалар дөңгелене тұрып , жұп – жұп болып , бір – біріне қарап жазылған сөйлемді аяқтайды . Яғни , сұрақты өз ойларымен толықтырады және екіншісі жауап береді .

2. Қорқыныш туралы әңгіме

3. «Қорқынышыңды суретте» жаттығуы

Мақсаты: өз қорқыныштарын жеңе білуге үйрету.

Оқушылар ақ параққа өз қорқыныштарын бейнелеп салады немесе суреттеп жазады. Одан соң парақты сол қолмен жоғары көтеріп, умаждауға тапсырма беріледі. Ал оң қолмен парақты ашу ұсынылады.

Талдау: жаттығуды орындау қиын болды ма әлде оңай болды ма?

4. «Пияз тазалау» жаттығуы

Мақсаты: Шын мәнінде өзінің кім екенін анықтау, ішкі «Менін» көз алдына елестету, мақсаты мен тілегін ұғыну.

Уақыты: 5 минут

Орындау технологиясы: Көзді жұмып, босаңсу. Көз алдыңыға үлкен, көптеген қабаттан тұратын пиязды елестетіңіз. Сыртында жұқа қоңыр қабық бар. Бұл қабық сіздің сыртқы бетпердеңіз, қоғамдағы мінез-құлық ережеңіз. Осы қабықты шешу арқылы өзіндік «Меніңізді» сомдайтын жаңа бейне бақылаңыз. Осы бейнені жай ғана бақылап, назар аударыңыз.

5. «Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы

Өзіңізден қарағанда ақ парақтың оң жағына өз проблемаларыңызды шатасқан жіп күйінде сурет етіп салыңыз. Кескіннің төменгі жағына «Менің проблемаларым» деп жазыңыз, немесе оны нақтырақ айтқызуға болады. Кескін сол жағына төменірек өзіңіздің суретіңізді бейнелеңізде есіміңізді жазыңыз. Содан соң қайшы алыңызда шүйке жіп, яғни проблемаларыңызды қиып тастаңыз. Сіздің көрнекті түрде көзіңіз жетті: проблема жойылып кетті. Қайшының жүзі арқылы оны бір сәтте қиып тастадыңыз. Атап айтқанда, туындаған қиын жағдайларды жеңіл шешуге болатындығын дәл осы іс-әрекет миыңызға көмектеседі!

6. Тыныс алу жаттығулары

6.1. Дем шығару жаттығуы

Тік тұру, аяқты иық көлеміне қояды. Тыныс алу. Тыныс шығаруда еңкейіп, мойын мен иықты босаңсытып, қолды еденге дейін түсіреді. Терең тыныс алу, тынысты бақылайды. Осы жағдайда 1 мин тұрады. Осыдан кейін жаймен бастапқы қалыпқа келеді.

6.2. «Ха -тынысы» жаттығуы

Тік тұру, аяқ иық қалпында , қол кеуде бойында. Терең тыныс алып, қолды бастан асырып жоғары көтеру. Тынысты ұстап тұру. Демді шығаруда бірден еңкейіп, қолды төмен тастап, «ха» дыбысымен тынысты шығару.

6.3. «Шкафты жылжыту» жаттығуы

Қолымен кіндіктен жоғары күшті шығару, бар күшпен шкафты итергендей іштен итеріп шығару

6.4. Қолыңызбен жағыңызды қысыңыз. Оны саусақтарыңыздың басымен қармалаңыз (бұл жаттығу жақтарын қысып алатын, тістерін қайрайтындарға жақсы көмектеседі). Жақтарыңызды қатты қысыңыз да, аузыңызды кеңінен ашыңыз. Республика сарайының сахнасында тұрмын деп есептеңізде «Аааааааааааа!» деп айтыңыз.

Талдау: Сіздер қандай сезімдесіздер? Қандай әсер алдыңыздар?

7.«Жеткен жетістік туралы көрніс» жаттығуы
Мақсаты:
Жеткен жетістік негізінде өзіне деген сенімділікті дамыту.

Уақыты:5 минут

Жаттығудың психологиялық мәні: Сәттілік адамға күш қуат береді. Сондықтан қаір өзіңізді үлкен жетістікке жеткен адам ретінде сезініңіз, ол өіңізге сенімділікті күшейтеді.

Тапсырма: Өзіңізге ең басты қандай жетістік екендігін есіңіге түсірудесіз – ЖОО-на түсу, атақты жұлдыз болу, көлік алу т.с.с.

Тұлабойыңыз босаңсуда, көзіңізді жұмып осы мақсатқа жеткеніңізді елестетіңі. Оған жету кеіндегі қанағаттану мен сезімді елестетіңіз.Бойыңыда рухыңыздың асқақтап, ішкі күш – қуатыңыз оянғанын, өзіңе сенімділік пен кез келген жағдайды басқара алу қабілетін сезіну. Слсын жақындарыңыз сізді шын жүректен құттықтап (телефон арқылы, үйіңіге келіп, хат арқылы) жатқанын елестетіңіз. Жылуды сезініп, өзіңізге бағытталған мақтау сөзбен бойыңызды толқуды сезінесіз. Олар сізге өте сәтті, табыста адам екеніңізді айтуда. Және сіз өзіңізді тамаша сезініп, кез келген жағымды әрекетті жасауға қабілетті екеніңізді байқаудасыз

«Рефлекция» жаттығуы

Уақыт: 5 минут

Тренинг және өзіңіздің ішкі сезіміңіз туралы ой бөлісу. Топтағы жұмысыңыз қаншалықты көңіліңізден шықты.

Қорытынды

Сездірмей жүрген,

Тек өзім білген,

Бір сенім бар

Жоғалмас мүлдем.

Сол сенім барда

Асығам алға,

Ақ тілегім

Биікке самға!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.