Жаңа сабақтар

Балтабаева Айман Вусурбаевна

ШҚО, Семей қаласы, Новобаженово ауылы «А. Ибраев атындагы жалпы

орта білім беретін мектеп» КММ Технология пәнінің мұғалімі Балтабаева Айман Вусурбаевна

Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау технологиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға құрақ құрау технологиясы, оның тарихы, түрлері мен қолданылуы жөнінде мағлұмат беру Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой — қиялын, икемділігін дамыту Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, төзімділікке, әдемілікті сүйе білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: білім мен іскерлікті игеру

Сабақтың әдісі: көрсете түсіндіру, ой қозғау, тыңдау, салыстыру, сұрақ — жауап.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, плакат, буклет, құрақтың түрлері, тірек сызбалар,

Пәнаралық байланыс: тарих, сурет, геометрия
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару, сынып тазалығын тексеру.
  2. Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру

II Үй тапсырмасын тексеру. Қызығушылық ояту

  1. Талшық неден алынады? 2. Тұрмыста мата не үшін керек? 3. Жіп неден алынады?
  • Өткен сабағымызда қандай тігіс түрімен таныстық? 5. Көктеу тігісінің ерекшелігі неде? 6. Мата неден тоқылады?

  • III Жаңа сабақ. Құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі.Құрақ көрпешелердің әрбір бөлшегі геометриялық фигуралардан тұрады.Олар: шаршы, трапеция, ромб, пирамида, тік төртбұрыш т.б. Құрақ құрау екі мақсатты көздейді.

    1. Матаның қиындыларын іске ұқсату
  • Үлкен сәнділікке баулу, матадан әр түрлі фигуралар жасай отырып , қиылыстырып бір бұйым жасап шығару.

  • Құрақтан әр түрлі құрақ көрпеше, дорба, түскиіз, аяққап, ыдыс қойғыш, төсеніш тіккен. Қазіргі кезде де қолданыстан шыққан жоқ. Оны диванға, орындыққа төсеніш ретінде пайдалануға болады. Құраққа қойылатын талап біреу — ол мата бөлшектерінің симметириялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Құрақтың түрлері төрт топқа бөлінеді:

    1. Табиғат 2. Жануарларға 3. Геометриялық 4. Аспан әлемі

    Конус Жасыл Сырмақ

    Трапеция Қызыл Төсеніш

    Ромб Көк Көрпеше

    Үшбұрыш Сары Жастыққап

    Технологиялық карта. Құрақ көрпеше тігу

    Жұмыстың орындалуы Қажетті заттар
    1. Материал дайындау Мата қиындысы
    2. Үлгісін дайындау Қайшы, картон
    3. Құрақты қырқып дайындау Қайшы, бор, үлгі
    4. Көктеу, тігу Тігін машинасы, ине — жіп
    5. Тұмарша дайындау Мата қалдығы
    6. Көрпешені астарлау Ине — жіп, мата
    7. Бұйымды мақта салып аяқтау Мақта, ине — жіп

    Тапсырма. Кластер жасап, талдаңдар:

    Сергітy сәті. «Ақылдың алты қалпағы»стратегиясы бойынша сіздерге мәтін беремін, сол мәтінге тақырып қойып талдау жасаймыз.

    1. Ақ — жақсы қырын айтады 2. Қара — даттайды 3. Сары — не үшін? деген сұраққа жауап береді
  • Қызыл — пайдалы жағын айтады 5. Көк — зиянды жағын айтады 6. Жасыл — Не? деген сұраққа жауап береді

  • Құрақ құрау ойыны. Ойын сұрақтары:

    1. Құрақ құрастыру реті 2. Тұмарша қалай дайындалады? 3. Қажетті құрал — жабдықтар?
  • Құрақ оның түрлері? 5. Құрақ тіккенде қандай қауыпсіздік ережесін сақтайды?

  • IV Қорытынды. Сұрақтар:

    1. Құрақ қандай бұйымдар жасауда кеңінен қолданылады?
  • Құрақ құрауға арналған құрал — жабдықтарды атаңдар?

  • Құрақ сөзінің қандай мағыналары бар?

  • Құрақтың қандай түрлері бар?

  • Құрақ құрау кезінде қандай талаптар қойылады?

  • V Үйге тапсырма:құрақ түрлерін тігіп үйрену

    VI Бағалау


    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.