Алиханова Салтанат Базарбаевна

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Еңбекші ауылындағы орта мектептің

сызу және бейнелеу өнері пəнінің мұғалімі Алиханова Салтанат Базарбаевна

Cабактың тақырыбы: Кескіндеме өнерінің жанрлары

Сабақтың мақсаты;Білімділігі:оқушыларды кескіндеме (живопись) жанрларымен таныстырып, өнерге қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылығы:шығармашылық қабілеттерін қабылдау, сезімдерін дамыту.

Тәрбиелігі:әдемілікке, сұлулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі:суретшілер шығармалары, оқушылардың салған суреттері,үлестірме карточкалары,сурет салу құралдары, бояу заттары және т.б.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды белгілеу, зейін-ынтасын сабаққа аудару.Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

2.Өткен сабақты қайталауға арналған сұрақтар.

1.Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді?

2.Қазақ халқының ұлы суретшісі кім? (Ә Қастеев.)

3.Табиғат көрінісін тікелей бейнелеуді не дейміз? (Плэнер)

4.Суретті қағазда үйлестіру, орналастыру қалай аталады? (Композиция)

5.Аспан мен жердің қиылысқан сызығын не дейміз ? (Көкжиек)

  1. Табиғат көрінісін бейнелеген қазақ суретшілерін ата
  2. Жаңа сабақ.

Кескіндеме бейнелеу өнерінің негізгі және ең көп тараған түрі болып саналады.

Кескіндемені бояулармен қоршаған ортаның өмір шындығын әсерлі етіп бейнелеуде қолданылады.Кескіндеме шығармаларын қатты қағазда, қабырғаларда, ағашта, әйнекте,

металда, салуға болады.Мысалға, Мысырда ғалымдар осыдан 2мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар портреттерін салғандығын дәлелдеп отыр.

Кескіндеме өнерінің жанрлары:

Табиғат көрінісі (живопись) – табиғат әсемдігіін бейнелейтін өнер.

1.Портрет– адам келбетін бейнелейтін шығарма.

2.Натюрморт– жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейді.

3.Маринистік-су әлемін суреттейді.

4.Тұрмыстық-салт- дәстүрге , тұрмысқа байланысты бейнеленетін көркем шығарма.

5.Тарихи-белгілі бір тарихқа қатысты жанр.

6.Батальды-соғыс тақырыбына қатысты жанр.

7.Анималистік- хайуанаттар мен жануарлар дүниесін бейнелейтін жанр.

Қолданылатын орнына қарай мыналарға бөлінеді.

Станокты кескіндеме–белгілі қағазда, картонда, кенепте, тұғырда (станокта) орындалады.

Монументальді кескіндеме– зәулім сарай,ғимараттардың іші-сыртын безендіреді.Роспись,

Мозайка, фреска, т.б.

Миниатюралық кескіндеме– кітап мазмұнына байланысты салынатын суреттер.

Сәндік кескіндеме– үй жиһаздарын көркемдеу үшін қолданылады.

Кескіндеме орындалу техникасына қарай

Майлы бояу, фреска, құрғақ темпера,желім балауыз және шыңылтыр (эмаль) кескіндемесі

болып келеді. Әрине, суретшілер өз шығармаларында өмірдің таңғажайып сипаттарын, адамдардың бет келбетін, дауылды күнгі теңіздің сұсын, гүлдердің нәзік ажарын, әсіресе адамдардың тереңде жатқан тылсым сырларын ашуға ұмтылады.

ҚР танымал Қазақстан Халық суретшілерінің біразына тоқталып өтер болсақ, Олар Ә Қастеев,

Ә Ысмаилов, М Кенбаев, Қ.Телжанов, Х.Наурызбаев, С.Мамбеев,С.Роман, О.Таңсықбаев, Г.Исмаилова,К.Шаяхметов,Ү.Әжиев,Ж.Шарденов А.Ғалымбаева,Ы.Нұрмұхамедова,М.Аманжолов және т.б.

4.Сабақты бекіту,қорытындылау.

2-3 оқушы өнер шығармаларын өз беттерінше суреттеп айтып береді.

4-5 оқушы тест сұрақтарға жауап қайтарады.

Мысалға:1.Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарама.

а)табиғат көрінісі б)натюрморт в)тарихи жанр

2.Соғыс оқиғаларына қатысты салынған сурет.

а)карикатура б)графика в)батальды

3.Тарихи кезеңдерге байланысты бейнеленген көркем шығарма.

а)табиғат көрінісі б)композиция в)тарихи жанр

4.Жағымсыз кейіпкерді суреттеу

а)композиция б)колорит в)карикатура

5.Оқушылардың білімін бағалау.

6.Үйге тапсырма: Кескіндеме түрлерін меңгер, миниатюралық сурет сал.


Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше