Оразгулова Жанар Жандуллаевна

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 8 ЖОББМ КММ

Химия пәнінің мұғалімі Оразгулова Жанар Жандуллаевна

9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Металдардың және табиғи ортадағы және адам ағзасындағы маңызы

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Оқушылардың топпен жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, металдардың табиғи ортадағы және тірі организмдер үшін маңызын ашу.

Ә) дамытушылық: Өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың өздігінен жұмыс жасау, ойлау, есептеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Пәнаралық, пәнішілік байланыстарды жүзеге асыру.

Б) тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Cабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: топтастыру, ой тастау, түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы слайдтар, металдардың электрохимиялық кернеу қатары, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың суда ерігіштік кестесі, химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. ( 2 мин)

2. Қызығушылықты ояту кезеңі. (10 мин)

2.1. Бұрынғы білетінмен жаңа білімді ұштастыру.

2.2. Ой шақыру стратегиясы.

3. Мағынаны тану сатысы. (20 мин)

3.1. «Түртіп алу» стратегиясы.

3.2. Оқушылардың топтық жұмыстары.

3.3. Деңгейлік тапсырмалар.

3.4. Ойлан, тап!

4. Ой толғаныс кезеңі. (10 мин)

4.1. Негізгі идеяны суреттеу стратегиясы.

4.2. ВЕНН диаграммасы.

4.3. БҮҮ кестесін толтыр.

5. Үйге тапсырма беру. (2 мин)

6. Бағалау. (1 мин)

1.Ұйымдастыу кезеңі: Сынып бөлмесінің тазалығын, сабаққа дайындығын, оқушылардың сабаққа қатысуын, борды, оқу құралдарының түгелдігін тексеру.

2. Қызығушылықты ояту кезеңі:

2.1. Бұрынғы білетінмен жаңа білімді ұштастыру.

1.Актив металдардың аталуы және периодтық жүйедегі орны.

  1. Ең қиын балқитын және ең оңай балқитын металдарды ата.
  2. Ең ауыр,ең жеңіл, ең жұмсақ, ең қатты металдарды ата.

4.Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсет. 2Mg0+ O02 = 2Mg+2 O-2

  1. Шойын мен болаттың айырмашылығын түсіндір.
  • Металдардың жемірілуі деген не? Тұрмыстағы металдардың жемірілуіне мысал келтір. Жемірілумен күресу жолдарын ата.

  • Қыста қала көшелеріне мұздың үстіне тұз шашу, жер асты құбырларына қандай зиянын тигізуі мүмкін?

  • Неге жаңбыр суы жұмсақ, өзен суы кермек болады? Кермектікті қалай жояды?

  • Металдардың химиялық қасиеттері.

  • Ең жеңіл газ. Ол жер бетінде бос күйінде кездесе ме? Неліктен?

  • 2.2.Ой шақыру стратегиясы. Оқушының өз ойын тұжырымдауы

    1-топ. Адам ағзасындағы металдар және олардың маңызы.

    2-топ. Металдардың қоршаған ортадағы және адам өміріндегі маңызы.

    3-топ. Ауыр металдардың адам ағзасына зиянды жақтары.

    Интерактивті тақтадан видеокөріністер көру арқылы және үйден орындап келген рефераттарын пайдаланып, оқушылардың өз ойларын тұжырымдауы, топтық жұмысты қорғауға дайындалуы.

    3. Мағынаны тану сатысы:

    3.1. «Түртіп алу» стратегиясы Сабақ барысында «түртіп алу» кестесін толтырып отырады.

    «+» «-» «!» « ?

    3.2. Негізгі идеяны суреттеу стратегиясы: Негізгі идеяны суреттеу үшін оқушылар топ болып, өздеріне берілген тапсырмаларды орындап, қорғайды.

    Топтық жұмыс

    1-топ. Адам ағзасындағы металдар және олардың маңызы.

    2-топ. Металдардың табиғи, қоршаған ортадағы және адам тіршілігіндегі маңызы.

    3-топ. Ауыр металдардың биосферадағы зиянды жақтары.

    3.3. Сандық есептер:

    1-есеп: Әктастың CaCO₃ құрамындағы металл кальцийдің массалық үлесін есепте.

    2-есеп: Мына металдардың қайсысы улы, қайсысы «тіршілік металы», қайсысы «бекзат» металл?

    а) натрий ә ) мырыш б) күміс

    Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын пайдаланып, олардың тұз қышқылымен әрекеттесу теңдеулерін жаз.
    3-есеп: 5 грамм алюминийдің оттекпен әрекеттесу теңдеуін жаз. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсет. Түзілген алюминий оксидінің массасын тап.

    3.4. Ойлан, тап!

    1-топ. Ребусты дұрыс шешіп, металдың атын оқу. Ол металдың периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама беру.

    2-топ. Сөзжұмбақты шешу. Ол элементтің электрон, протон, нейтрон сандарын табу.

    3-топ. Жұмбақты шешу. Ол элементтің электрондық формуласын жаз.

    4. Ой толғаныс кезеңі:

    4.1. Негізгі идеяны суреттеу стратегиясы:

    а) Бүгінгі сабақтағы негізгі ойды тап.

    б) Бүгінгі сабақты тұжырымдайтын бір шумақ өлең жазу.

    4.2. ВЕНН диаграммасы. «Тіршілік металдары және улы металдар» тақырыбындағы ВЕНН диаграммасын орында.

    4.3. ББҮ кестесін толтыр. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша орындап отырған кестелеріңді пайдаланып, «Білемін», «Білгім келеді». «Үйрендім» кестесін толтырыңдар.

    5. Үйге тапсырма беру:

    1. Металдар және олардың қосылыстарының қолданылуын, маңызын сипаттайтын эссе және бір шумақ өлең жазып келу.

    1. Жаңа ашылған элементтердің реттік нөмірін, электрон, протон, нейтрон сандарын табу.

    6. Бағалау: Критериялды бағалау.


    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше