Жаңа сабақтар

Шингисова Райгүл Ерқанатқызы

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы «Айналайын» бөбекжай-бақшасы.
«Еркемай» ортаңғы тобының тәрбиешісі Шингисова Райгүл Ерқанатқызы

Ұйымдасқан оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Достық мерекесі» («Тілеріміз бейбіт күн» өлеңін жаттау)

Мақсаты: Серікбай Оспановтың «Тілеріміз бейбіт күн» өлеңін мәнерлеп оқу, сөздердің мағыналарын ашып түсіндіру ; бәрі бірге қайталап жаттауға талыпну. Отанымызды сүюге, достыққа тәрбиелеп, түрлі ұлт өкілдері тұратын ауылдың тату-тәтті бірлігін мақтаныш ету;

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: мерекелік иллюстрациялар, «Бірлігі жарасқан-ауылым» атты слайд. Әртүрлі ұлттың киімін киген ауыл балаларының суреттері, жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар.

Сөздің жұмыс: құшағын ашу, тең басқан.

Билингвальді компонент : достық-дружба; тыныш-мирно; жалауша-флажок;

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері

Тату-тәтті бәріміз,

Бірге ойнап жүреміз.

Арайлап атқан алтын күнге,

Қуанып сәлем береміз.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Кіріспе әңгіме

-1 мамыр – халықтар достығының, ынтымақ мерекесі.

— Мерекелік шеруге барғанда қолымызға не ұстаймыз?

— Мерек күні не істейміз?

— Достық –барлық елдердің бірлігі, берекесі, татулығы. Еліміз тыныш болса, бәрі де жақсы болады. Біздің ауылда қазақ, татар, орыс, украин, шешен т.б ұлтының адамдары тату-тәтті ынтымақтастыққа өмір сүріп жатыр.

— Біз бүгін ақын Оспановтың «Тілеріміз бейбіт күн» өлеңімен танысамыз.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілеріміз бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан!

Сөздік жұмыс

Құшағын ашу сөзі-бәрін бірдей жақсы көру мағынасын білдіреді. Тең басқан сөзі барлық ұлттар тең, бірдей деген мағына білдіреді.

Билингвальді компонент:достық-дружба; тыныш-мирно; жалауша-ажок;

Сергіту сәті:

Достар бірге ойнаймыз,

Өзеннен балық аулаймыз.

Бірге бақша суарып,

Құс ұясын бұбаймыз.

Сұрақ-жауап

-өлең қалай аталады?

-бейбіт күн дегенді қалай түсінесің?

— Достық дегенді қалай түсінесің?

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Мақал жаттау:

Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

Дос болсаң, берік бол,

Досыңа серік бол.

Балалардың жауаптары.

-Шар, жалауша ұстап мерекелік шеруге барамыз

-Ән айтамыз, билейміз, сурет саламыз, ойнаймыз…

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды, жаттайды.

Сөздердің мағынасын түсінеді.

Қайталайды:

достық-дружба; тыныш-мирно; жалауша-флажок;

Балалар қимылмен көрсетеді.

Балалардың жауаптары.

Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

Балалар мақалды жаттайды.

Рефлексиялық-түзетушілік -Достық мерекесі күні сендерге несімен ұнайды?

— Ауылда достық мерекесі күнін қалай өткізесідер?

-Кімдермен қыдырасыңдар?

Балалардың жауаптары

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Достық мерекесі туралы өз түсініктерін атайды.

Түсінеді: Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет екендігін және онда түрлі халық тұратынын түсінеді.

Қолданады: Достық мерекесіне арнап тақпақ, өлең мақалдар айтады.


Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.