Жаңа сабақтар

Файлдар мен бумалар

Сабақ: Ақпараттық техногология негіздері

Мұғалім: Серикова Гүлнұр Срғабайқызы

Күні:

Сынып: 3 «А»
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Файлдар мен бумалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.2.2. компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;
3.1.2.3. файл және бума ұғымдарын түсіндіру;
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: Компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану, файл және бума ұғымдарын түсіндіру
Оқушылардың басым бөлігі: Файл мен бума атауларының ережелері мен шектеулерін білу, түсіну
Кейбір оқушылар: Нысандарға (файлдар мен бумалар) атау беру және бума жасау
Бағалау критерийлері
Компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдаланады, файл және бума ұғымдарын түсіндіре біледі;
Файл мен бума атауларының ережелері мен шектеулерін біледі, түсінеді;
Нысандарға (файлдар мен бумалар) атау береді және бума жасай алады;
Тілдік мақсаттар

Ашу – открыть – open
Сақтау – сохранить – save
Файл – файл – file
Бума – папка – folder
Файлдардың кеңейтілімі ағылшын тілінде жазылады

Құндылықтарға баулу

Мәдениеттілікке баулу (өзгелердің жұмысы бар файлдарды, бумаларды рұқсатсыз пайдаланбау).
Құндылықтарға баулу сабақ барысында іске асырылады.

Пәнаралық байланыс
Ағылшын тілімен байланыстыру (файл, буманың ағылшынша атауы)
Математика пәні (файл, бума атауында пайдаланылатын символ ұзақтығы)

Алдыңғы білім

Компьютердің құрылғылары (негізгі және қосымша құрылғыларға нелер жататындығын анықтап айтып беру)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы

2 минут

2 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Ыстық алақан». (Оқушылар қол ұстасып тұрып, бір-біріне жақсы лебіз білдіреді).
«Түстер» арқылы оқушыларды 2 топқа біріктіру.
«Сәйкестендіру» арқылы өткен тақырыпты пысықтап өту:
тышқан (тінтуір)
пернетақта
монитор
дыбыс колонкалары
жүйелік блок
принтер
(Оқушылар суретке тиісті сөзді сызықтың көмегімен қосады).
Дескриптор:
Компьютердің құрылғылары туралы білімдері толыға түседі.
Қалыптастырушы бағалау (смайлик арқылы).

