Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасының дене тәрбиесі нұсқаушысы
Джаксыбаева Улмекен Джаксыбаевна
Технологиялық карта Екінші кіші топ
Тақырыбы: «Ойыншықтыр әлемі» _ «Ойыншықтыр» өлеңін жаттау
Білім беру салалары:___ «Қатынас» _ «Таным»___________
Бөлімі: _______Көркем әдебиет________________________
Мақсаты: Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, олардың атын атау арқылы тақпақтар айтуға,сипаттауға баулу. Балалардың тілін, ой-өрісін, сөйлеу мәнерін дамыту. Ойыншықтар қандай материалдан жасалғанын ұғындыру.Ұқыптылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.______
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: _Сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелесу, тақпақтар жаттау.
Әдіс – тәсілдер:_Көрсету, түсіндіру, үйрету, әңгімелеу, баяндау,сұрақ – жауап,ойын.____
Қажетті көрнекі құралдар: __Проектор,слайд, ойыншықтыр, қораптар,үнтаспа, компьютер.____
Билингвальді компонент: Ойыншық – Игрушка.
Іс – әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс – әрекеті | Балалардың іс – әрекеті |
Себептік қызығушылығын ояту кезеңі | Осы жерде отырған қонақтармен амандасып алайық:
Сәлеметсіздерме, қо Жылулық шеңбері. Балалар бүгінгі күнге тілегімізді айтайық:
|
Балалар тәрбиешілермен амандасады.
Балалар шеңбер бойына тұрып жылы сөздер айтады. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Кіріспе әңгіме.
Балалар, айналаға қараңдаршы, бұл жер ғажайып бір ойыншықтар әлемі ғой. Мына әдемі қораптарда не бер екен? -Қане, ашып көрейік. Бұл не? Дұрыс айтасыңдар. Бұл машина. Машина туралы тақпақ білесіңдерме? Ал мынада не бар екен?Бұл не? Допқа қатысты тақпақ білесіңдерме? Үшінші қорапты ашайын енді. Бұл не? Мына қуыршақтың беті қолын қараңдаршы, қандай лас. Үстінде киімі де жоқ. Қуыршақпен кімдер ойнайды? Қане, қыздар мына қуыршаққа қамқорлық жасайық мына қорапшада көмекші құралдар да бар екен. Балалар, ойыншықтар алуан түрлі болады, және олар әр түрлі материалдан жасалынады. Яғни, ағаштан, темірден, резеңкеден, пластмассадан, матадан. Темірден, ағаштан, пластмассадан жасалған ойыншықтар қатты, ал резеңкеден, матадан жасалғандары жұмсақ болады. Олармен өте ұқыпты ойнауымыз керек.Тәрбиеші көрнекі ойыншықтарды көрсете отырып түсіндіреді. Ал қазір мен сендермен «Сипаттап бер» деген ойын ойнағым келіп тұр. Ойын «Сипаттап бер» Сендердің қолдарыңда да ойыншықтарды көріп тұрмын, сүйікті ойыншықтарың туралы әңгімелеп беріңдерші. Жарайсыңдар, өте ұқыпты, қамқор екенсіңдер. Ой, балалар тағы бір қорапты байқамай қалыппыз ғой. Қане, ашып көрейік. Бұл қорапта не тығылып жатыр екен? Ал қазір қоянмен байланысты сергіту сәтін жасап жіберейік бойымызды жазып. Сергіту сәті: Ұзын құлақ, сұр қоян. Естіп қалып сыбдырды Ойлы, қырлы жерлермен, Ытқып,ытқып жүгірді. Қарап еді артына Қиығын сап көзінің, Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің. Бүгін біз «Ойыншықтар» атты жаңа тақпақ жаттаймыз: «Ойыншықтар» Ойыншықтар көп екен, Бірге ойнайық, балақай. Көгорай шалғын көк екен, Жарысайық, алақай! Сұрақ – жауап арқылы әңгімелеу. —Осы өлең жолдарында не жайлы айтылған? -Сендерге өлең ұнады ма? -Сендерде ойыншықтар көппе? Ойын ойнауға қалай қарайсыңдар? Ендеше мен іс-әрекеттерді айтамын, ал сендер «Болады, болмайды!»-деп жауап бересіңдер. -Ойыншықтарды шашуға… -Орындарына жинауға… -Қуыршақтың киімін жыртуға… -Досыңмен бөлісіп ойнауға… -Дөңгелегін жұлуға… Өте жақсы, сендер ақылды балалар екендеріңді дәлелдедіңдер. Билингвальді компонент: Ойыншық – Игрушка Ғажайып тақтаға назар аударыңдаршы, бұл суреттерде ойыншықтар және олардың көлеңкесі бейнеленген. Жоғарыдағы ойыншықты атап, астыңғы қатардан соның көлеңкесін табуларың керек.Қане, кім шығады? Ойын «Көлеңкесін тап» |
Жан-жақтарына қарайды.
-Машина. Балалар тақпақ айтады. -Доп. Тақпақ айтады. -Қуыршақ. Таңырқап қарайды. -Қыздар ойнайды. Қыздар беті, қолын сүртіп киіндіреді. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар көздерін жұмып дорбаға қолын салып қандай ойыншық ұстап тұрғанын атап айтады. Әр бала ала келген ойыншығы туралы әңгіме айтады. -Қоян. Сөздерін қайталап тұрып қимылдар жасайды. Қайталап айтады. Ойнауға дайынбыз. Көңілді ойнайды. Қайталап айтады. Балалар тақтаға шығып,ойынды ойнайды. |
Іс – әрекеттің бағалау кезеңі | Қорытындылау:
-Бүгін біздер не туралы айттық? -Ойыншықтармен қалай ойнау керек? -Ойнап болған соң оларды шашып кете беруге болама? -Ойыншықтар қандай материалдардан жасалады дедік? -Бүгінгі тақпақты маған кім айтып бере алады? |
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп, қорытындылайды. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: өзіне қойылған талаптарды орындайды.
Түсінеді: ұқыптылықпен, мейірімділікпен қарау керектігін түсінеді
Қолданады: жаңа тақпақты жаттайды.