Түрлі-түсті қағаз

Суреттер

Сабақтың ортасы

3 минут

10 минут

5 минут

3 минут

5 минут
«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып, анықтаймын:
Адам ақпаратты қайда сақтайды?
Қажетті ақпаратты ұмытпас үшін нені қолданамыз?
Керекті, бағалы ақпарат жазылған қағазды қалай атаймыз?
Қажетті заттарымыз бен қағаздарымызды біз қайда сақтаймыз?
Компьютер программаларында сақталған құжат файл деп аталады. Файл (file) – ақпаратты компьютердің жадында сақтайтын, атауы бар құжат. Файлдың атауы екі бөліктен тұрады: атауы және кеңейтілімі. Файлдың кеңейтілімі оның типін көрсетеді. Мысалы: .txt – text – мәтін.
Қажетті файлды ашу үшін оның үстінде тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шертеміз немесе оң батырманы басып пайда болған жанама мәзірден Ашу (Открыть) командасын таңдаймыз.
Ал файлды сақтау үшін Файл → Сақтау (Сохранить) командасын орындаймыз.
Кітапханада, оқу кабинеттерінде құжаттар бумаларға салынып, сөрелерде тұрады. Сол сияқты компьютердегі файлдарды жинақтап, бумаға салып қоюға болады. Бума – файлдар мен басқа да бумаларды белгілі бір тәртіппен сақтайтын орын.
Буманы құру үшін:
Жұмыс үстелінде (дискіде немесе басқа буманың ішінде) таңдап алынған орынға тінтуірдің оң жақ батырмасын басамыз;
Жанама мәзір арқылы Бума құру (Создать папку) командасын орындаймыз;
Буманың атауын жазамыз;
Enter пернесін басамыз.
1. Топтық тапсырма. «Қарлы кесек» әдісі. Оқушылар берілген бойынша қағазға сұрақ жазып, умаждап оны қарсы топқа лақтырады. Қарсы топ жауап жазып, кері лақтырады:
Файл деген не?
Файлдың атауы неше бөліктен тұрады?
Файлды ашу және сақтау үшін қандай командалар орындалады?
Бума деген не?
Дескриптор:
Файл жөнінде, оның атауы мен кеңейтілімі жайында біледі;
Файлдармен орындалатын әрекеттерді пайдалана алады;
Бума туралы, оның қызметін түсіндіре алады;
Бағалау. Бас бармақ арқылы.
2. Жұптық тапсырма. «Бір минуттық әңгіме» әдісі.
Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, өтілген тақырып аясында сұрақтар қояды. Мысалы:
Файлдың атауы неше символдан аспауы тиіс?
Файлдың атауында қандай символдар қолданылмайды?
Бума не үшін қажет?
Дескриптор:
Файл мен бума атауларының ережелері мен шектеулерін біледі, түсінеді;
Буманың қажеттілігін түсіндіре алады;
Бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы.
3. Жеке тапсырма. Практикалық жұмыс.
Жұмыс үстелінде бума құрып, оған атау береді. Блокнот программасында «Өзгенің файлын немесе бумасын рұқсатсыз ашуға болмайды» деген мәтін жазып, оны өзі құрған бумада сақтайды.
Дискриптор:
Бума құрып, оған атау бере алады;
Файл құрып, оны бумада сақтай біледі.
Бағалау. Смайлик арқылы.

Суреттер

Сурет

Сурет

А4 парағы

Компьютер
Сабақтың соңы

5 минут
Кері байланыс.
Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен сабақты қорытындылау.

Файл Бума

Оқушылар осы екі атауға қатысты ортақ және ортақ емес ұғымдар мен әрекеттерді стикерге жазып, диаграммаға жапсырады.
Бағалау.
Үй тапсырмасы.
Жұмыс үстелінде ретсіз орналасқан файлдарды қалай реттейді?
Ол үшін қандай әрекеттер жасай аламыз?

Плакат, стикер
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барлық оқушыларға «Қарлы кесек» әдісі көмегімен сұрақ беру арқылы сабақ мақсатына жету көзделуде.
Көптеген оқушыларға «Бір минуттық әңгіме» әдісі арқылы сабақ мақсатына сай қосымша білім беріледі.
Қабілетті оқушыларға жеке тапсырма беру арқылы практикалық жұмыс жасатамын.

Смайликтер арқылы

Бас бармақ көмегімен

«Бағдаршам» әдісімен

Компьютерде орындалатын қауіпсіздік ережелерін білу.
Компьютерде дұрыс отыруын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты оқу мақсатына сай құрылды. Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті. саралау өз дәрежесінде жүргізіліп, оқушылар өз деңгейінде бағаланды. уақыттан ауытқу 3-тапсырма барысында 1 минут артық болып, бірақ сабақ соңындағы қорытынды есебінен өз уақтысында аяқталды.

«БББ» кестесі арқылы рефлексия жасалады. оқушылар сабақта түсінгендері бойынша стикерге жазып кестедегі сәйкес орынға жапсырады.
Білемін
Білдім
Білгім келеді

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: «Қарлы кесек» әдісі тиімді болды.

2: Практикалық жұмыс

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: Тапсырманы дұрыс әдіспен таңдау.

2: Ресурстарды көп пайдалану

Сабақ барысында оқушылардың ынтасы, зейіні жоғары болды. тек кейбір оқушылар қабілетінің төмендігіне байланысты сабақты қабылдауы қиындықтар туғызды. Келесі сабақтарда осындай оқушыларға баса назар аудару қажеттігіне көз жеткіздім.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.